Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


ОО-ОО59. О.И.Генисаретскийдің мәдени үдерістерді тиімді басқарудағы әлеуметтік жобалаудың рөлі туралы анықтамасы



бет31/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
Жобалау дайын

ОО-ОО59. О.И.Генисаретскийдің мәдени үдерістерді тиімді басқарудағы әлеуметтік жобалаудың рөлі туралы анықтамасыӘлеуметтік жобалау даму барысында мәдениет пен ғылымға қатысты ерекше қатынастарымен сипатталады. Мысалы, О. И. Генисаретский мәдени үдерістерді тиімді басқаруда әлеуметтік жобалауға сүйену арқылы мәдениеттің әлеуметтік қызметін жетілдіру, рухани мәдениетті әлеуметтік-мәдени жүйенің дербес саласына айналдыру мүмкін болады дейді. Осылайша, жобалау феномені мен оның дамуын тек басқару тұрғысынан ғана емес әлеуметтік-мәдени көзқарастар тұрғысынан қарастыру қажеттігіне назар аударылуда. Мысалы, жобалау барысында мәдени үдеріс бізге тәуелсіз күйінде емес, біз ықпал ете алатын объект жағдайында қарастырылады, бірақ бұл жерде біздің әрекетіміз-жобалар мен бағдарламалар - сол объектінің табиғатына сай болуы міндетті - дейді. Бұлар жобалаудың бүгінгі педагогикалық парадигмасына сәйкес келеді және әлеуметтік дамудың абстарктілік болашағында емес, әрекеттің жақын даму аймағында орындауға толық мүмкіндігі бар қызмет деуге негіз болады.
29.Оқыту үдерісіндегі жобалауОқыту үдерісіндегі жобалау -әрекетін ұйымдастыру біздің педагогикалық қауым үшін жаңа, үйренбеген жұмыс, өйткені ол оқыту үрдісінің құрылымын түгелдей жаңаша құруға бағытталған. Жобалау әрекеті білім беру кеңістігі - әрекет субьектілерінің қарым – қатынасы, әрекеттері, әрекетке қатысушылар құралы мен әрекет ұйымдастырылатын бөлмені де құрайды.Дәстүрлі білім беру жағдайында кеңістік мұғалімнің оқушыға тікелей білім беру мақсатына қызмет етеді, соған ыңғайластырады. Онда білім беруші, білім алушы ролдері өте нақты болғандықтан оның техникасы мен әдістемесі бір жақты болады.Класс кеңістігінің ұйымдастырылу принципі педагогты басты тұлға ретінде ала отырып, оның көмекші құралдары тақта, демонстрациялық стол, соған қарама – қарсы отыратын оқушылар да мұғалімге ыңғайлы болуы үшін құрылады.Оқушылардың қатар – қатар отыруы сабақ барысында бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік бермейді, бұл кеңістік оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынаста ғана қолайлы. Бұндай құрылымдық кеңістік дәстүрлі оқытудың міндеттеріне сай құрылған және онда оқушы сабақты түсіндіруші, балалар жазып алушы, орындаушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет