30.Оқушылардың жобалау әрекетінің құрылымыЖобалау әрекетінің белгілерін
төмендегідей анықтауға болады:
– нақты нәтиже алуға бағытталуы;
– алынатын нәтиженің, өнімнің алдын – ала сипатталуы;
– (эскиз түрінде тұтас және бөлігінің нақтылануы)
– нәтиженің орындалу мерзімдерінің қатаң белгіленуі;
– нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті шаралардың алдын – ала
жоспарлануы;
– жобаның түпкілікті нәтижесін қамтамасыз ететін жеке
жұмыстардың нәтижелерімен олардың орындалу мерзімдері
көрсетілген жоспарлы бағдарлама болуы;
– әрбір әрекеттің барысын қадағалау мониторингі мен түзетіліп
отыратын жағдай болуы;
– жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде алынған өнімнің алдын –
ала белгіленген нәтижеге сәйкестігі тексерілуі, талдануы және
одан арғы жұмыстың жоспарлануы;
Жобалау әрекеті барысында аталған жұмыстар бірінен кейін бірі
кезекпен орындалады деп түсінуге болмайды. Жобаны жүзеге асыруда
бірнеше әрекеттер бір мезгілде жасалып, олар бір – бірімен үйлестіріліп
отырады. Бірақ олардың ішінде негізгі әрекеттер мен қосымша әрекеттер
болатыны, әрқайсысының жобадағы орны қатысушыларға түсінікті болуы
тиіс. Жобаның ең маңызды ерекшелігі – жобалау алдындағы нақты
жағдайдың талдану қажеттігі. Атап айтқанда, жобалау арқылы жүзеге
асырылатын жұмыста сол кезге дейін қалыптасқан жағдайды талдау оны
өзгертуге, орындауға деген қажеттіктің нақтылануына мүмкіндік береді.
Жобалаудың түпкі идеясы қалыптасқан жағдайды өзгертуге және
түйінді проблемаларды шешуге бағытталады. Сондықтан жобалау алды
талдау өзгеріс енгізілетін нысанды жан – жақты зерделеуді қажет етеді. Олай
болмаған жағдайда жобалау арқылы алынған нәтиже жобаның мақсатына
сай болмайды.
Жобалаудың түпкілікті нақты нәтижеге бағытталу ерекшелігі оның
модельдеумен ұқсастығын көрсетеді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту немесе
белгілі бір құбылыстарға ықпал ету үшін, ең алдымен, оларды көз алдына
елестету қажет. Осылайша, болашақ нәтиженің (жоба өнімінің) сұлбасы
пайда болады. Берілген сұлбаны (бейнені) нақтырақ көрсету үшін оның
мақсаты, орындау жолдары, т.б анықталады. Бұл – модельдеу үрдісі. Белгілі
бір жағдайды модельдеу үшін оны толық білу, яғни ақпарат жинақтау қажет
болады. Ақпараттың жеткіліксіз болу модельдің толық бейнесін құрастыруға
мүмкіндік бермейді, осы себепті жобалау мақсаты орындалмайды.
26.Оқушылар жобалау әрекетінің субьектісі ретінде.
«Субъект» ұғымына келсек, мысалы, біреуді субъект атанды, субьект болады деуге болмайды. Субъектілік – адамның сипаттамасы емес, ол оның іс - әрекетінің, өз әрекеті иесі екендігінің сипаттамасы. Егер адам өз бетімен, еркін әрекеттер орындау үстінде болса, осы жерде ол субъектілік әрекет иесі. Осыған орай, субъектіліктің орнын, субъектілік жағдайын белгілеуге болады. Жобалау әрекетіндегі субъект ұғымы әрекет теориясы негізінде қарастырылуы тиіс. Оны кеңінен талдамастан, тақырып шеңберінде төмендегідей қысқаша түсіндіруге болады. Біріншіден, әрекет субьектісі өзгеріп отырады. Оқытудағы жобалаудың бастамасында ондағы әрекеттердің субъектісі – педагог қана. Әрекет оқушыларға әлі берілген жоқ, өйткені оқушы оны әзірше өзі құрастыра алмайды. Жобалауды ұйымдастырудың алғашқы кезеңінде оқушы өз бетіндік әрекеттерді өзі ұйымдастыру деңгейін әлі игермегендіктен бұл педагогтың субъектілігін талап етеді. Жобалау объектісі де өзгеріп отырады. Әрекет басында ол нақты белгіленеді, яғни мұғалім оқушыларға не істеу керек (мақсат), нені өзгерту, жасау (обьект) екенін анықтап береді. Одан әрі бұл элементтер нақтыланады, оқушылар сол объектіге қатысты мәліметтерді талдау, жағдайды бағалау арқылы күтілетін нәтижелерді одан әрі нақтылайды. Жоба субъектілігі де өзгере алады, бұл жерде екі жоба және екі субьект болатынын атап айту қажет болады. Біреуі - оқушылар жобасы, оның бастамасында балалар тек қатысушы ретінде болғанымен, одан әрі нақты әрекеттер орындау барысында жобалау субьектісі бола алады. Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріліп, оның орындалуы оқушының өз тарапынан жүзеге асырылса, бұл – нақты оқушы субьектілігінің көрінісі. Ол тапсырма орындалмаса субъектілік жүзеге асырылмауы да мүмкін. Субъектілік жағдайды кеңейтуге, дамытуға да болады, ол жобаны жеке немесе топпен орындаудағы өз бетіндік әрекеттердің нығаюы, қалыптасуы жүзеге асырылады. Жобалау әрекетін топпен орындаудың маңызы зор, өйткені топтың субьектілігі жоғары болады. Өйткені жобаны орындауда жобаның субъектілігі ретінде топтың қолдауы ерекше роль атқарады.