14 Дәріс Тақырыбы: Теледидардағы жастар хабарлары Дәріс мақсаты



Дата10.12.2022
өлшемі27,25 Kb.
#162173
Байланысты:
Лекция-1665126642120


14 Дәріс
Тақырыбы: Теледидардағы жастар хабарлары
Дәріс мақсаты: Теледидардағы жастар хабарлары туралы студенттерге талдап, түсіндіру.
Жоспар:
1. Бүгінгі теледидардан жастарға ұсынылып жүрген сан алуан, қызықты багдарламалардың бастауы.
2. Жастар редакциясының ұйымдастырушылық қабілетін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы белсенділігі.

Бүгінгі теледидардан жастарға ұсынылып жүрген сан алуан, қызықты бағдарламалардың бастауы, темірқазығы - Қазақ теледидары жастар редакциясының тарихында қүнды дүниелер мен айтуға тұрарлық естеліктер аз емес. Тарихи бастауларына бойлап, көз жүгіртелік (сөз болатын бағдарламалар жайлы деректер Қазақстан Республикасы Орталық мұрагатының 1489-қорынан алынды).


Қоғамдық өзгерістердің нагыз жаршысы бұқаралық ақпарат құралдары болғандықтан, ол қоғамдық формациямен тікелей байланысып, оның әр сатысында жаңа мазмұн, жаңа түрге ие болады. Кеңес Одағы тұсында бұқаралық ақпарат құралдарының социализмді жырлағаны ақиқат. Алайда бір ғана коммунистік партия үстемдігін жүргізіп тұрған сәтте оған “партияның қолшоқпары болдың” деп айып тағу әділетсіздік болар еді. Теледидардың ойдағыдай дамып, жетілуіндегі социализмнің қосқан үлесін жоққа шығара алмаймыз. Бұл тұстағы жастар бағдарламасының насихаттық рөлін ерекше айтамыз. Қоғамдагы елеулі оқиғалардың бәрі де экран бетінен көрініс тапты.
Жастар редакциясының ұйымдастырушылық қабілетін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы белсенділігін “Құрдастар” мен “Ровесникидің” ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп отырған республикалық “Жолдас” фестивалі, “Жас жігер” телеэнциклопедиясы, жастар телехабарлары нәтижесінде көптеп құрылған республикадағы комсомол-жастар бригадалары, екпінді құрылыстардан көруге болады. “Құрдастардың” тарихи қойнауы тұрақты топтама хабарларға толы. Жыл он екі ай бойы үзбей берілетін, бірінен екіншісіне жалғасып жатқан 50-ге жуық топтамалардың әрқайсысынан-ақ жалынды жастық жігерді, қажырлы еңбек пен қауырт қимылды кездестіреміз. Бір тақырыпты әр қилы қырынан бүге-шігесіне дейін талқылап, тұжырым жасап, ой түйген айдар, хабарлар топтамасынан өзге телеклуб, тележурнал, телеальманах, телеспектакль, телеинсценировка, телеанықтама, телекалендарь, телеплакат, телетолғау, телевикторина тәрізді әр алуан пішіндер теледидар табиғатына лайықталып, өзіндік түрге ие болды. Жастар редакциясының студиясы әдебиет пен өнердің, білім мен еңбектің қасиетін таразылаған киелі мекенге айналды. Ұлы Абай, Шоқан, ЬІбырайдың ғылымның әр саласындагы еңбектеріне кеңінен тоқталып, мұраларын зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, олардың өмірлерінің жастар үшін ерекше үлгі тұтарлық өнеге екендігін дәлелдеп, телекөрермендерге тағылым бере алды. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”), “Жалын”, “Арай”, “Балдырған” журналдары, сондай-ақ “Жалын” баспасы қызметкерлерімен жиі, қызықты кездесулер ұйымдастырып, тақырып таңдау, кейіпкер іздеу, табу т.б. шыгармашылық ізденістер хақында танымал ақын, жазушы, журналистер сөз тізгінін алган-ды. Жастар студиясының қасиетті төріне кімдер келіп, кімдер кетпеген. Асыл сөздің арнасы тарихтың бір қойнауында қатталган күйі қалып қойгандай. Қазақ теледидары жастар бағдарламалардың алтын діңгегі, қайнар бұлақ бастауы. Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол - жастардың тіршілігі, ойы, арманы. Ол - болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жетілген жаңа ақпараттық технологиялардың ішінде теледидардың орны ерекше. Сондықтан жастарға арналған телехабарлар жарқын, өнегелі мазмұнымен жетіле берері даусыз. Жастар бағдарламасы жоғары білімдік деңгейі мен қоғамдық-саяси белсенділігін көрсете отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесті, олардың табиғатына сай бағыт-бағдарын анықтады. Ертеңгі ел басқарар жас азаматтардың бүгінгі дүниетанымы, өмірдегі күрделі құбылыстарга деген көзқарасы, болашақ жас мамандардың арман-мақсаты, ой елегінен өткізер өлшемдері, көкейкесті ашық әңгімесі бүгін де жалғастығын табуы тиіс. Өйткені Жастар редакциясының жастарды тәрбиелеудегі жылдар бойғы жүйесі қалыптасқан. Өткенсіз - бүгіннің, бүгінсіз ертеңнің мәні болмақ емес. Дәуірлер арасындағы сабақтастық пен жалғастық, тарих тағылымы мен болашақты бағамдау рухани дүниенің құлдырауына жол бермесі анық. Жастар редакциясының соқтықпалы, соқталы жүріп өткен жолында аты неше рет өзгергенімен, заты өзгерегн жоқ, жастардыкі болды. Уақыт рухына сай тақырыбы мен мазмұны өзгерсе де, мақста-мүддесі өзгерген жоқ. Сондықтан бүрынғы жастар бағдарламасы мен бүгінгі жастарға арналған хабарлардан ұқсастық табарымыз әбден мүмкін.
Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні бар, мұндай бағдарламалардың мақсаты қашан да күрделі, арқалар жүгі ауыр. Себебі жас көрермендер - оңы мен солын жаңа аңғарып, өмірдің кілтін жаңа алғандар. Олардың табиғаты еліктегіш, сенгіш.
Қазақ теледидарына жаңа пішін, түр енгізген жастар бағдарламасы хабарларының озық ойлы парасатты азаматтар тәрбиелеп, қоғамдық ойды қалыптастырған халықтық сипатын ерекше айтуга болады, ол шын мәнінде жастардың «көзі мен құлағы және тілі» бола білді. Жастар редакциясының 50 жылдық тәжірибесі теледидардың шығармашылық зор мүмкіндіктерін көрсетті, оның жүріп өткен ізі мен мол тәжірибесі бүгінгі бағдарламаларға үлкен үйрену мектебі болары даусыз. Олай болса, жастарды тәрбиелеуде теледидар мүмкіндігін пайдалану үшін бай тәжірибесін өнеге тұта отырып, бүгінгі хабарларды жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Әйтсе де, өзіндік өшпес тарихы бар деп ауыз толтырып айтқанымызбен, жетіспейді деген желеумен магниттік таспадағы хабарлар өшіріліп, үстіне басқа хабар жазылғандықтан, Қазақ теледидарының қорында жастар редакциясы тарихының көнекөз санаулы жазбалары жетімсіреп тұр. Қандай құнды дүниелер еді десеңізші... Өкініштен өндіреріміз шамалы болғандықтан, барды бағалап, қастерлеп, қанағат тұтуға тура келеді.
Жастар бағдарламалары көптеген қызықты хабарлар топтамасы, айдар, тақырыптық жеке хабарларды қамтиды. Жастар редакциясы шығармашылықтың соны әдістерін меңгерген, телекөрермендерге әр түрлі психологиялық тәсілдермен әсер етіп, хабардың қабылдау мүмкіндігін арттырған, аудиторияны сендіре алу қабілетін, батылдық, шыншылдығын көрсеткен. Сатиралық, публицистік тұргыдағы төл туындыларын жасай білген. Жастар бағдарламасының маңызы өз дәуірінің жыршысы бола отырып, жастарды еңбекке үндей білді, ұлттық тәрбиені сіңіріп, әдебиет, мәдениет, өнерді насихаттады. Телекөрермендермен етене жақын араласып, жаңашыры болды, тұрақты аудиториясын қалыптастырды. Жастардың көкірегіндегі мэселелерді толгап, ашық сырласты. Әлі де Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы іскерлік, жан-жақтылық, төзімділік, имандылық, инабаттылық тәрізді қасиеттерді көгілдір экран арқылы жастарға арнайы берері даусыз.


Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. «Хабар» арнасындағы жастар бағдарламалары
2. «Қазақстан» арнасы және ондағы тұрақты айдарлар
3. Жастар хабарлардың берілу тәсілі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. - А., 2011
2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. - А., 1998
3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет