Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4



бет29/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz
10 class
38. «Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4:

1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:


«Сыбайлас қатысушылармен жасалған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жеке сыбайлас қатысушымен жасалмайды. Мұндай келісімге барлық сыбайлас қатысушылармен бір мезгілде жасалған жағдайда ғана жол беріледі.»;

2) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«8. Егер қылмыстық іс бойынша сот талқылауы барысында сотталушыдан немесе қылмысқа сыбайлас қатысушы болып табылатын барлық сотталушылардан кінәні мойындау туралы келісім жасасу туралы өтініш келіп түссе, онда сот ҚПК-нің 628-бабына сәйкес сот талқылауын тоқтатады және тараптарға оны жасасу үшін ақылға қонымды мерзім береді.
Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған жағдайда судья ҚПК-нің 64-тарауының қағидалары бойынша келісу іс жүргізуінде істі қарауды жалғастыру туралы қаулы етеді.»;

3) 22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:


«Егер сот басты сот талқылауы барысында жасалған процестік келісіммен келіспеген жағдайда, тараптарға жаңа процестік келісім жасауға уақыт береді. Тараптар процестік келісім шарттары бойынша келісімге келе алмаған жағдайда немесе сот жаңа процестік келісіммен келіспеген жағдайда, соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіппен жалғасады. Бұл жағдайда жаңа айыптау актісін жасау талап етілмейді.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет