Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы



бет45/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Жобалау дайын

21. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы «Жобалау» ұғымының білім беру саласында қатысты сапаларын қарастыратын болсақ, оның түрлерін ғылыми –зерттеудегі жобалау, педагогикалық жобалау, әр білім алушының оқу әрекетінде қолданылатын жобалау деп бөлуге болады.Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар кӛзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың ӛздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жӛн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды.Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихында француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен.Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.
80. Педагогиыкалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық ролі қалай айқындалғанЖобаның мазмұндық құрылымын төмендегі бөліктер құрады:1Қалыптасқан жағдайға сипаттама беру, бұл –жоба алды талдау;
2.Болашақта күтілетін нәтижеге сипаттама беру, бұл – жобаның тұжырымдамасы;
3.Қалыптасқан жағдайдан күтілетін жағдайға өтудің стратегиясы мен тактикасы, бұл– инновациялық үрдістің моделі, ресурстары, құралдары.
Жобалау құрылымы жаңалықтарды қалыптастыру, тарату және қолдану сияқты кезеңдерден тұрады, соған байланысты білім беру ұйымдарында төмендегі жұмыстар жүргізілді: әрбір ұжымдағы өзгерістерге қажеттіктерін анықтау; ұжымның өз ортасында алатын орны, білім беру сапасы, педагогтар деңгейі, ұжымның жетістіктері туралы мәліметтер жинақтау және қалыптасқан жағдайды талдау; проблемаларды алдын-ала талдау, өзгерістерді қажет ететін бағыттарды таңдау; иннвациялық өзгерістер ендіру туралы шешімді қабылдау; жаңалықты сыннан өткізу және ендіру; қажетіне қарай тәжірибеде бекіту, институализациялау ( лат. – орнықтыру) немесе жаңалықты үнемі қолдану, нәтижесінде ол күнделікті тәжірибенің элементіне айналады.
Жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзіндік дамыту ресурстарын мақсаттық - бағдарлы жобалар арқылы педагогикалық жүйені дамытудың күтілетін нәтижелер қамтамасыз етіледі.
Инновациялық үрдістерді жобалау білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды, институционалдық өзгерістерді ендіруде теориялық және практикалық жағынан құндылық болып табылады.
Жобалау негізінде педагогикалық ұжымның төмендегі өзгерістері қамтамасыз етіледі:
1.Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндігін дамытылып, нәтижелі білім беруге жағдайлар жасалады.
2Педагогикалық қарым – қатынастар қайта құрылып, субъектілердің мүмкіндіктерін дамыту және субъектаралық қатынастар жүзеге асырылады.
3Педагогикалық ұжымды дамыту бағдарламасы жасалып, әр құрылымның жаңа міндеттері нақтыланады;
4.Педагогикалық ортаның дәстүрлі құндылықтарының тиімділерін сақтай отырып, қоғам талабына сай өзгерген жаңа сапасы қалыптастырылады;
Инновациялық өзгерістерді жобалауда төмендегі талаптар ескерілу қажет, олар:
Жобаның күтілетін нәтижелері алдын ала белгіленеді;
Жобаның тиімділігі мен оны жүзеге асыруға жұмсалатын ресурстар алдын ала сәйкестендіріледі;
Жобалау барысындағы тәуекел жағдайлар алдын ала ескеріледі;
Ұжымда жаңа құрылымдар жасалу мүмкіндігі қарастырылады.
Жобалауды ұйымдастыру барысында ұжымдық жұмыстардың дәстүрден тыс әдістері қажет болуы мүмкін, олар: желілік басқару дағдыларын меңгеру; шығармашылық белсенділікті қолдау; командалық бірлестіктер құру, т.б.
Мақсатты жобаларға тән белгілер:
жобаның матрицалық құрылымы;
жұмыс барысының уақытшалық сипаты;
шешуін қажет ететін проблемалардың негізінен интегративтік болуы;
ұжымды дамытудың синергиялық, желілік түрде ұйымдастырылуы;
проблемалардың негізінен стандарттық қалыптан өзгеше болуы
Педагогикалық проблемалардың негізінен стандарттық қалыптан өзгеше деңгейде шешілуі жобаның инновациялық деңгейін көрсетеді. Жобаның неғұрлым инновациялық деңгейде болуы, оны орындаушылардың құрамы басқа ұйымдардан бөлек, тәуелсіз команда болуын, көздеген нәтижеге жету үшін олардың жауапкершіліктерінің де жоғары болуын, сонымен қатар, оған жауап беретін жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету құзіреттіліктерінің де жоғары болуын талап етеді.
Жобалау жаңа педагогикалық қарым қатынастарды, оқытудың жаңа мазмұны мен технологияларын, ойлау және қызмет етудегі жаңа әрекеттерді тудырады. Жобалау негізіне білім беру процесіндегі субъектілердің жаңа қарым –қатынас түрлері, білімнің жаңа мазмұны, жаңа білім беру технологиялары, т.б. алынады.Жобалау барысындағы өзгерістерге қажеттіліктің туындауы мен ендірілген жаңалықтың институализациялауға дейінгі кезеңдердің жиынтығы бір жобалық циклды қалыптастырады.
Жоба жетекшілері мен құрастырушылар жобалауды алдында төмендегі құрылым бойынша даярлық жұмыстарын жүргізулері (жобалаушы тарапынан) қажет:
Жобалау қандай ниетпен, не үшін жүзеге асырылуы тиіс?
Күтілетін нәтиже кім үшін және қаншалықты маңызды?
Қай жерде, қайда жүзеге асырылады?
Кім оны жүзеге асырады?
Жүзеге асыру жолдары қандай?
Қандай мерзімде жүзеге асырылады?
Қандай ресурстар мен қаржы қажет болады?
Егер жобалық ұсыныс белгілі бір ниетпен қаржы бөлуді қолға алған инвестор, немесе, грант беруші үшін дайындалып жатса, онда қаржының қалай жұмсалатыны мен күтілетін нәтиже нақты көрсетіледі. Сонымен қатар, жобалық ұсыныс даярлау арқылы басқарушылар мен ұйымдастырушылар қаржылық және басқа да ресурстардың мүмкіндігін дәл бағалауға, соған сәйкес ұйымды дамыту бағыттары мен жолдарын анықтай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет