Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, хабарландыру, жоба-жоспар, «Менің арманымдағы үй» тақырыбына шығарма жазу ұсынылады.
II. Қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени саласы
төмендегі тақырыптарда берілген:
1. «Демалыс. Саяхат», төмендегі тақырыпшаларда кеңінен ашыла түседі: «Бос уақыт: оны өткізу тәсілдері», «Сіздерді қызықты саяхатқа шақырамыз!». Олар келесі мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар: типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:
«Сіз тілін оқып жатқан елге саяхат жасағыңыз келеді. Туристік агенттіктен саяхаттың шарттары туралы сұраңыз».
«Қазақстанға келгісі келетіндерге жарнамалық буклеттер жасаңыз».
«Сіз тілін оқып жатқан елге барғысы келетіндер үшін жарнамалық буклеттер жасаңыз».
Достарыңызбен бөлісу: |