Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы



бет41/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
Жобалау дайын

58. Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел тәжірибесімен қатар жүрді. Ӛткен ғасырдың басында-ақ С. Т. Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В. А. Герд практикалық жұмыстағы жобалау әдістерін, А. П. Пинкевич жаратылыстану ғылымындағы сынақ-тәжірибелік жұмысында, Б. Е. Райков зерттеу жұмыстарында, К. П. Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. 1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, ӛйткені, оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді – деп кӛрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық ойлау логикасы тұрғысынан А. С. Макаренко қолданды, ол нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу-тәрбие әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды. 1970 жылдары Н. В. Кузьмина еңбектерінде жобалау компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, қазіргі кезде терминологиялық аппараттан педагогикалық жобалау, мұғалімнің жобалау әрекеті, педагогикалық жобалау ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен түрлері алынады. Жобалауды одан әрі зерттеген В. В. Давыдов, Генисаретский, Н. Г. Алексеев, А. В. Петровский, И. В. Якиманская, И. А. Колесникова, В. И. Безруков, т.б. жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған әрекеттер негізінде қарастырады. Осылайша, кәсіби-педагогикалық ой-пікірдің даму барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады.
71. Педагогикалық жобалаудың нысанына, мақсаты мен нәтижелеріне байланысты түрлерін сипаттаңыз
Бүгінгі педагогикалық жүйелерде жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты жобалаудың негізгі үш түрі белсенді дамып келеді, олар:
− әлеуметтік-педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны өгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;
− психологиялық-педагогикалық жобалау, оның мақсаты адамдар мен олардың қарым –қатынастарын білім беру үдерісі барысында жаңарту;
− білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалау.

  1. Әлеуметтік–педагогикалық жобалау:

– Әлеуметтік ортаны педагогикалық тәсілдермен өзгерту;
– Әлеуметтік проблемаларды педагогикалық құралдармен шешу.

  1. Психологиялық–педагогикалық жобалау

– Оқыту мен тәрбие мақсатын жаңарту;
– Оқыту мен тәрбиенің әдістерін өзгерту;
– Педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру түрлерін жасау;
– Педагогикалық қатынас жүйесін жаңарту.

  1. Білім берудегі жобалау:

– Білім беруге мемлекет пен қоғамның талаптарын қалыптастыру;
– Білім беру нәтижелерін жобалау;
– Білім беру мекемелерін институттарын құру;
– Білім стандарттарын жасау.
Педагогикадағы инновациялық бағыттарды зерттеген В. Я. Ляудис те білім берудегі жобалау туралы, біріншіден, бұл–мақсатқа бағытталған, жобаланған, саналы түрде ұйымдастырылған оқыту процесі, оны басқару ғылыми және мәдениеттанымдық білімдерді пайдалану негізінде іске асырылады. Екіншіден, бұл–мақсатқа бағытты ұйымдастырылған болашақтағы міндеттерді орындауға қабілетті тұлғаны әлеуметтік дамыту ситуациясы, сонымен қатар, осы жерде мақсат ретіндегі болашақтың нәтижелік мәні де, оны орындауға дайындық деңгейіне жеткізетін үдеріс те жобаланады» дейді. Осылайша, қазіргі заманғы әдіснамалық, мәдениеттанымдық, ғылымтанымдық және психологиялық – педагогикалық–әлеуметтік ғылымдар қағидаларына сүйене отырып, жобалау – педагогикалық феномен дей аламыз және оның негізгі сипаттамаларын төмендегідей көрсетуге болады:
1) жобалаудың мақсаты мен соған сай педагогикалық іс-әрекеттер қайта жаңартуларды көздейді;
2) жобалау педагогикалық рефлексия арқылы қамтамасыз етілетін болашақтың нақты бейнесін жүзеге асырады;
3) педагогикалық жобалау жобалау нысанын ғана емес, оған қатысушы жобалау субъектілерін дамытуға бағытталады.
Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық - коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, сөйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет