Жоғары құқық мектебі


Сабақтас құқықтар объектілері



бет64/77
Дата06.04.2023
өлшемі172,84 Kb.
#173867
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Байланысты:
103

Сабақтас құқықтар объектілері – ол қойылымдар, орындаушылық, фонограммалар, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарлары
Селекциялық жетiстiктер – ол өсiмдiктердiң жаңа сорттары және жануарлардың жаңа тұқымдары
Интегралды микротәсiмнiң түпнұсқалық топологиясы – ол автордың шығармашылық қызметi нәтижесiнде жасалып, материалдық көздерде көрсетiлген интегралды микротәсiмдер мен олардың арасындағы байланыстардың элементтерi жиынтығының кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы
Ашылмаған ақпарат (ноу-хау) - ол техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпарат, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға белгiсiз, заңда белгiленген талаптар сақталған жағдайда заңсыз пайдаланудан қорғауға жатады. 
Тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) – ол тiркелген не халықаралық шартқа орай тiркеусiз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдiк белгiлер немесе бiр тұлғаның тауарларын немесе көрсететiн қызметтерiн екiншi тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ерекшелеу үшiн қолданылатын басқа да белгiлер
Тауардың шыққан жерiнiң атауы (шыққан жерiн көрсету, белгілеу) – ол айрықша қасиет ерекшелiгiмен немесе негiзiнен географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен немесе өзге де факторлармен не табиғи жағдайлардың және сол факторлардың ұштасуымен айқындалатын тауарды белгiлеу үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң атауы
Мұрагерлік – ол қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. 
Мұраның ашылу орны – ол мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi. 
Заң бойынша мұрагерлер – олар мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар
Мұрагерлердi қосымша тағайындау - ол өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе Азаматтық Кодекстiң 1045-бабындағы тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындауы
Құпия өсиет – ол өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен таныспай-ақ оны арнайы тәртіппен куәландыратын өсиет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет