Іскерлік ойын Іскерлік-ойын Шарттық құқық пәнінде студенттердің шарттардың ерекшелігін түсінуге мүмкіндік беріп, алған білімдері тәжірибеде қалай көрініс табатынын түсіну үшін қажет. Іскерлік ойын студенттердің іскерлік қарым-қатынастарын қалыптастырып, әр-түрлі жағдайлардан шығу жолдарын іздеуге үйретеді, шешім қабылдауға икемділік сияқты қасиеттерін дамытады. Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттері қалыптастырылып, процессуалдық талаптарды сақтауын қажет етеді.
Іскерлік ойынға алдын ала дайындалады: сценарий құрылады, мақсаты көрсетіледі, рөлдер бөлініп, оған кеңес беріледі. Нормативтік құқықтық актілер және басқа да қажетті материалдар қолданылады.
Іскерлік ойындарының негізгі міндеттері мынандай:
- оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау;
- дұрыс шешім қабылдау және дұрыс баға беру біліктілігін қалыптастыру;
- қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;
- шығармашылығын дамыту.
Іскерлік ойынға қатысушылардың міндеттері мен құқықтары бар:
Міндеттеріне:
- тақырып бойынша оқу материалын және өзінің рөлін терең білу;
- ойынға қатысушылардың бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуы;
- ойындағы рөлдік қызметтеріне қарамастан, шындыққа жетуде қызығушылық, белсенділік көрсету және қызықты ой-пікірлерді дамыту;
- нәтижеге жетуге ұмтылу;
- өзінің бағытын дәлелдеп шығу, бірақ кемшіліктерін мойындай білу.
Құқықтарына:
- өзінің рөлдік әрекетін арттыруда рұқсат етілетін барлық құқық нормалары мен құралдарды пайдалану;
- ойынға қатысушылардың рөлдік бағытын анықтау үшін сұрақтар беру;
- ойынның барлық сұрақтарына, пікірталасқа белсене қатысу;
- кез келген анықтама және әдебиеттерді қолдану, пікір айту.
Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері:
Іскерлік ойын өткізер алдында жоспарланған тақырып бойынша студенттер алдын-ала оқу материалдарына дайындалуы қажет;
Оқытушымен студенттерге іскерлік ойынның алдында қарастырылатын жағдай беріліп, түсіндеді;
Рольдерге байланысты топтарға бөлініп, сценарий құрылады;
Берілген тапсырмаға дайындаллуға және шешуге уақыт беріледі;
Іскерлік ойынды студенттермен көрсетуі;
Іскерлік ойында көрсетілген маңызды жақтарына талдау жасау;
Оқытушымен қорытынды жасау.
Іскерлік ойын нәтижелерін қорытындылауда оқытушы мынадай критерилерді басшылыққа алады:
- өтілген тақырып бойынша студенттің білімін;
- студенттің негізгі ойды жеткізе білуін;
- студенттің өз ойын жеткізу қабілетін;
- студенттің талдау және шешім қабылдау дағдысын;
- ұжыммен жұмыс істеу қабілетін;
- даулы жағдайларда шығу жолдарын іздестіру қабілетін;
- студенттердің өзін-өзі ұстау және мәдениетін;
Бағалау кезінде кемшіліктерден гөрі жетістіктеріне көңіл бөлінеді.
Қорыта келе айтарымыз, оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың іскерлік қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру тұлға ерекшелігін дамытуға ортақ әрекет арқылы пәрменді етуге көмектеседі.