Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


- Педагогикалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық ролі қалай айқындалған



бет46/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Жобалау дайын

80- Педагогикалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық ролі қалай айқындалған
Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері–теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар, формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым–қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет кӛрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан – технологиялар сипатында болады. Жеке–даралық жағдайда бірде–бір ғылым саласы, теория мен тәжірибе немесе бір мамандықтың ғана шеңберінде барлық технологиялық цикл қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қатар, олардың әрқайсысының ӛміршеңдігі ӛз қызметінде сыртқы әрекеттерді қабылдай алушылық қабілеттілігіне тығыз байланысты. Осыдан келіп, қазіргі заманға тән технологиялық мәдениеттен алатын орнын анықтау субъектінің жобалауды немесе бағдарламалауды құрастыру мен жүзеге асырудағы рӛлін белгілеуі болып есептеледі. Субъектінің ӛз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге асыру үшін мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын циклдың тӛмендегі позицияларының бірін ӛзіне алуға қабілетті болуы тиіс. Олар осы циклды құрайтын мәдени түрлердің қорын сақтаушы, таратушы, жүйелеуші, құрушы және ұйымдастырушы рӛльдерінің бірін атқарады. Ол қызметтер сипаты тӛмендегідей:
− мәдени қорын сақтаушы
– мәдени үрдісті, дәстүрлі қалыпты ұстану, инновацияны қабылдамау;
− таратушы– сан түрлі жаңалықтардың бір ғана бағытын ұстану және оның мәдени және әлеуметтік маңызын кӛтере отырып, таратылуына белсенді ықпал ету;
− жүйелеуші–таратушының қызметіне қарама– қарсылық мақсатында мәдени жаңалықтарды жүйелеу, түрлерге бӛлу, теориялар құрастыру;
− құрушы– бұл кейде ӛзінің сипатына сай жаңалықтар тудырушы деп аталады;
− ұйымдастырушы– жоғарыда аталған барлық позициядағы субъектілер қызметін келістіру, үйлестіру және ұйымдастыру қызметі.
23 сұрақ: Педагогикалық жобалаудың бүгінгі қолданылу аясы
Жобалау әдісі ХХ ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи, Килпатрак, Снедден, Ричардс.
Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды – жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы мәселе пікірталас туғызған болатын.
Жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды.
Бірақ, қазіргі таңда, кәсіптік білім беретін орындарында да қолдану іске асырылуда. Мысалы, Алматы индустриалды колледжінде жобалау әдісін қолдану әрбір оқытушының міндетіне айналған. Уақыт өте келе жоба әдісі кейбір өзгеріске ұшырады, бірақ оның мәні өзгермей қалды. Бұл әдістің әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу себебі білім алушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін мәселені шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа ойлар пайда болады. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі – білім алушы мен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Өзім Алматы индустриалды колледжінің білікті мамандарының арқасында сабақ беретін оқытушы ретінде жас маман болсам да, жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстарын жүргізе аламын. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазірдің өзінде білім алушым Оразақын Аидамен бірігіп, орташа мерзімді ғылыми жобаларды орындап, қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде өткізілетін конференцияларға қатысуды бастадық.
Жобалау әдісі – оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс – білім алушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет