Педагогикалық тәжірибенің даму барысындағы үш мәдени-инновациялық құрылымға сипаттама беріңіз Педагогикалық тәжірибенің даму барысында кем дегенде үш мәдени - инновациялық құрылым қалыптасты деп айта аламыз. Біріншісі, катехезистік, діни педагогика деуге болады, оның базалық мазмұны діни ритуалдар мен символдар аясындағы тәртіп пен әрекеттермен байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян Амос Коменский идеяларының ықпалымен екінші, эпистемологиялық педагогикалық құрылым қалыптасты. Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту болса, басты девизі «барлығына да барлық білімді беру» болып танылды. Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне алынып келеді, яғни, мәдениет тасымалдау құралы ретінде теориялар мен модельдерді оқытуды, білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде сынып-сабақ жүйесін негізге алады. Үшінші, педагогикалық құрылымды инструменталдық немесе технологиялық атауға болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында пайда болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.
65 Педагогикалық жобалаудың нысанына, мақсаты мен нәтижелеріне байланысты түрлерін сипаттаңыз Бүгінгі білім беру жүйесінің қоғамдағы орны мен рӛлі, құндылықтық бағдарының ӛзгеруіне байланысты, түрлі деңгейлерде педагогикалық жобалау нысандары ретінде, жаңа білім беру нәтижелерін қалыптастыруды, білім беру үдерісін жаңартуды, тәрбиелік шараларды ұйымдастыруды алуға болады. Жобалауды ұйымдастырушыларға кӛптеген жаңа бағыттардың ішінен болашақта нәтижелі ӛзгерістерді қамтамасыз ететін инновациялық (инвестициялық, дамытушылық, зерттеушілік) жобаларды таңдай білу, оның ӛзектілігі мен қажеттігін негіздей білу, жобаланатын ӛзгерістерді шын мәнінде тәжірибеде жүзеге асырылатынын болжау және бар мүмкіндіктерді бағалай білу керек. Сонымен қатар, оның сипаттамасын, рәсімдеуін, тиісті құжаттарын дайындау жолдары мен тӛмендегі алгоритмін терең меңгеру аса қажет.Қазіргі кездегі талдаулар жасау тәжірибесінде кең таратыла бастаған және тиімділігі дәлелденген құралдар қатарында SWOT-талдау және PEST- талдауды жобалау алды зерттеу кезеңінде пайдалануға болады. Басында маркетингтік зерттеулерде пайда болып, қолданысқа енген бұл құралдарды білім берудің әлеуметтік рӛлін бағалауда да орынды және пайдалы құралдар деп танылуда. Мысалы, әлеуметтік маңызды немесе ұзақ мерзімдік жобалауда ресурстарды SWOT - әдісі (Strengths – мықты жақтары, Weaknesses - әлсіз жақтары, Opportunities – мүмкіндіктері және Threats – қауіпті жақтары) арқылы бағалауға болады. Бұл жердегі мықты және әлсіз жақтары ұйым ішілік қажетті ресурстар мен олардың жеткілікті–жеткіліксіздігін бағалайды. Мүмкіндіктері және қауіпті жақтары жобаның орындалуына мүмкіндік беретін немесе кері ықпал етуі мүмкін тұстарына баға береді. Осылайша, сапалы жасалған жоба алдындағы талдау жобаның мақсатын жүзеге асыруда жеткіліктілік (ресурстардың жобаның мақсатына сай күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жеткіліктілігі) және қажеттілік (ресурстардың жобаның барлық кезеңдері үшін қажеттілікке қарай бӛлінуі, бірін - бірі толықтырып отыруы) принциптерін сақтауға мүмкіндік береді.