Жоба тақырыбы: су – тіршілік көзі секция



бет2/6
Дата24.07.2022
өлшемі99 Kb.
#147728
1   2   3   4   5   6
Пікір жазушы: К.Рысметов


Аннотация
Біз зерттеп бақылаған су әлемі – көпшілік үшін сирек кездесетін тақырып.
Ауылдағы су жайлы зерттеп, бақылау жасалды.
Шындығында, судың түсінінің кейде ақ болатынын өз көзімізбен көріп, тәжірбиелер арқылы тамашаладық.
Кітаптан, баспасөз материалдарынан, интернеттен қызықты да, танымдық құндылықтарды білуге мүмкіндік болды.

КІРІСПЕ


МӘСЕЛЕ:
Бір күн су болмай қалса, біз қиналып қаламыз. Ал болса, оны есепсіз төгіп-шашамыз. Оның қаншалықты пайдасы бар екеніне, сондықтан оны үнемдеп жұмсауға мән бермейміз.

МАҚСАТЫ:
Судың қаншалықты пайдасы барын оқып – білу.

МІНДЕТТЕРІ:

  • Суға қатысты материалдар жинастыру

  • Тапқан материалдарды іріктеп, жинақтау.

  • Су жайлы білімімді тереңдетуі


НЫСАНЫ: су

ПӘНІ: дүниетану

БОЛЖАМ: егер біз суымызды қорғап, таза ұстай білсек келешегіміз үшін қауіптенбейміз.

НӘТИЖЕСІ: жоба жұмысын рәсімдеу
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.
Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған.
Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күшіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Табиғатта қоспасы жоқ, тап– таза су дегенді таппайсың. Таза суды тек лабараторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Суды алғаш 1781-82 жыл ағылшын ғалымы Г.Кавендиш синтездеген.1783 жылы А.Лавуазье сутегі жанғанда оттегімен қосылып суға айналатынын дәлелдеді . 1785 жылы А. Лавуазье. француз ғалымы Ж .Мёньмен бірге судың сандық құрамын анықтады.
Сутегі өте кең тараған, ол барлық жерде: космос кеңістігінде, тұмандықтарда, жұлдыздарда, тіпті Күнде де кездеседі.Аса ғаламат қысым мен ондаған миллион градус температураның әсерінен сутегінде болатын өзгеріс Күннің жылуы мен жарық шығаруына мүмкіндік береді.
Су – О градуста қатып , 100 градуста қайнайды. Табиғатта таза су кездеспейді , онда еріген түрлі қоспалар болады, сондықтан ауыз суды , өндірістік мақсаттарға қажет суды арнайы тазартады .
Су минералының мөлшеріне қарай сулар өте тұщы (0,2 г\л-ге дейін) , тұщы ( 0,2 - 1 г\л) , ащы(1- 10 г\л), жай тұзды ( 10 - 35 г\л), өте тұзды ( 35 - 50 г\л), жай тұздық ( 50 - 75 г\л), тұздық (75 – 150 г\л), тұзға қаныққан ( 150 - 330 г\л), тұзға өте қаныққан ( 330 г\л – 1 ден астам ), болып ажыратылады.
Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері 1454327,2 мың км3 ; бұның ішінде дүние жүзілік мұхит үлесіне 1370 млн. км3 , жер асты суына 60 млн. км3 , мұздықтарға 24 млн. км3 , көлдерге 230 мың. км3 , топырақ ылғалына 82 мың. км3 , өзен суына 1,2 мың. км3 , атмосфера буына 14 мың. км3 келеді
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет