6. Жобаны басқарудың функциялары, әдістері және үдерістері. Пәндік саланы басқару – қызметтің маңызды түрі. Басқаруға қатыстылар:
– уақыт (бекітілген мерзімде жобаны орындауды қамтамасыз ететін іс-шараларды және операциялардың құрамы мен олардың өзара байланысын, операциялардың ұзақтығының бағасын, күнтізбелік кестені құру мен оны басқаруды анықтайды),
– құн (жоба бюджетін бекітуді қанағаттандыруға қажетті үдерістерді сипаттайды),
– сапа (жоба мақсатын қанағатандыруға бағытталған іс-шаралардың мазмұнын береді),
– қызметкер (адамдардың қызметін қолдану үдерістерін сипаттайды),
– тәуекелдік (тәуекелдікке идентификация, талдау жасау және оны тану үдерістерін сипаттайды),
– ақпараттық байланыс және т.б.
Жобаны басқару үдерістері. Жоба үдерістерден тұрады. Үдеріс – бұл нәтиже беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жобаны басқару теориясында мына үдерістер түрлері бар:
– басталу (инициация) үдерістері (жобаны орындаудың басында шешім қабылдау);
– жоспарлау үдерістері (мақсатты және жоба жетістігінің критерийлерін анықтау және оларға жетудің жұмыс сұлбасын жасау);
– орындалу үдерістері (жоспарды орындау үшін адам және басқа ресурстардың бағыты);
– басқару және бақылау үдерістері (мониторинг, жұмыс барысының өзгерісі, түзету жұмыстары, оларды келістіру және қолдану);
– аяқтау үдерістері (жоба немесе фазаның орындалуын қалыптандыру және оларды нақты бір қорытындыға жеткізу).