Жоғары құқық мектебі



бет2/77
Дата06.04.2023
өлшемі172,84 Kb.
#173867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
103

Алдыңғы реквизиттер: Осы курсты оқу үшін алдын-ала оқытылатын пәндер: Рим құқығы, мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, азаматтық құқық (жалпы бөлім).
Кейінгі реквизиттер: Осы курсты игергеннен кейін оқытылатын пәндер: кәсіпкерлік құқық, тұрғын үй құқығы, отбасы құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, халықаралық жеке құқығы, нотариат.

    1. Пәннің мақсаты нарықтық экономика талаптарына сай, отанымыздың мүддесін ойлайтын мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін осы сала бойынша білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Пәннің міндеттері. Азаматтық құқық құқық саласының көлемді де, маңызды саласы мен заңдылығы болғандықтан, оны оқытудың маңыздылығы еш күмән тудырмайды. Бұл көптеген заңи жоғарғы оқу орнындарында жүздеген жылдар бойы оқытылып келе жатқан пән.
Азаматтық құқықтың Ерекше бөлімінің қабылдануы зерттеудің аса өзектілігін білдірмек. Жаңа кодексте қазақстандық заңдылыққа бұрын-соңды белгілі болмаған институттар енгізілді (лизинг шарты, франчайзинг, факторинг және т.б.), ал дәстүрлілері көптеген мәселелерді жаңаша шешіп жатыр (мысалы, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға алу, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқығы және т.б.).
Сондықтан заңи жоғарғы оқу студенттеріне бұл пәнді, соның ішінде Ерекше бөлімді білу өте қажет.
Пән құрылымы Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы үш тараудан тұрады: Азаматтық құқық (жалпы бөлім), Азаматтық құқық (ерекше бөлім), Халықаралық жеке құқық.

    1. Пәннің мазмұнын игеру үшін қойылатын талаптар

«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)» пәнін меңгеру нәтижесінде студент:
- Шарттан туындайтын міндеттемелер, шарттан тыс туындайтын міндеттемелер, сондай - ақ конкурстық міндеттемелердің бөлек түрлерін, интеллектуалдық меншік құқығын, мұрагерлік құқықты оқуға арналған. Тақырыптарды қарастыру Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) құрылымына сәйкес келеді. Азаматтық құқықтың (ерекше бөлім) бұл бөлімін оқыту аса маңызды - азаматтық құқық пәнін оқытудың жалғасы болып табылады. Ерекше бөлімді оқыту кезінде жалпы бөлімдегі өткен сұрақтар одан әрі логикалық жалғасын, олардың арақатынастарын негізгі түрлерін, оларды ажырату критерийлерін білуі тиіс.
«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)» пәнінің заңи ұғымдар мен категорияларына сүйенуге;
Шарттан тыс туындайтын міндеттемелер талдауға, түсіндіру мен дұрыс қолдануға;
Шарттан туындайтын міндеттемелерді талдауға, түсіндіру мен дұрыс қолдануға;
Интеллектуалдық меншік құқығын және мұрагерлік құқықты талдауға, түсіндіру мен дұрыс қолдануға;
ҚР азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша білікті заң қорытындылары мен кеңестер беруге;
Заң құжаттарын және шарттарды дұрыс құрастырып, рәсімдеуге қабілетті болуы тиіс.
ҚР азаматтық-құқықтық терминологияны;
ҚР -ның кәсіби қызмет объектілері болып табылатын түрлі азаматтық-құқықтық құбылыстарды, заң фактілерін, азаматтық нормалар мен құқықтық қатынастарды талдау, құқық қолдану мен сот тәжірибесін талдау; дауларды, мәселелер мен қайшылықтарды шешу, азаматтық құқық нормаларын іске асыру; азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қажетті шараларын қабылдау қабілеттілігін игеруі тиіс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет