Стратегия – ұйымның ұзақмерзімді мақсаттары мен міндеттерін анықтау, іс-әрекеттер бағдарламасын қалыптастыру және осы мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды бөлу. Білімнің жаңа моделі
Менеджмент -ұйымды басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Стратегия – ұйымның ұзақмерзімді мақсаттары мен міндеттерін анықтау, іс-әрекеттер бағдарламасын қалыптастыру және осы мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды бөлу.
Білімнің жаңа моделі – нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып нәтижеге жету.
Мақсат – іс-әрекеттің қажетті және болуы міндетті түпкі нәтижесі, белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі, мақсат ойлау нітижесінде болашаққа алдын ала жоспарлар құра білу.
Миссия – ұйым, кәсіпорын, мекеменің не үшін құрылғанын анықтау үшін атқарылатын міндетті іс, алға қойылған нақтылы мақсаттарды орындау үшін жұмыс жаау деңгейі.
Менеджер - ұйымдағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналыса отырып, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап беруші, ұйымдастырушы маман.