- коммуникацияның ауызша және жазбаша формалары саласында студенттер төмендегі дайындық пен қабілеттіліктерді көрсетеді:
- оқып үйреніп жатқан салалар мен сөйлеу тақырыптары шеңберінде естіген және оқыған хабарламаны қабылдау және түсіну;
айқындау, дәлірек анықтау;
әңгімелесушінің айтқанын толықтыру;
пікірталас тудыратын тезисті, ұсынысты алға тарту;
түсіндіру, хабарлы екендікті білдіру;
әрекетке ұйтқы болу және серіктеске мақтау айту;
көмек көрсетуді ұсыну және оған жауап беру;
серіктестің араласуына рұқсат беру;
түзету, ескерту, нұсқау айту;
сөйлеушінің сөзін бөлу;
қарсы қойылған сұрақтарға жауап беру;
бірге ойлауға (индивидуалды әрекетке) түрткі болу;
өз пікірін дәлелдеу; әр түрлі көзқарасқа қарсы тұру; қорытынды жасау;
көңіл ортақтығын, өкінішті, қанағаттануды/қанағаттанбауды білдіру;
қуанышты, көңілі қалуды білдіру;
күдігін, өкпесін, ашуын білдіру;
қорқыныш, шошу, мазалану;
өзінің тұжырымының қате екендігін мойындау;
қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стилдерін сақтай отырып, әңгіме бастау және оны ары қарай жалғастыру;
әңгімеге араласу және оны әрі қарай дамыту;
түсінбегендігін білдіру, айтылғанды қайталап айтуын сұрау; әңгіме тақырыбын өзгерту;
әңгімелесуді аяқтау;
өзін қызықтыратын мәселелерге кең көлемде анық сипаттама беру;
өз көзқарасын жеткілікті дәрежеде анық, толық қосымша тұжырымдармен және мысалдармен дамыту және нақтылау;
ұсынылып отырған ұстанымның жағымды және жағымсыз тұстарын атап көрсете отырып, өзекті мәселе бойынша өз көзқарасын түсіндіру;
ең жалпы сұрақтар бойынша дайындықсыз, анық нақты хабарламалар жасау;
маңызды тұстарын атап көрсетіп, белгілі бір көзқарасты қолдайтын және қолдамайтын дәлелдерді келтіріп, әр түрлі варианттардың жағымды және жағымсыз жақтарын баяндай отырып, анық, қисынды құрылған баяндама жасау.
рәсімдеудің нормативтік талаптарын сақтай отырып, коммуникативтік ниетті жеткізу (ресми хат, эссе және т.б.);
оқығанның, тыңдағанның және көргеннің (мәтіннің, суреттің және видеофильмнің) фактілерін, оқиғаларын жүйелі түрде жазбаша баяндау, сонымен қатар әрекет етуші адамдардың іс-әрекеттеріне, суреттелген фактілергі және оқиғаларға қатысты өз көзқарасын білдіру;
белгілі көзқарасты қолдайтын және қолдамайтын дәлелдер келтіре отырып және шешім варианттарының жағымды және жағымсыз жақтарын түсіндіре отырып, қандай да бір ұстанымды дамыту үшін эссе немесе баяндама жазу;
айналада айтылып жатқандардың басым бөлігін түсіну және пікірталасқа қатысу;
дәрістердің, әңгімелердің, баяндамалардың және де білім және кәсіби әрекеттерге қатысты тақырыптық және лингвистикалық тұрғыда айтарлықтай дәрежеде күрделі сөйлеген сөздердің басқа да түрлерінің негізгі қағидаларын түсіну;
бір қалыпты жылдамдықпен айтылған, нақты тақырыптарға қатысты хабарландырулар мен хабарламаларды түсіну;
таспада жазылған, кедергілері бар шетел тіліндегі ақпаратты түсіну;
магнитофонға жазылған сөйлеген сөзді түсіну;
сөйлеушінің, көзқарасын, оның бір нәрсеге қатынасын анықтау және сөйлеген сөзінде бар ақпаратты анықтап табу;
радиодан немесе таспадан дыбысталған документалды радиобағдарламаларды және басқа материалдарды түсіну;
теледидар жаңалықтарын және ағымдағы оқиғалар туралы бағдарламаларды түсіну;
документалды фильмдердің және басқалардың мазмүнын түсіну;
маңызды тұстарын анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді тез қарап шығу;
мақаланың мазмұнын жылдам түсіну және бағдарламалық тақырыптарға қатысты жаңалықтардың, мақалалардың немесе хабарламалардың өзектілігін анықтау;
қажетті анықтамалық материалдарды қолданып, мәтіндерді өз бетінше оқып түсіну (сирек кездесетін идиомалық тіркестер қиындық туғызуы мүмкін);
газет және журнал мақалаларындағы ең маңызды фактілер мен оқиғаларды анықтап көрсету;
негізгі идеяны, ойды анықтап көрсету;
мәтіннің мазмұнын максималды дәл және нақты түсіну;
таныс емес сөздердің мағынасын контекст және сөздің құрылымы бойынша анықтау (контекстуалды және тілдік болжап табу);
мәтіннен семантиканың ұлттық мәдени компоненттері бар реалийлер мен сөздерді табу;
мәдени маңызды ақпаратты іріктеу;
алынған ақпаратқа сын көзбен қарау, деректер мен оқиғаларды бағалау;
болып жатқан оқиғаларға, кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру;
қажетті ақпаратты іздеу мақсатында шағын мәтіндерге көз жүгіртіп шығу;
прагматикалық сипаттағы материалдан (жарнама, аңдатпалар, бағдарламалар, анықтамалық үндеухаттар, кітапшалар...) қажетті ақпаратты тауып алу;
қызықтыратын мәселелерге қатысты хат-хабарларды оқу және еш қиындықсыз негізгі ойды түсіну.
4.4.4. Базалық стандартты деңгейде біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:
1. Коммуникативтік ойды жүзеге асыру;
2. Логика-құрылымдық тұтастық;
3. Сөйлеудің пәндік мазмұнын игеру;
4. Сол тілде сөйлеушінің лингвомәдени нормаларына сәйкестік;
5. Сөйлеудің лингвистикалық дұрыстығы; метатілді білу.
Достарыңызбен бөлісу: |