аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.
Он екі елі ішекке келіп түсісімен асқа 3 түрлі сөл (ұйқы безінің, он екі елі ішектің шырыны және өт) әсер етеді. Бұлардың ішінде ең күрделісі ұйқы безінің сөлі: оның құрамында органикалық қоректік заттарды (белок, май, көмірсу) ыдырататын ферменттер бар. Өтте ас қорытатын ферменттер жоқ, бірақ күрделі қоректік заттарды гидролиздеу үшін өт қажет.
Ішек аш және тоқ ішек болып екіге бөлінеді. Аш ішек адамның бойынан орта есеппен 4-5 есе ұзын. Ол үш бөлімнен: он екі елі ішектен, аш және мықын ішектерден түрады. Адамда он екі елі ішектің ұзындығы 25 см, ішектің жалпы үзындығының 2/5-і аш ішек үлесіне тиеді, ал мықын ішектің ұзындығы аш ішектің 3/5-не тең. Ішек ұзындығына қарай ас ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Осы мезгілде:
а) ішектің кілегейлі қабығындағы либеркюн (12 елі ішекте - бруннер) бездерінің сөлі мен ішектегі химус араласқан ұйқы безі сөлінің және өттің бірлескен әрекеті арқасында ішекте ас қорыту үрдісі аяқталады
б) ішектің ортаңғы қабаты - бірыңғай салалы ет талшықтарының жиырылып созылуы нәтижесінде ішектегі химус төмен қарай біртіндеп жылжып тоқ ішекке жетеді;
в) асқорыту барысында пайда болған өнімдер ішектен қанға, лимфаға сіңеді.
Тоқ ішектің ішкі қабаты - кілегейлі қабық көптеген көлденең орналасқан қатпарлардан түрады. Мұнда микробүрлер, бүрлер, ойықтар, ойық жерлерде кілегей зат (муцин) шығаратын тостаған (бокал) тәрізді жасушалар көп. Тоқ ішек қүрылысы сөл шығаруға, көптеген заттардың қанға сіңуіне бейімделген.
Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды, бірақ аш ішектен келіп түскен химус қүрамындағы ферменттер қоректік заттар қалдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді.
Ток ішекке келіп түскен белоктарды шірітетін микробтар да бар. Шіру нәтижесінде тез қайға сіңетін улы заттар (индол, скатол т. б.) түзіледі. Олар қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Бауырда олардың уыты қайтады (дезинтоксикация). Улы заттар шектен тыс көп болса, түгелдей бейтараптай алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда адам өз денесінде пайда болған заттармен біртіндеп улана бастайды (аутоинтоксикация). Тағаммен бірге келіп түскен белок мөлшері шектен тыс көп болса және бауырдың дезинтоксикалық қызметі төмендесе адамның өзін өзі улауы асқынуы мүмкін.
Тоқ ішекте нәжіс қалыптасады. Оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады. Нәжісті сыртқа шығару ас қорыту жүйесінің экскрециялық қызметі. Нәжісті шығару (дефекация) рефлексті тік ішек қабылдағыштарының тітіркендіруінен басталады.