Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны



бет23/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
Жобалау дайын

27.Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны.Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны. Жобалау әрекетін оқыту мазмұнына сәйкестендіре жүргізу – мектеп әдістемесіндегі жаңа тұрғы. Өйткені, білім беру мазмұны өз заңдылығы бойынша жылдар бойында қалыптасқан тұтас білім беру жүйесінің маңызды бір компоненті. Мазмұндық компоненті ретінде ол оқыту әдістемесі, білім беруді ұйымдастыру кеңістігі мен уақыты, оқулықтар мен бағдарламалар, басқару мен қадағалау сияқты басқа да элементтермен үйлестіріліп, реттеліп отыратын тұтас құрылым немесе жүйеге қызмет етеді. Сондықтан, білім беру мазмұнына өзгеріс ендіру білім беру жүйесінің барлық компоненттерін өзгертуді қажет етеді. Бұған қоса білім беруді басқару жүйесі, педагогтарды даярлау және қайта даярлау жүйесі құрылымдары да бұл жағдайда бұрынғы күйінде қала алмайды. Бүгінгі білім беруге қойылатын жаңа талаптар оның мазмұнына өзгерістер ендіру қажеттігін тудырып отырғаны белгілі. Барлығымызға белгілі, қазіргі білім пәндік принциппен құрылған, атап айтқанда, белгілі бір пәннің ғылыми – теориялық негізге алынып, ол мектеп бағдарламасына енгізілген. Оқушылар мектептен әр пәннің ғылыми негізін, игеріп, өз таңдаулары бойынша одан әрі тереңірек, кеңірек білуге мүмкіндік алады. Оқушының игеретін білімі оқулықтарда негізінен теориялық, білімдік тұрғыдан құрылып, алған білімдерін пайдаға асыру жолдарына берілетін уақыт шектеулі болып келеді. Мысалы, физика сабағынан ток өткізгіштік теориялары мен формулаларын өте жақсы игерген оқушы сол білімі негізінде радиоқабылдағыштарды қандай жағдай алады деу қиын. Яғни, оқушылар «таза» білім алады: газ туралы біледі, элементтер қасиеттерін игереді, атмосфералық қысымның ережелерін жатқа айта алады, текстерді жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б. Жобалау әрекетінің білімдік тұрғыдағы әдістемелерден айырмашылығы сол, оның барысында оқушылар алған білімдерін тәжірибеде пайдаланады, яғни білім алу, жатқа білу – мақсат емес, теориялық білім жобалау әрекетін жүргізудің құрамына айналады. Сол себепті, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін білім мазмұны практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл өз кезегінде сыныптың – сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен бағдарламаға да, оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым – қатынасы да, бағалау мен бақылауға да, басқару жүйесіне де өзгерістер енгізуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет