Темірбаева Сағыныш Нүсіпханқызы Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы Көктал орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі



Дата29.06.2017
өлшемі37,47 Kb.
#20605
Темірбаева Сағыныш Нүсіпханқызы

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Көктал ауылы

Көктал орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану 4-сынып

Тақырыбы:Суды қорғау

Сабақтың мақсаты: Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Салауатты омір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.Топпен жұмыс істеуге үйрету, дүниетанымын дамыту.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиясы, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Сужың ластану көздерін бейнелейтін сызба нұсқа, Арал мен Балқаш тағдырына байланысты фотосуреттер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Сынып кешені: Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ- «Зерттеушілер»

2-топ- «Ғалымдар»

3-топ- «Экологтар»



2.Психологиялық дайындық

I. Еске түсіру стратегиясы

1. Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар?

2. Қазақстандағы қандай өзендерді білесің?

3. Қазақстандағы көлдер жайлы не білесің?


Физикалық картамен жұмыс: Оқушылар картадан Қазақстанның ірі өзендері мен көлдерін табады.
Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рақат тауып басылады.

/Ы.Алтынсарин/
II. Ой қозғау стратегиясы

1. Адамдардың суды пайдалануы туралы не білеміз?

2. Табиғатта қоспасы жоқ тап-таза су бола ма?

Табиғатта қоспасы жоқ тап- таза су таппайсың. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оны ішуге жарамайтындығы сондықтан.


Мұғалім. Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып барады. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Елімізде ластанған сулармен, өнеркәсіп қалдықтарын өзен-көлдерге төгуге тыйым салынған.

3. Ластанған су деп қандай суды атайды?

Пайдаланған су шайынды суға айналады. Оны ластанған су дейді.

4. Суды ластамауға сен қандай үлес қоса аласын?


4 Жаңа сабақ

Мынау ненің суреті?

Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық өсімдіктер мен жануарлардың құрамына кіреді. Мәселен, қарбыздың 98% судан тұрады. Адам денесінің жалпы салмағының жартысынан астамы судың үлесіне тиеді. Адам тамақ ішпей бір айдан астам уақыт өмір сүре алады, ал сусыз үш күнде тұра алмайды. Су егін егуге , өндіріске, күнделікті тұрмысқа көбірек керек болуда. Жер бетінің 3/2 бөлігін су алып жатыр. Бірақ оның 98 % -ын пайдалануға жарамайтын мұхит пен теңіздің тұзды суы. 2 % -ы ғана тұщы судың үлесіне тиеді.

Пайдаланады ,зиян келеді, ластанады.


III. Қызығушылығын ояту
Арал тағдыры-адамзат қасіреті

Балқаш көлі және

таяздануына әсер ететін жағдайлар

Су бәрін сезеді


Жарнама:

Синтетикалық жуғыш заттарды әсірелеп мақтаған хабар

Ал, олардың зияны- шайынды суға қосылғаннан кейін тазармайтындығы, табиғи жолмен өзгеріске түсіп те сіңбейтіні жөнінде ештеңе айта алмайды. Олардың шайынды суда концентрациясы 1 г/м 3-ге жеткенде суда тіршілік ететін аса пайдалы майда ағзалар қырылады 5г/м3-ке болса балықтар тіршілік ете алмайды.

IY:Мағынаны тану
Суды тазартудың әдістері



Механикалық

химиялық

биологиялық

Қазқстандағы су тазарту үшін механикалық әдіс қана пайдаланылады. Республикамызда 100-деген су тазарту қондырғылары бар.



Y. Ой саралау стратегиясы


Су туралы қандай мақал- мәтел білеміз?

Су туралы тыйымдар

Салт- дәстүрлерді білеміз бе?


5. Қорыту

«Сөздердің орнын тап» ойыны



  • Сонымен, біз бүгін «Суды қорғау» тақырыбы бойынша судың ластану жолдары, ластанған суды тазарту туралы білдік. Осыған алып-қосарларың бар ма?

6.Үйге тапсырма Оқу

7. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет