Саговниктер класы - Cycadopsida
Саговниктердің жапырағы ірі, макрофильді, сағакты немесе қондырмалы. Қарапайым өкіддерінде жапырактары қауырсынды. Мегаспорангиялардың түрі өзгерген, жапырактарда немесе мегаспорофиллдерде орналасады, олар дара немесе бүрлерге жинакгалган.
Саговниктер өліп-біткен жэне казіргі заманда да тіршілік ететін турлерді күрайды. Бүл катар өкілдерінің шарыктап дамуы юра дэуіріне сәйкес келеді. Қазіргі кезде олар тропиктерде, субтропиктерде, Орталык жэне Онтустік Америкада, Оңтүстік-шыгыс Азияда, Австралияда, Тропикалык Африкада тіршілік етеді.
Саговниктер - колона тэрізді сабағы бар агаштектес өсімдіктер (биіктігі 3-6-8-12 м, 20 м-ге жететіндері сирек тек лепидозамияның биіктігі 20м). Жапырактары ірі, кауырсынды-тілімделген, аласа, түйнектәрізді сабактары жартылай жерасты жэне жерастында орналаскан немесе сабаксыз (замия, бовения) болып келеді. Саговниктер 10 туыс, 120-130 түрден тұрады. Іріжапырақты, түкымбүрлері мегаспорофилдерде бір-бірден немесе шоқтанып бурге жиналып орналаскан.
43
Саговниктер әртүрлі споралылар, екіүйлі өсімдіктер. Микро- жэне мегаспорофилдері бүрге ж и налган. Өкілі: Саговник - Cycas (14 түрі бар). C.revoluta төменге иіліп өсетін ағаш (биіктігі 3 м), жапырактары ірі (2 м), кауырсынды-тілімделген пальмаға ұксас. Аналык өсімдікте сабак ұшында, вегетативті жапырактар негізінде мегаспорофилдер дамиды. Олардың пішіні кішірек, аз тілімделген, сарғыш-буырыл түсті. Мегаспорофилде 5-6 түкымбүрлер түзіледі. Мегаспорофилдер бүрге жиналмаган. Аналык бүрлері болмайды.
Тұкымбүрінің курылысы. Түкымбүрі үстіңгі жағынан 3 кабатты интегументпен жабылган: сыртқы кабаты шырынды, ортангы кабаты сүйекті, ішкі кабаты шырынды. Одан кейін нуцеллус орналаскан, бұл мегаспорангияның кабығы. Түкымбүрінің ішінде эндосперм болады, яғни аналык өскін. Эндоспермнің жоғарғы бөлігінде екі архегония дамиды. Архегониялардың устінде тозан камерасы орналасады. Тұкымбурінін жогаргы бөлігін интегумент толык жаппай санылау калады, онда микропиле (тозаңжолы) пайда болады. Аталық агаштарда (50-70 см) микроспорангиялары бар микроспорофилдер бурге жинакталған. Микроспорофилдердін пішіні 3 кырлы. оларда топ болып (синангиялар) микроспорангиялар түзіледі. Микроспорангиялардың ішінде микроспоралар дамып, редукцияланған 3 клеткалы аталык өскіндерге айналады. Осындай 3 клеткалы аталык өскіндер микроспорангиядан шашылады да жел аркылы тукымбүрінін микропилесіне түседі.
Микропиле сүйыктыкка толы. Булану жылдамдығына карай, микропиле бойымен аталык өскін тукымбурінің ішіне енеді. Мунда гаустариальды клеткадан гаустория түзіліп нуцеллуске бекиді, вегетативті клеткадан түтік, антеридиальды клеткадан - 2 ірі көпклеткалы сперматазоидтар (3-4 мм) түзіледі. Вегетативті түтіктін ушы ашылып сперматозоид суйыктыкка толы тозан камерасына енеді. Сұйыктык бойымен сперматазоид архегонияга өтіп, урыктану журеді (бір сперматазоид ұрыктандырады, ал екіншісі өледі), зигота пайда болады. Зиготадан ұрык дамиды, ал тұқым бүрі тұкымға айналады. Түкымдар топыракка түседі де, дамып одан жаңа саговник өсіп - жетіледі. Саговниктерге Cycas-тан баска Zamia, Microzamia, Bovenia жатады.
Бұл өсімдіктер сэндік максатта өсіріледі. Саговниктердің ішкі бөлігінен крахмалға бай саго жармасын алады.
Беннетиттер класы - Bennettitopsida
Агылшын палеоботанигі Беннеттін курметіне беннетиттер деп аталған. Толыктай өліп біткен өсімдіктер. Юра дэуірінде жэне бор дэуірінің басында басым болган, ал бор дәуірінің сонында өліп біткен топ. Сырткы пішіндері
саговниктерге уксас. Тіксабакты, сабактары туйнекті. Барлык
жаланаштүкымдылардан айырмашылыгы бүрі қосжынысты (ұзындығы 14 см, ені 8 см).
Бүрінің кұрылысы: ортасында өсі бар, оның негізінде турі өзгерген гүлсерік - жапырактары орналаскан. Өстін үшында микроспорангиялары бар
44
микроспорофилдер орналаскан (жас күйінде ұлутәрізді бүратылған). Микроспорофилдерінде микроспорангиялары дамыған. Бүл тозаңкаптың түрөзгерісі. Бүрдің үшында мегаспорофилдер орналаскан, оның үзын аяғы болған, ал оның ұшында түкымбүрі орналасқан. Мегаспорофилдер аралығында жыныссыз кабыршактар болған, олардың жоғарғы бөлігі ұлғайып түкымбүрін жауып түрған - түқымның жартылай жабылуы. Қосжынысты бүр - гүл пайда болуының стробилярлы теориясына негіз болды. Бүл теорияны агылшын палеоботаниктері Арбер жэне Паркин күрған болатын.
Гинкголар класы - Ginkgoopsida
Қазіргі заманда бір ғана түрі белгілі. Ол - Ginkgo biloba - «тірі казба». Пермь дэуірінде пайда болған, триас жэне юра дәуірлерінде оте жаксы дамыған, ал бор дәуірінде өліп біткен. «Тірі казба» жабайы түрінде оңтүстік-шығыс Қытайдың таулы аймактарында сақталған. Мәдени турі кең көлемде өсіріледі. Бүл Қытай жэне Жапония буддистерінің касиетті ағашы. Ол биік агаш (биіктігі 30 м, диаметрі 3 м), кабығы қошкыл-сүр түсті, моноподиальды бүтактанған, жапырактарының сағағы ұзын. пішіні үшбүрышты (желпуіштәрізді, веертәрізді). Жапырак тақтасынын ортасындағы жүйкесі жапырақты 2 симметриялы бөлікке бөледі. Қыска аталык бүрлерде (стробилдерде) микроспорофилдері дамиды, аналык стробилдерде тұкым бүрі болады. Екі үйлі. Өсімдіктін үрыктануы сперматазоидтар аркылы журеді. Гинкго тұқымының мөлшері 2-2,5 см, ашыктүсті, өріктің жемісіне үксайды. Жапон тілінен аударғанда гинкго - күміс өрік деген мағынаны білдіреді (Германияда бұл өсімдік - «Гете агашы» деп аталады). Түкымы пісірілген, куырылған куйінде жеуге жарамды, емдік касиеті бар.
Қылкан жапырактылар класы - Pinopsida
Қылқан жапырақтылардың 600 түрі белгілі. Негізінен солтүстік ендікте кен таралған ағаштар, бүталар. Жапырактары көп жағдайда отырмалы, жалпак, төртқырлы, үзындығы 1-2 см ден 30-40 см-ге дейін жетеді. Бүршіктері даражынысты, аталығы көбіне топтасып орналасады, аналык буршігінің кұрылысы алуан түрлі болады. Көбеюі алдыңғы Саговниктер катарына үксас. Практикалық маңызы: баска жасыл өсімдіктер сиякты органикалык заттар түзіп, ауадан көміркышкыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шыгарады.
Кордаиттар класс тармагы - Cordaitidae
Француз палеоботанигі Кордтың қүрметіне бүл катарга кордаиттар атауы берілген. Өліп-біткен өсімдіктер. Девон дэуірінде пайда болған, таскөмір дәуірінде кең таралған, ал триас дэуірінде өліп біткен. Биік ағаштар (30 м), диаметрі 0,5-1 м. Жапырактары үсақ, бірак кейбір түрлерінің жапырақтарынын көлемі 1 м-ге дейін жеткен.
45
Қылқан жапырақтылар класс тармагы - Coniferales
Бұл ен ірі катар (600 түрі белгілі). Солтүстік жарты шарда таралған (кылкан жапыракты аймак). Оңтүстік жарты шардың Тасмания, Жана Зеландия, Австралия, Оңтүстік Америка, Патогония, Отты жер аймактарында кездеседі.
Қылкан жапырактылар тропикалык белдеудің тек таулы аймактарында өседі. Таскөмір дәуірінде (карбон) пайда болып, үшіншілік дэуір - бор дэуірінде кең таралған. Мұз басу кезеңінің әсерінен олардың шекаралары тез кысқарған. Мұз басуга дейін Шпицберген, Гренландияда мекендеген болатын. Мұз басу Еуразия материгіне күшті эсер етті. Сондыктан болуы керек Еуразияда қылкан жапырактылардың түрлік алуантүрлілігі кедей. Солтүстік Америка материгіне мұз басу әсері онша күшті болмады, Аппалач тауларының меридиональды орналасуына байланысты кылканжапырактылар онтүстікке ығып, кейін кайтып калпына келді. Оңтүстік Азияда мұз басу болмады (криптомерия, метасеквоя, агатис).
Қылкан жапырактылар ағаштар. сирек бүталар, бүтақтануы моноподиальды. симподиальды бұтактану сирек. Сабактарының биіктігі 60-70 - 120 м. диаметрі 10-16 м. Көпшілігінің жапырактары енсіз, инетэрізді, кылканды. Кейбіреулерінін (агатис, араукария) жапырактары кандауыр пішінді. Жапырактары көпжылдык (3-6-7-9 жыл). Араукарияның жапырактары 15 жыл өмір сүреді. Көпшілігі мәнгі жасыл өсімдіктер. Жапырактары түсетін түрлерге балкарағай, метасеквояны жаткызуға боладьг. Кылқанжапырақтардың мөлшерлері бірдей емес: 1-2 см-ден (шыршада), 30-40см-ге дейін (батпак карағайы), араукария жапырағынын ұзындығы 17-18 см. Жапырактар спираль тэрізді бүратылып немесе шоқтанып орналаскан. Негізгі тамыры өте жаксы дамыған. Қабығы трахеидтерден тұрады, шайыр жолдары, сонымен бірге күрамында шайыр, эфир майлары, бальзамдар болады. Тұкым аркылы көбееді,
ұрыктану өсімдік өмірінің 25-30 жылында басталады. Вегетативті көбею нашар жүреді.
Кэдімгі карағайдың даму циклін қарастырамыз. Кәдімгі карағай - 10 туысы, 250 - дей түрі белгілі. БҚО 4 турі, 4 туысы кездеседі. Бұл бірүйлі өсімдік. Микро- және мегаспорофильдері бүрге жинақталған.
Аталык бүрдің қүрылысы. Жас өркендердің негізінде масак тэрізді гулшоғырына жиналған аталык бурлер калыптасады. Бүрдің ортасындагы өсіне микроспорофиллдер бекиді, эрбір микроспорофилде екі-екіден микроспорангия болады. Әрбір микроспорангиялардың іиіінде көптеген микроспоралар түзіледі. Микроспорангиялардагы микроспоралар өсіп 2 клеткалы аталык ескінге, вегетативті клетка тозан түтігіне айналады, ал антеридиальды клетка екі спермия береді. Осы күйдегі тозан жел аркылы түкымбүрінін тозаңжолына түседі. Тозаң екі кабатпен қапталған: ішкі кабаты - энтина, сырткы -экзина. Қарама-карсы ұштарындағы экзина мен энтина бірігіп өсіп кетпеуіне байланысты ауаға толы кеңістік пайда болады, ауа қапшыктары тозаннын желмен таралауына септігін тигізеді.
Аналык бүрдің қүрылысы. Жас өркендердің ұшында аналык бүрлер өсіп шығады. Бүрдің өсі болады, оған жабындық кабыршағы жэне тұкымбүрі бар
46
мегаспорофилдер бекиді. Түқымкабыршағының негізінде 2 карама-карсы тұкымбүрлері орналаскан.
Тұкымбүрінің кұрылысы. Тұқымбүрінің үстіңгі бөлігі 3 қабатты интегументпен жабылған, жоғарғы бөлігін интегумент толық жаппай саңылау қалады, ол жерде микропиле (тозаңжолы) пайда болады. Одан кейін нуцеллус орналасқан, бүл мегаспорангияның қабығы. Түкымбүрінің ортасында алғашкы эндосперм, яғни аналық өскін болады. Эндоспермде, микропиленің астында 2 архегоний орналаскан (басқа кылқанжапырақтыларда одан да көп болуы мүмкін). Саговниктердің түкымбүрінен айырмашылығы тозаң камерасы (жэне сүйықтық) болмайды.
Тозаңдануы, ұрыктануы. Екіклеткалы микроспора микропилеге келіп туседі. Микропиле бойымен нуцеллуске жетеді. Мүнда вегетативті клеткадан гаустория түзіледі, ол тозанды нуцеллуске бекітіп, қоректендіреді. Тозандану мамыр айында жүреді. Тозаңжолы жабылады. Жаз бойы бүр өседі, күзде шайыр бөлінеді де кабыршақ түкымбүріне бірігіп кетеді, осылайша тұкымбүрі кыстап шығады. Келесі жылдьщ көктемінде үрыктану процесі жүреді. Гаустория өзінің бір ұшындағы 2 козғалмайтын спермиямен тозаң түтігіне созылып, архегонияға қарай өседі. Архегонияға жеткен соң түтіктің ұшы жарылып, спермиялар архегонияге жакындап жүмыртқа жасушасымен косылады (тек бір архегониямен). Диплоидты зиготадан үрык дамиды, ал барлық түкымбүрі тұкымға айналады. Тұқым үшінші жылы өскін береді (кейбір тұкымдар бір жылдың ішінде өсіп шығады).
Қылқан жапырактылардын саговниктерден айырмашылығы: Сүйықтығы бар тозаң камерасы жок; Ұрықтану сперматазоидтар емес спермиялар аркылы жүреді; Вегетативті клеткадан түзілген тозаң түтігі арқылы козғалмайтын спермияларды архегонияға жеткізу; Аталык гаметофиттің редукциясы (2 клеткалы).
Қылканжапырақтылардың тек танымал түкымдастарына тоқталамыз. Араукариялар - Araucariaceae, Подокарптылар, аяқжемістілер - Podocarpaceae, Тиссалар - Тахасеае, Қарағайлар - Ріпасеае.
Араукариялар түкымдасы - Araucariaceae
Ең ежелгі, әрі қарапайым түқымдас, сперматазоидтары 1968 жылы табылған. Биік, мәңгіжасыл ағаштар (биіктігі 50-75 м, диаметрі 1-2,5 м), 2 мын жылға дейін өмір сүреді. Орман шаруашылығына тиімділігі 300 жаска дейін. Тек қана оңтүстік жарты шарда (Оңтүстік Америка, Австралияның шығысы, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея, Тасмания) таралған. Біздін кезімізге дейін тек 2 туысы сақталған: Араукария (шамамен 20 түрі бар), Агатис (20-25 турі белгілі).
Араукария туысы (Araucaria) үнді тайпасы араукандардын күрметіне аталған (Чилидегі Арауко провинциясы). Араукария Оңтүстік Америкада кездеседі, 2 түрі бар: кең таралған - чили араукариясы (Чилиде жэне Аргентинаның батысында) жэне бразилиялық араукария (Бразилиянын оңтүстігінде жэне Отты жерде кездеседі). Бүлар биік өсімдіктер (60 метрден
47
жоғары), өте тығыз сүрегі кең колданыска ие. Түкымдары ірі жэне тамакка пайдаланылады.
Агатис туысы (Agatis) - биік ағаштар (биіктігі 70 м-ге дейін, диаметрі 2-3 м), жапырактары ірі (ұзындығы 17-18 см, ені 6 см), бірак ұсак жапыракты түрлері де болады. Австралияның шығысында, Жана Зеландияда кездеседі. Сүрегі ете тығыз, мықты (кеме жасауда, музыкалык аспаптар жасауда сүрегін пайдаланса, шайырынан лак, сыр жасауда колданады).
Подокарптылар түкымдасьг- Podocarpaceae
140 түрі белгілі. Оңтүстік жарты шарда таралған, алайда кейбір түрлері шыгыска карай ығыскан, Үндістан, Қытай, Жапонияда кездеседі. Бұлар жапырактары көлемді (15-35 см) ірі ағаштар (биіктігі 50-60-80 м), немесе бүталар. Өкілі: Подокарпус (Аяқжеміс).
Тиссалар түкымдасы - Тахасеае
Тиссалар - мэнгі жасыл ағаштар немесе бұталар. Солтүстік жарты шарда таралған. Екі үйлі. жапырактары таспа тәрізді, кезектесіп орналаскан. Біртіндеп жойылып бара жаткан ежелгі туқымдас. Негізгі ерекшелігі: кәдімгі бүрлердін болмауы, ал аналык бүрлері тіптен жок. Тұкымбүрлері өркен ұшындагы жапырактарынын колтығында орналаскан. Түкымбүрі. соңынан тұкым да етті орама жапырактармен жабылған, алғашында жасыл реңді, кейін ашык түстерге боялады. 4 туысы. 20 түрі бар. Ең кең тараған туыс —тис (Taxus). Т. baccata (кәдімгі, жемісті тис). Бұл ағаш, биіктігі 15-20-30 м, диаметрі 1,5 м. өмір суру үзактығы 2-3 мың жыл. Жерорта теңізінде, Кіші Азияда, ТМД елдерінде (Украина, Белоруссия, Кавказда) таралған. Жапырактары таспа тэрізді, жалпак, кезектесіп орналасады. Сүрегі өте тығыз, кызыл түсті, осыдан «кызыл терек» деп атап кеткен. Сүрегінің шіруі өте үзак уакыт журеді. Құрылыс материалы ретінде колданылады. Тис шырпуға көнеді, бірак өте жай өседі.
Қарагайлар түкымдасы - Ріпасеае
Ең ірі тұкымдас, 10-11 туысы, 250 түрі белгілі. Мәнгі жасыл (балкарағайдан баскасы) өсімдіктер. Қылканы дара-дара немесе жұптанып. кейде екеуден шоқтанып орналасады. Дара кылқанды өкілдері: шырша - рісеа (45-50 турі бар), ТМД елдерінде 10 түрі кездеседі. Солтүстік жарты шарда кен таралған. Биік, әдемі ағаштар (биіктігі 50-60-90 м, диаметрі 1,5-2 м), 500-600 жыл өмір сүреді. Ағаш өсімдігінің діңінен жоғары тармактала өскен бөлігі (крона - бөрікбас) конустэрізді, бүтактары шоктанып орналаскан. Қылканы кыска, дара, 3-6-7-9 жыл өмір сүреді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер). ТМД елдерінін көлеңкелі ормандарында кең таралған түрлері: Кэдімгі шырша - P.exelsa, Сібір шыршасы - P. sibirica.
Кэдімгі шырша ТМД елдерінің Еуропа бөлігінде таралған (Сібірге ене орналаскан), ал Сібір шыршасы сібірде кездеседі. Кэдімгі шыршанын бүрі
48
ірілеу, кабыршакты, иіліп орналаскан, ал сібір шыршасының бурлері ұсак, кабыршактары тегіс. Кавказда - шығыс шыршасы, Орталык Азияда - Шренка шыршасы, Таяу Шығыста - аян шыршасы, кэріс шыршасы таралған. Шыршаның көп түрі Солтүстік Америкада (канада шыршасы, тікенді шырша, кара шырша, күмісті-күлгін шырша, көгілдір шырша жэне т.б.) кездеседі.
Кэдімгі жэне сібір шыршаларының практикалык маңызы зор. Олардан курылыс материалдарын дайындайды жэне кағаз, токыма өндірісінде колданылады, өзегінен илік заттар, шайыр, скипидар, канифолл жэне т.б. алады. Бір куб метр шырша сурегінен 600 костюм жэне 4 мың дара нәски дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |