- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. - Гражданское право. Часть особенная. Том I. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство КазГЮА. 2002.
Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008
- Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. Издание дополненное, исправленное. - М.: «Статут», 2002.
- Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
9 апта
7. Сақтандыру міндеттемелері. Міндетті сақтандыру келісім шарттары
1. Міндетті сақтандыру келісім шарттарының сипаттамасы, нормативтік құқықтық реттелуі
2. «Шығыс» АҚ сотқа «Батыс» ЖШС қатысты талап арыз беріп, олардың арасында жасалған франчайзинг шартын бұзу және шығындарын өтеп беру туралы талап қойды. Сот мәжілісін дайындауда келесі жағдайлар анықталды:
«Шығыс» АҚ кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша «Батыс» ЖШС-на өзінің фирмалық атауын, фирмалық белгісін, тауар белгісін, «Батыс» ЖШС-ң иелігіндегі жанармай құю станциясында (ЖҚС) жанармай сатуда, көлік жуу қызметінде, көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында (ТҚКС) және солардың жанындағы кафе қызметінде қолдануға руқсат береді.
Шарт орындалу барысында «Батыс» ЖШС-ы қызмет көрсететін жанармай құю станциясында жанармай сапасы «Шығыс» АҚ-ң өзге ЖҚС станцияларына қарағанда ең төмен болып шығыпты. Оған қоса, бұл ЖҚС тәуліктің қараңғы уақыттарында қызмет көрсетпейді екен, ал шартқа сәйкес ол тәулік бойы үзіліссіз қызмет ету керек.
ЖҚС пен кафенің қызмет көрсету сапасы да өте төмен болыпты, бұл себептен сатып алушылардан үнемі наразылықтар түсіп турады. Ал сотқа талап арыз берудің нақты себебі ретінде жергілікті теледидар бойынша осы ЖҚС-ң қызметі туралы «Барлығы жаман» деген тақырыптағы телерепортажы болыпты.
Сот отырысында «Батыс» ЖШС-ң өкілі ЖҚС-ң қызметіндегі жоғарыда келтірілген кемшіліктерң орын алғандығын мойындай отырып, бірақта «Шығыс» АҚ-ң талаптарын қанағаттандырудан бас тарту қажеттілігін мәлімдейді. Оның себебі – кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты «Шығыс» акционерлік қоғамын тіркеген органмен тіркелмеген, сондықтан ол күшіне енді деп саналмайды да ешбір құқықтық салдарға келтірмейді.
Ал «Шығыс» АҚ-ң өкілі бұл шарт Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитетте тіркелгендігін және сондықтан күшіне енгенін (заңды күші бар екендігін) мәлімдейді.