Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз



бет25/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
Жобалау дайын

32.Жобалау және рефлекция
Жобалау және рефлексия. Джон Дьюидің еңбектерінде жобалау әдісінің негізі қаланып, оның «тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны белгілі. «Тәжірибе» дегеніміз – бұл белгілі бір әрекет немесе құбылыс, оның нәтижесі одан әрі болатын іс - әрекеттер мен оқиғаларды дамытудың шарты болып табыладыДж. Дьюи түсіндірмесі бойынша адамның «тәжірибесі» барлық іс-әрекеттерінін әсері деуге болмайды, сондай-ақ, ол адамның бір нәрсемен танысуы, тоқталуы, талдау барысында қалыптасады. Бұл жердегі маңыздысы – тоқталу, назарын бөлу, жағдайды талдау әрекеттері.Тәжірибе алу үшін–рефлексия деп аталатын тоқталу, қайта қарау, оқиғаны, құбылысты түсіну әрекеттерінің жүйесі қажет. Рефлексия–тек ойлану әрекетіне қарағанда күрделірек.«Рефлексия» ұғымы педагогикалық әрекеттерде соңғы жылдары қолданыла бастады. Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске түсіру ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті.
Жобалау әрекетіндегі рефлексиялық көзқарас сол жобаның негізгі мағынасын тани білуді қажет етеді. Жобаның негізгі мағынасын құрайтын элементтер – жобалау идеясы мен іске асыруының байланыстылығы немесе мақсат пен нәтиженің бірлігі.
Эмоциялық тұрғыдан алғанда рефлексияны «тас - талқан» қылып талдау, «шашып тастау» деген сөз тіркестерін білдірсе, рационалистік тұрғыда–жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктерін анықтау деуге келедіөРефлексияның мәні - жобаны қорыту емес. Ол, біріншіден, жобалау барысын түгел талдайды; екіншіден, жобаның тәжірибеге айналуына ықпал етеді, жобаны бағалауға негіз болады.Рефлексия бақылау арқылы жасалады. Жобаның бақылау барысында негізге алынатын дайын үлгісі болмайтындықтан, рефлексияның іске кірісетін жері – мәселенің пайда болуы. Оқыту үдерісіндегі жобалау әрекетін ұйымдастыру біздің педагогикалық қауым үшін жаңа, үйренбеген жұмыс, өйткені, ол оқыту үдерісінің құрылымын түгелдей жаңаша құруға бағытталған. Қорыта айтқанда жобалау әрекеті барысында оқу әрекеттері дәстүрлі сынып кеңістігімен кеңірек жүргізіліп, сынып – сабақ жүйесін жаңаша құруға ықпал етеді.
33.Жобалау және ғылыми зерттеу Жобалау және ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу туралы шешім белгілі бір сұраққа жауап іздеу немесе бір логикалық байланыстың кем болуы немесе ғылымда бар тәсілдер және түсініктердің қоршаған орта тануға жеткіліксіз болуы жағдайында пайда болады.Зерттеу идеясының өзінде оның пайда болуынан бастап–ақ түпкілікті нәтижесінің қандай да бір кӛрінісі, оған жету амалдары, бақылау және түзету жолдары орын алуы мүмкін.Солай бола тұра, жоба мен зерттеудің елеулі айырмашылықтары да бар. Оның ең негізгісі - әрқайсысының жүзеге асырылатын кеңістіктерінің біздей еместігі. Ғылыми зерттеуде түсініктік кеңістігі сол ғылымның теориясы болып табылады да, зерттеу нәтижесінде алынған жаңа ұғымдар теориялық кеңістікке өзгеріс енгізіледі.Ал жобалауда–практикалық әрекеттер жүзеге асырылып, тәжірибе өзгеріп отырады. В. В. Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті квазизерттеу ретінде орындалады, сондықтан, оқу әрекеті барысында қалыптасқан ғылыми теория, түсініктік кеңістік өзгермейді, яғни оқушылар ғылыми теорияны дамытуға араласпайды.
Ғылыми зерттеу жобаға немесе оның құрамдас бөлігіне айнала алады. Бұл адамның жаңа білімі оның өзін ғана емес, оның өз ортасын, әлеуметтік ортасын да өзгерте алатын жағдайда пайда болады. Сондай–ақ, жаңа білім тәжірибеде жүзеге асырылғанда ғана жобаға айнала алады.Жаңа білім құралға, практикалық әрекеттің құралына (средство) айналуы арқылы жобаның бөлігі болып қызмет етеді.Ғылыми зерттеулер мен жобалардың көптеген ортақ жерлері бар, бір – біріне айнала алатын тұстары да бар. Зерттеулер жобаның бөлігіне айналып, оған еніп те кетуі мүмкін. Іргелі ғылыми зерттеулер жобаның бірнеше сериясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені, зерттеу нәтижелері белгілі болмай кейбір жобаларды орындау мүмкін емес. Керісінше, кейбір жобаларда өз алдына құндылықтары бар зерттеулер пайда болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет