Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы» 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4



бет30/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz
10 class
39. «Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы»
2012 жылғы 23 тамыздағы № 4
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2017 жылғы
31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар (бұдан әрі – соттар) төтенше жағдайлар кезінде және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтірулер туралы; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және ҚК-нің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде),
286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде) және 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін алқабилердің қатысуымен қарайды.
Төтенше жағдай кезінде және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтірулер туралы, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы; террористік және экстремистік қылмыстар туралы; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер, сондай-ақ ҚК-нің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қатысатын соттардың қарауына жатады.
Егер адам ҚК-нің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, олардың бірі бойынша іс алқабилер қатысатын соттың соттауына жататын қылмыс болып табылса, сондай-ақ, егер алқабилер қатысатын соттың қарауына жататын қылмыстық іс бойынша бірнеше адам айыпталып жатса және олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе, онда оларға қатысты қылмыстық істі қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 14-бөлімінде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі»;

2) 5-тармақта:


төртінші абзацтағы «қосалқы» деген сөз «дара» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Алқабилер туралы заң) 11-бабының 5-тармағына сәйкес алқабиге кандидат сотқа келуден дәлелді себепсіз жалтарған кезде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 655-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Алқабиге кандидаттардың өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін лауазымды адам ҚК-нің 436-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.»;

3) 6-тармақтың бірінші абзацындағы «жүргізіледі» деген сөзден кейін «, бұл ретте кандидаттар қатарынан алқабилерді іріктеу жабық сот отырысында жүзеге асырылады» деген сөздермен толықтырылсын;


4) 7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:


«Кандидаттар қатарынан алқабилерді іріктеу кезінде төрағалық етуші, сондай-ақ тараптар ҚПК-нің 639-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кандидатқа алқабилер алқасын қалыптастыру үшін маңызы бар сұрақтар қоя алады. Сұрақтар қою тәртібін төрағалық етуші айқындайды.»;

5) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:


«8-1. Сот отырысының хатшысы сот отырысынан тыс алқабилермен сот процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылауға құқылы»;

6) 9-тармақта:


екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚПК-нің 650-бабының бесінші және алтыншы бөліктерінде белгіленген шектеулерді қоспағанда, іс бойынша анықталған барлық нақты деректер алқабилердің қатысуымен зерттелуге жатады»;
жетінші абзацтағы екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;

7) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«13. Істі алқабилердің қатысуымен қарау кезінде тараптар судьяның рұқсатынсыз алқабилерге істе бұрын сот шешімімен шығарылған дәлелдемелердің бар екендігі туралы айтуға құқылы емес.
Судья ҚПК-нің 648 және 650-баптарын басшылыққа ала отырып, алқабилерді жол берілмейтін дәлелдемелермен таныстыру, сондай-ақ олардың құзыретіне кірмейтін мәселелерді зерттеу мүмкіндігін болдырмайтын қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Судья алқабилерді дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректермен таныстыруға тиіс емес. Егер сот талқылауы барысында
ҚПК-нің 112-бабына сәйкес дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректер анықталса, төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен оларды осындайлар қатарынан алып тастау туралы мәселені шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда оларды заңды күші жоқ деп тануға, ал оларды жүргізілген зерттеуді жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешім қабылдау кезінде оларды ескермеу керектігін түсіндіруге міндетті.
Егер сот отырысы барысында сотталушы өзіне алдын ала тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді (айғақтар беруге мәжбүрлеу, азаптау) қолданғаны туралы мәлімдесе, судья сотталушының айғақтарын алқабилердің қатысуынсыз зерттейді, ол көрсеткен адамдардан жауап алуды жүзеге асырады. Егер тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы фактілер расталмаса, сот бұл туралы алқабилерге хабарлайды.
Егер алдын ала тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді қолдану туралы фактілер расталса, судья осындай тәсілмен алынған дәлелдемелерді жарамсыз деп таниды.»;

8) 20-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:


«ҚПК-нің 656-бабының он төртінші бөлігіне сәйкес судья мен алқабилердің жауаптары бар сауалнама парағына олардың әрқайсысы қол қояды, содан кейін «сауалнама парағы» деген жазуы бар конвертке салынып және осы түрде іс материалдарына тігіледі.»;
9) 22-тармақта:
бірінші абзацтағы «Қылмыстық кодекстің ерекше бөлігінде көрсетілген» деген сөздер «ҚК-нің Ерекше бөлігінде көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «5-ден бастап 8-ні қоса алғанда және 14-тармақтарда» деген сөздер «5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарда» деген сөздермен ауыстырылсын;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет