Жоба тақырыбы: су – тіршілік көзі секция


Табиғаттағы судың айналымы



бет3/6
Дата24.07.2022
өлшемі99 Kb.
#147728
1   2   3   4   5   6
Табиғаттағы судың айналымы.

Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді.Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.


  • Су өмір нәрі.

Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қаттысты талай деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі.
Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.
Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.
Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.
Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды.
Адамның тамағына және ішуіне тәлігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.
1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.
1 тонна шойын қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.
Адам денесіндегі бүкіл майынан, белоктарының едәуір бөлігінен айырылса тірі қалуы мүмкін, бірақ организмдегі судың қоры үнемі толықтырылып отыру керек: сусыз бірнеше күн ғана жан сақтауға болады.
Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.
Су болып тұрғанда организімде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады.
Судың қасиеті
Біз қап – қатты мұз да, газдай жеп – жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қаламыз. Бұл судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.

  • Кейде судың түсін ақ дейді . Солай ма ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет