Бизнес-жоспарды әзірлеудің мақсаты - нарықтық қажеттіліктерге және қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіпорынның жақын және алыс кезеңдерге экономикалық қызметін жоспарлау.
Бизнес-жоспардың міндеттері:
кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын,оларға қол жеткізу стратегиясы мен тактикасын тұжырымдау;
кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, кәсіпорынның мақсатты нарықтарын және осы нарықтардағы орнын анықтау;
тұтынушыларға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің ассортиментін таңдау және көрсеткіштерін анықтау;
өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
нарықты зерделеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т. б. бойынша маркетингтік іс-шаралардың құрамын анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын және қолда бар қаржылық және материалдық ресурстардың қойылған мақсаттарға және т. б. қол жеткізу мүмкіндіктеріне сәйкестігін бағалау.
Бизнес-жоспар мынадай негізгі функцияларды орындайды, атап айтқанда:
o оның көмегімен кәсіпкер белгілі бір кезеңдегі қызметтің нақты нәтижелерін бағалай алатын құрал болып табылады;
o болашақта бизнес жүргізу тұжырымдамасын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін;
o қаржы ресурстарын алу құралы болып табылады; o кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы болып табылады.
Осылайша, бизнес-жоспар кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басым мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни кәсіпорынның жұмыс істеу стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспарлардың түрлері.
Кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрі және бизнес – жоспарды жоспарлау әдетте жаңа ой, яғни жаңа идеямен басталады. Жақсы идеямен кәсіпкерлікті жүргізу мүмкін емес. Жалпы алағанда, осындай идеяларды жүзеге асыру арқылы табысты бизнеске жетуге болады. Кәсіпкерлік және басқа идеялар, ол адамның ішкі ойлары, яғни ішкі қоздырғыш күштер – армандар, қажеттіліктер, құндылықтар.
Бизнес – жоспар кешенді, жалпылай құжат болып табылады. Ол басты қасиеттер тұрғысынан алып жобаны бағалайды. Жоба – бір бірімен өзара байланысты, жаңа тауар мен қызметті құру үшін жасалады. Жаңашылдық уақыт өте келе өз құндылығын жоғалтады, себебі сыртқы орта, тұтынушылардың жаңа өнімге деген сұранысы азаяды. Жаңа жобаны құру үшін шектеулі ресурстар қажет: материалдық, қаржылық, еңбек, техникалық.
Егер жоба бәсекелестік ортада құрылса, онда оның бизнес – жоспарда көрінуі қажет.
Бизнес – жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек. Өндірілетін тауарға (қызмет) деген сұранысты анықтау қажет. Нені сатамын, калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға жауап алу керек. Тұтынушылар тауарды (қызмет) қана емес, олардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды сипаттап алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті (маркетинг мамандары олады маркетинг комплексі, кешені дейді) тауардың өз қасиетін, оның бағасын, бірелген тауарға сұранысын қанағаттандырады және оның жөнелту орнын қосады.
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |