Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы



бет2/4
Дата11.09.2023
өлшемі4,57 Mb.
#180743
1   2   3   4

Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса, Цеван-Рабданның өзі Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты Цеван-Рабданның бауыры Шона-Даба атқарды.

  • Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса, Цеван-Рабданның өзі Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты Цеван-Рабданның бауыры Шона-Даба атқарды.

Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті. Халық басы ауған жаққа кетті. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы” болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Халық бұл кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” деген қасіретті әні осы кезден қалған.

  • Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті. Халық басы ауған жаққа кетті. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы” болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Халық бұл кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” деген қасіретті әні осы кезден қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет