ЖЖ-ЖЖ 1 Жобалау түсінігінің мәні
Жобалаудың ғылыми негізіне жоба, жобалау, жобалық, жобалаушылық сияқты ұғымнан туындайтын түсініктер алынады. Жобалау (орыс тілінде «проектирование»,
латынның projektus)–алға қарай тастау, алға жүру деген түсінікті береді. Оның мағынасы алдағы уақытта болатын құбылыстың бейнесін жасауға қатысты ғылыми және инженерлік әрекеттермен байланысты айқындалады. Адам еңбегіне қатысты ӛнімдердің барлығы да алдын ала жобалау
арқылы жасалатын болғандықтан, осы тұрғыдан қарастыру жобалауды жоба құру үрдісі, яғни, белгілі бір объ Жобалау қызметінің негізі болып табылатын «жоба»
түсінігінің ӛзі де ғылымда түрліше қарастырылғанынан кӛруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастырушылар жоба–жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде,
жоба–белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі
бір жүйені мақсатты түрде өзгерту деген пікірге сай дей аламыз ӛйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін кӛрсетеді.ектінің болашақтағы бейнесін алдын ала құрастыру үрдісі дей аламыз
42 Жобалау–оқушылардың өз бетіндік оқу белсенділігін арттыру технологиясы ретінде
Жобалау–оқушылардың ӛз бетіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруда олардың белсенділігін арттыруға бағытталған құралдардың (технологиялардың) бір түрі. Оқушылардың жобалау әрекеттерінің басты ерекшелігі –оның білім берумен тығыз байланыстылығында. Жалпы білім берудің ӛзін әлеуметтік жобалауға жатқызуға болады, бұл жағдайда жобалау субъектісі – қоғам болып табылады. Нақтылап айтсақ, оқыту үдеріс–алдын ала белгіленген нәтиже, яғни белгілі бір сапаларға ие мектеп бітіруші тұлғасын қалыптастыру мақсатында арнайы ұйымдастырылатын үдеріс десек, білім берудің ӛзі жобалау әрекеті бола алады. Оны тӛмендегі қасиеттерге қарап айтуға болады: – мақсаты анықталынып алған (мектеп бітіруші моделі) 192 – құралдары, белгіленген (білім мазмұны, түрлері, әдістері, ұйымдастыру ресурстары) – нәтижелік ӛнімнің болуы (мектеп бітірушінің белгілі бір сапалары) Білім берудің осы сипатына қатысты алатын болсақ, педагог – жоба ретінде жүзеге асырылатын білім берудің мақсатын жүзеге асыратын агент. Ӛйткені, ол педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру арқылы күтілетін нәтижелерге сәйкес оқушының дамуын бағыттап отырады. Оның басты құралдары оқыту мен тәрбиелеу
Достарыңызбен бөлісу: |