10.Жоспарлау үдерісі. Ақпараттық жүйелер және программалық жабдықтар жобасын құруды жоспарлау. Жоспарлау үдерісі – күрделі, итеративті. Жұмысты орындау үшін жоба жөніндегі барлық ақпаратты және алдыңғы жобалар жайлы мағлұматтарды жинау керек. Осы кезде жобаның барлық есептерін және оларды шешу жолдарын бірден қарастыру қажет. Жоспарлау үдерістері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Жоспарлаудың негізгі үдерістері:
– функционалды декомпозициялау;
– өмірлік айналымның фазалары бойынша жұмыс құрамын анықтау;
– жұмыстар тізімін, олардың өзара байланысын анықтау және оларды құжаттандыру;
– жұмыс ұзақтығын бағалау;
– жұмыс құрамын, олардың тізбегін және күнтізбелік жоспарды құру үшін қажетті ресурстарды талдау;
– ресурстар құнын есептеу және жобаның сметасын жасау;
– жоспарлаудың басқа үдерістерін қосып, жоба жоспарын жасау.
Қосымша үдерістер:
– сапаны басқару бойынша жұмыстарды жоспарлау;
– верификация мен аттестация бойынша жұмыстарды жоспарлау;
– тәуекелдікті, конфигурацияны басқаруды жоспарлау;ұйымдастыруды жоспарлау – жоба қатысушысының жобадағы рөлін анықтау;
– кадрларды басқаруды жоспарлау;
– программалық және техникалық жабдықтарды жеткізуді жоспарлау.
Жоспарлау – жұмыстың орындалу мерзімін және оның құнын мейлінше дәл анықтау. Жоспардың жалпы сұлбасы ірі фазалардан құрылады. Фазалар есеп блоктарына бөлшектенеді.
Ақпараттық жүйелердің жобаларының орындалуы кезінде жоспарды құру:
– пәндік аймақты басқаруды жоспарлау құнды басқаруды жоспарлау;
– жобаның мерзімін басқаруды жоспарлау;
– ақпараттық жүйелердің сапасын басқаруды жоспарлау;
– конфигурацияны басқаруды жоспарлау;
– тәуекелдікті басқаруды жоспарлау;
– адам ресурстарын басқаруды жоспарлау.
Пәндік аймақты басқаруды жоспарлау құрамына кіреді:
– құрылымдық декомпозиция;
– жобадағы уақытты басқару;
– құнды басқару;
– қосымша үдерістер, олар сапаны жоспарлаумен және басқарумен, конфигурацияны басқарумен, тәуекелдікті басқарумен, адам ресурстарымен, жеткізілімдермен байланысты. Жұмыстарды бөлу құрылымы. Мұнда туындайтын басты мәселенің бірі – функционалды декомпозиция, яғни жоба көлемінде орындалуы тиіс жұмыстардың иерархиясын тұрғызу.
Жұмыстарды бөлу құрылымы алынғаннан кейін және жұмыстардың орындалу тізбегін бейнелейтін желілік график құрылған кейін уақыт бойынша жұмыстарды бөлуді жоспарлауға көшуге болады. Жоспарлау жабдықтар туралы сөз қозғағанда, біз тек желілік графикті ғана атадық, сонымен бірге Гантт картасы, Бар-картасы қолданылады. Бар карталар – қағазда матрица түрінде берілген қарапайым карта, орындалуы тиіс жұмыстар түрлері Х осі бойынша көрсетіледі. Х осі апта күндерін көрсетеді, осы аралықта жұмыстар орындалуы тиіс. Гантт карталарында басталуы жайлы қосымша ақпарат берілуі мүкін.