Жоғарғы оку орнына арналған оку кұралы. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚму бак, жэне баспа орталығы, 2007. 121 б



бет11/26
Дата01.04.2020
өлшемі3,3 Mb.
#61310
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Өсімдіктер систематикасы кітап


Самырсын туысы (Abies) 40 түрі бар, ТМД елдерінде - 9 турі кездеседі. Солтүстік жарты шарда кен таралган. Қылканы дара, жумсак, төменгі жағында екі жолакты балауызды катпары бар. Бүрлері тік тұрады, шашылады. Қабығы сур түсті. ТМД елдерінде сібір самырсыны (биіктігі 40 м) кездеседі. Көлеңке суйгіш сциофитті өсімдік. Көлеңкелі ормандарда ғана өседі. Медицинада колданылатын (жаралардың орны тез бітіп кету үшін) шайыр алынады. Батыс Еуропада еуропа самырсыны, ал Солтустік Америкада бальзамды самырсын кездеседі.
Практикалык манызы зор. Сүрегі жумсак, тегіс, шайыр жолдары жок.
Атақты итальяндық скрипкаларды альпі самырсындарынан жасайды.
Қылкандары топталып орналасатын өкілі.
Қарагай туысы (Pinus). 100 түрі бар. Мәңгі жасыл ағаштар, кылқандары 2-5 немесе одан да көп болып шоктанып орналасады, сүрегінде шайыр жолдары болады. Ең кен таралған өкілдер: Кэдімгі қарағай —P.sylvestris, Сібір карағайы —P.sibirica
Кэдімгі қарағай. Биік, мэңгі жасыл ағаш, ағаш өсімдігінің дінінен жоғары тармактала ескен бөлігі (крона —бөрікбас) жұмыр, кылканы жүп, үзын, кабыгы қызғылт реңді, бүрлері усак. тұқымдары да усак. тамакка жарамсыз. ТМД елдерінің еуропа бөлігінде кылкан жапыракты ормандар түзеді. Сібірде кен таралған. Құмды топырактарда өседі.
Сібір карағайы (сібір кедрі деп атайды). Бүл кэдімгі карағайдан да мыкты ағаш. Негізінен бастап бутактанады. Қылкандары бесеуден орналаскан. Бүрлері ірірек, тұкымдары (кедр жанғактары) тамакка жарамды. Сүрегін курылыс материалы ретінде (кеме жасауда, жиьаз жасауда) пайдаланады. Сібір карағайының сұрегі тығыз, терезе рамаларын жэне карындаш жасауда колданады.
Сібір қарағайы Батыс Сібір жэне Сібірдің онтүстік-шығыс бөлігінде таралған. Қырымда қырым карағайы, Станкевич карағайы кездеседі. Пицун карағайы Кавказда өседі. Грузияда эльдар қарағайы таралған. Сібірдін таулы беткейлерінде стланикалы кедр (жатаған карагай)өседі. Солтүстік Америкада да Қарағай өте көп (сары карағай, батпак карағайы(биіктігі 100 м), кант карағай, монтесум карағайы, веимутова және т.б.).

49

Кипаристер тұкымдасы (Cupressaceae)
Кипаристер бірнеше түрлерден тұрады. Біз тек аршаға токталамыз. Аршалар туысы өте жай өседі, 500 - 1000 жылға дейін өмір сүреді. 60
түрі белгілі. Кэдімгі арша (Juniperus sabina) - күмды жерлерде төселіп өсетін, буталар. биіктігі 1,5 м, жапырактары кабыршақтэрізді. Жемісі шырынды жидек БК обылысында кұмды аймак: Қарағаш, Аккүмда кездеседі. Кэдімгі арша реликт Батыс Қазақстан облысынның Жасыл кітабына енгізілген.
Гнеталар немесе қабыршакты түкымды класы - Gnetopsida, Chalymidospermatopsida
Қабыршакты тұкымдылардың өзгешелігі: микро- жэне мегаспосрофиллдердін касында жабындык кабыршактар немесе гүлсерігі түзіледі. Аталық гаметофиты екі клеткалы, ал аналық гаметофитінде тұкым бүрінен, эндоспермнен, екі архегониядан тұрады. Кабыршакты тұкымдылардың осындай белгілері гулді өсімідіктерге ұксас. біракта олар ашык түкымдыларға жататын өсімдіктер.

Эфедралар немесе қылшалар катары (Ephedrales)
Бір туыс, 40 түрі белгілі. Мэңгі жасыл бұталар, кабыршакты жапырактары жаксы жетілген. Эфедралар дала, шөлейттерде Еуразия мен Америка материгінде өседі. Қазакстанда екі түрі, БКО-да бір түрі кездеседі (Ephedra distachya).
Бұлар екі үйлі өсімдіктер . Аталық микростробилдарында немесе бүрлерінде 2 - қабыршактары карама —қарсы орналасады. Төменгі екі кабыршағы көбеюге жарамсыз, ал баска кабыршақтарының қолтығында микроспорангиялар дамиды. Әрбір микроспоронгиядан екі клеткалы аталык өскінше немесе аталык тозаң пайда болады. Аналык бүрлерде көбеюге жарамсыз кабыршактар дамиды, олардың ұшында түкым бүрі орналасады. Мегаспоронгиялар екі кабатты, бірінші кабаттынан микропилярлы түтікше дамиды. Оған микроспоралар түсіп тозандандырады. Мегаспорангиянын орталығын нуцеллус алып жатыр. Оның жоғарғы жағында тозан камерасы, төмен карай екі архегония орналасады. Тозаң түтік аркылы тозаң камерасына түсіп, архегония жұмыртка клеткасын ұрыктандырады. ¥рыктанған жаңа клеткадан тукым пайда болады. Тұкым сыртынан шырынды қабыршакпен капталады. Гүл серігі кызыл түсті. Кейбір ғалымдар эфедралардын ата - тегін папортниктерден шыккан деп санайды.

Ен маңызды өкілі Е, equsetina алкалоидтар алуда, медицинада астма, аллергия ауруларына дәрілік есебінде колданады. Ephedra distachya БҚО-нын


борлы аймақтарында кездесетін сиреп бара жаткан өсімдік, сондыктан ол БҚО-ның үлттык байлығы.



50

Бақылау сұрактары:


    1. Ашык тұқымдылардың (жабыктұкымдылардың) жалпы сипаттамасы.




  1. Тұқым, оның спорадан айырмашылығы.




  1. Қылкан жапырақтылардын морфологиясы.




  1. Қылкан жапырақтылар мен гнеталардың көбеюі, даму процестері.




  1. Қылкын жапырақтылардын классификациясы.




  1. Қарағайдың аналык, аталык бүрлерінін курылысы.




  1. Қылкын жапырактылардың тозандану, урыктану жэне тұқым пайда болу процестері.




  1. Ашық тұкымдылардың тіршілік цикліндегі спорофит жзне гаметофит.




  1. Қабыршакты тұқымдылар мен қылкан жапырақтылардың уксастыктары мен айырмашылығыгы.




  1. Ашық тұкымдылардың эфолюциясы.


ЖАБЫҚ ТҰҚЫМДЫЛАР НЕМЕСЕ ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕР бөлімі - ANGIOSPERMAE, MAGNOLIOPHYTA
Гулді өсімдіктер деп аталу себебі, тек кана бул өсімдіктерде барлык мүшелері бар гүлі болады. Бұл ен үлкен бөлім 390 тұкымдасы, 13 мың туысы және 240 мың түрі белгілі, ен жоғары уйымдаскан, жас жэне ең кең таралған, сонымен бірге практикалык маңызы үлкен өсімдіктер бөлімі. Гүлді өсімдіктер (казба қалдықтары бойынша) юра дәуірінін соңында, бор дэуірінің басында пайда болған, ал бор дәуірінін ортасында тез таралып баска өсімдіктерге Караганда басымдылык таныткан. Орыс систематигі М.И.Галенкиннің (1927 жылы) пікірі бойынша Жер бетінде планетарлык өзгерістер болған. Атап айтсақ, кургакшылык жэне өте каркынды жарықтың түсуі. Мундай климаттык өзгерістер папоротниктэрізділер мен жалаңаштұкымдылардың бейімделе алмай жойылуына себеп болып табылады, ал жабықтукымдылар жас топ
болғандыктан бейімделіп, тіршілігін жалғастыра берген. Жабыктүқымдылардың кең таралуы гаметофиттің өте жаксы корғалуына байланысты, гүлдің пайда болуы, әсіресе жана бөлімдері бар, тек кана
жабықтүқымдыларға тэн күлтенің пайда болуы гаметофиттің корғаныштылығын арттырды («гүл» деп, кабықты тукымдыларда микроспорофилдер мен мегаспоралардын жиналған шогын атайды, мысалы, эфедра). Гүл - бұл көлемі 1 мм болатын бірнеше бірігіп өсіп кеткен жеміс жапырақшалары, ал күлте - бұл мегаспорофилдер. Тозаңкаптар - бұл түрі өзгерген микроспорофилдер, ал тозан —бұл микроспорангия.
Тұқымбүрінің курылысы. Тұкымбүрі үстіңгі жағынан 2 қабатты интегументпен жабылған, ол жоғаргы бөлігін жаппай, тозаңжолын түзеді. Аналық өскін —редукцияға ушыраған, клеткалык күрылымы жок, 8 ядролы ұрык қапшығынан тұрады. Жабыктүкымдылардың баска өсімдіктерден негізгі ерекше белгісі косарынан үрыктануы. Оны 1898 жылы Навашин ашты.
Ұрықтану. Аталыктың тозаңкаптарында микроспоралар немесе тозандар түзіледі, олар өсе келе 2 клеткалы аталык өскінге айналады: антеридиапьды

51


жэне вегетативті (тозан түтігін түзеді). Осы күйінде тозан — аталык өскін аналыктын аузына келіп түседі. Вегетативті клетка созылып тозан түтігін түзеді. тозаң түтігі түкымбүріне карай өседі. Антеридиальды клеткадан 2 спермия түзіледі, тозан түтігі спермияларды ұрык калтасына жеткізеді. Ұрық калтасына жеткен сон ұрык кабы жарылып. спермиялар шығып, бірінші спермия жүмыртка жасушасымен косылып, үрыктану жүреді. екінші спермия орталық ядроға жакындап косылады. 3 жеміс жапыракшасынан туратын ядродан екіншілік эндосперм дамиды. Эндосперм аналык жэне аталык өсімдіктердін белгілерін сактайды, сондыктан эндосперммен коректенген үрык тұкымкуалаушылык белгілерін жаксы сактап. коршаған орта кұбылыстарына тез бейімделе алатын касиеттерге ие болады. Мұндай процесс косарынан үрықтану деп аталады.
Жабыктүкымдылардың морфологиялык - анатомиялык күрылымы күрделі. Вегетативті мүшелер күрделенген, алуантүрлі. Өткізгіш ұлпалар түтікшелер жүйесінен тұрады, ал олар судың жэне минералды түздардын өсімдік мүшелеріне тез жеткізілуін қамтамасыз етеді. Жабыктүкымдыларда жапырактары түсетін формалар пайда болған. Шептесін тіршілік формасы басым болып келеді. Гүлді өсімдіктерде вегетативті көбею өте жаксы дамыған.
Гүлді өсімдіктердін шығу тегі. Жабыктүкымдылардын пайда болу мерзімін ескере отырып (юра дәуірі - жалаңаштүкьшдылардың каркындап даму кезені) олардың ата-тегі жаланаштұкымдылар деп есептеледі. Гаметофит редукциясы жаланаштүкымдыларда басталып, жабыктүкымдыларда жалғаскан (8 ядролы урык. архегониялардын жойылуы).
Гүлді өсімдіктердің пайда болуыньщ бірінші теориясы - Псевданциев теориясы («псевдос» - жалған, «антос» - гүл). Бұл теорияның негізін Австрия
ғалымы Ветштейн калаған. Ветштейн теориясы бойынша жабыктүкымдылардың гүлі эфедралардың микроспорофилдері мен мегаспорофилдерінен пайда болған. ¥сак коршап орналаскан жапырактар ұзак эволюция процесінің нэтижесінде гүлсерігіне айналуы мүмкін. Осылайша тозанды өсімдік калыптасуы мүмкін еді. Мегаспорофилдер эволюция нэтижесінде аналыкка айналуы мүмкін. Қоршап орналаскан жапырактар негізінен гүлсерігіне айналган. Ал енді калайша косжынысты гүл пайда болған деген сүракка тозанкаптар мен аналыкка жатынньщ косылып өсуінен деген теория сенімсіз болды

Екінші теория - стробилярлы теория. Бұл теорияның негізін ағылшын геоботаниктері Арбер мен Паркен (1906) калаған. Олардың зерттеулері бойынша 1896 жылы (казба калдыктарынан табылған) ашылған косжынысты бүрлі беннетиттерден гүл пайда болған. Қоршап орналаскан жапырактар эволюция нәтижесінде гүлсерігіне айналып, ал микроспорофилдер -


тозанкапка, мегаспорофилдер аналык жатынға айналган. Осындай жолмен магнолия типті косжынысты гүл пайда болуы мүмкін еді.
1970 жылы совет систематигі АЛ.Тахтаджян беннетиттер мен жабыктұкымдьглардың бір ата-тектен шығуы әбден мүмкін деп тужырымдады,

бірак неден пайда болғаны белгісіз. Мүмкін түқымды папоротниктерден пайда болған шыгар.




52

Тахтаджянның пікірі бойынша жабыктұкымдылар Азиянын онтустік - шығысында пайда болған. Кейбір авторлар коңыржай белдеуде пайда болған дейді. Гүлді өсімдіктердін эволюциялық белгілері: ағаштар, буталар. көпжылдык, біржылдык шөптесін өсімдіктер; өсімдіктердің сабағы алғашында тік болған, бірак кейін төселмелі, жатаган, өрмелегіш жэне т.б. түрлері пайда болған; мәңгіжасыл және жапырағы түсетін формаларының болуы, жәй бутін жапырактар, сонымен бірге жэй тілімділген, күрделі тілімделген жаиырактарынын болуы; гүлшоғыры алғашында күрделі болып одан кейін дара гүлшоғырлы өсімдіктер де пайда болған; актиноморфты және зигоморфты гүлдер; кос гүлсерікті жэне дара гүлсерікті формалары бар; гүлдерінің мүшелері дара орналаскан, содан кейін бірігіп кеткен; түкымдары екі жарнактан жэне бір жарнактан түрады.
Гүлді өсімдіктер екі класка бөлінеді: косжарнактылар жэне даражарнактылар.

Косжарнактылар класы - Dicotyledoneae
Косжарнактылар класының 429 тұкымдас, 10 мын туыс, 190 мың түрі кездеседі. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер. Жапырактары жай немесе күрделі, жапырак сағактарынан жэне жапырак тактасынан түрады. Гүлдері 5 немесе 4 типті. Тұкымы - екі түкымжарнағынан түрады.
Магнолидтар катары - Magnoliales
Қазіргі магнолиялар гүлді өсімдіктердің арғы тегі болып табылады. ал бұлардан казіргі замандағы гүлді өсімдіктердің барлык эволюциялык тармактары тарамдалған.
Магнолиялар тукымдасы - Magnoliaceae
Магнолиялардың арасында ағаштар. бүталар кездеседі. Олар мэнгі жасыл өсімідіктер, жапырактарында эфирлі жолдары бар, гүлдердін кұрылысы карапайым, кеп мүшелі. Олардың 12 туыс, 240 түр белгілі, Азияның және Солтүстік Американың таулы -орманды аймақтарында кездеседі. Ең кең тараған туысы — магнолия (Magnolia). Мәнгі жасыл ағаш. биіктігі 30 м . Жапырактары ірі, жэй терілі. Гүлдері ірі, косжынысты, актиноморфты. гүлсерігі 6-12 күлте жапыракшадан турады. Аталығы мен аналығы көп. спираль тэрізді орналаскан. Жемісі таптамалар жиынтығынан турады.

Ранункулидтар катары - Ranunculales
Дүние жүзінде бүл катардың 13 тұкымдас. 200 туысы. 4000 түрі кездеседі.
Арғы тегі магнолидтарға ұксас.



53

Сарғалдақтар тұқымдасы - Ranunculaceae
Жер шары флорасында сарғалдактар тұкымдасынык 66 туыска жататын, 2000-ден астам түрі белгілі. БҚО-да 15туыс, 44 түрі кездеседі. Сарғалдақтар негізінен көпжылдык шөптесін өсімдіктер, бүталар немесе лианалар. Олардың көпшілігі қоңыржай жэне салқын климатты аймактарда. кейбір түрлері тропикада кеңінен таралған. Жапырактары жай. саусак салалы, торлы жүйкеленген. Гүлдері эртүрлі, дара немесе гүлшоғырларына шокганып орналасады. Гул бөліктері оралма бойымен орналасуы мумкін немесе кейбіреулері шеңбер күрып орналасады. Гүлдерінің көпшілік түрлері актиномофты жэне кейбір түрлері зигоморфты болып келеді. Гүлсерігі дара немесе кос. Күлте жапыракшаларының саны 4-тен 20-ға дейін, түстері ашык. Сарғалдактарға аналык жатын мен тозаңкаптарының саны көп болуы тән, олар оралма бойымен немесе шеңбер кұрып орналасады. Түйіні жоғары орналаскан. Жемістері көбіне кұрама таптамалардың жиынтығынан, жаңғакшалардың жиынтығынан және жэй жидек тэрізді болып келеді. Сарғалдактар негізінен дәрілік өсімдіктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет