Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
Бизнес-жоспарды әзірлеудің негізгі мақсаты – алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегия мен қажетті ресурстарды анықтау, әйтпесе нарықтың қажеттіліктері мен алу мүмкіндіктеріне сәйкес компанияның жақын және алыс кезеңдерге бизнесін жоспарлау. қажетті ресурстар.
Бизнес-жоспарды әзірлеудің басқа мүмкін мақсаттары: несие алу; инвестиция тарту; компанияның стратегиялық және тактикалық нұсқауларын анықтау; болжанған нәтижелерге қол жеткізудің шындық дәрежесін түсіну; белгілі бір тұлғалар тобына жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның жұмысын қайта ұйымдастырудың немесе жаңасын құрудың орындылығын дәлелдеу; жобада көрсетілген сапалық немесе сандық көрсеткіштерге қол жеткізуге болатынына компания қызметкерлерін сендіру.
Бизнес-жоспар іскерлік келіссөздерді жүргізу құралы ретінде де қолданылады.