Жұмысты таратпауды қатаң ескертемін! 024-2025 оқу жылы бойынша 34 тәрбие сағатына арналған жылдық тәрбие сағаты қмжсы сұрақтар болса 87053828847



бет26/52
Дата23.09.2024
өлшемі0,68 Mb.
#204960
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Байланысты:
2024-2025 ж бастауыш қмжсы тәрб

Тәрбие сағаты тақырыбы:
«Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар»
Сынып жетекші:

2024-2025 оқу жыл


(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:




Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

Құндылықты дарыту

Болашақ мамандардың қазақ халқының бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани – материалдық және мәдени құндылықтары төңірегіндегі танымын, рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейте отырып, өз өмірі мен кәсіби іс- әрекетінде ұлттық бала тәрбиесі тәжірибесін қолдануға баулу. Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы парызыдылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

ұлттық құндылығымыздың бастауы – тіліміз. Тіл жоқ жерде ұлт та жоғалады.  Тіл- бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі,тіл-бесік жыры. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген асыл қазына- тіл, мемлекеттігіміздің тұлғасы, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Аңызақ желге, сылдырлап аққан бұлақ суына құлақ тоссаң, бабалар үнін естисің, қобыз бен домбыра күйіне құлақ салсаң тағы да бабалар үнін естисің. Тіл арқылы тереңде жатқан тарихтың тағылымын, мәдениеттің, әдебиеттің ұлағатын танисың. Тіл- ар өлшемі. Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса тілге құрметпен қарау-рухы мықты, өткенімізді саралап, болашағымызды болжай білетін ұрпақ тәрбиелеу.







презентация

Сабақтың ортасы

«Тәрбие тамыры – ұлттық құндылықтарда»
Дәстүрің – дәулетің, салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырыңдемекші халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.
М.Әуезовтың «Ел болу үшін, бесігіңді түзе» деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол – тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз.









Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп Мағжан Жұмабаев атамыз жазғандай, бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді толғандырады.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі — ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті деп жатамыз.Сіздердің тілге деген көзқарастарыңыз қандай?







презентация

Мектеп атауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет