«Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру» факультеті Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасы



бет2/26
Дата17.09.2024
өлшемі423 Kb.
#204533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
СИЛЛАБУС.ЖТД.6к

2. Байланыс ақпараты
Кафедраның мекен-жайы: Шымкент қ.Байтұрсынов 7
Электронды поштасы: galiya.kaldykozova@ayu.edu.kz
Bak.2050@ mail.ru.
Zhumbake@mail.ru
mukanova-74@mail.ru


1.1 Пәннің саясаты:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина факультетінің «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы талаптарына сәйкес білімгердің білімін бағалау ағымдық және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі. 
Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес білімгердің сабаққа қатысуы міндетті. Білімгердің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе «АИ» амбулаториясында 72 сағат ішінде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын қорытынды сабаққа дейін (аралық бақылауға дейін) өтеуі қажет. Білімгер сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген білімгерлер үшін өтілген сабақ қайта өтілмейді. 
Білімгер емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушылары тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушілерінің ұсынысы негізінде ол білімгер деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.


2 Бағдарлама
2.1. Кіріспе.
Пәннің сипаттамасы
Жалпы тәжірибелік дәрігер тәжірибесінде ұйымдастырудың жалпы қағидалары бойынша білімді және жасай білуді, алдын алуды, диагностиканы, емдеуді және аса көп таралған жағдайлардың емделуін және бақылау динамикасын қалыптастыру.
Бүкіл одақтық денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуді (МСАК) барлық адамдар денсаулығын қамтамасыз ететін стратегияның алдыңғы қатардағы құралы санайды, себебі ол – денсаулық сақтау жүйесінің басты қызметін атқарады және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесінің маңызды бөлігі. Денсаулық сақтау жүйесінің барлық іс-шараларының сапасы мен тиімділігі, елдің жұмыс істеу қауқарының сақталуы, жанұя және тұрғындар арасындағы әлеуметтік қорғалмаған топтар, соның ішінде мүгедектер, қарт және егде жастағылар арасында туындайтын көптеген медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешу – МСАК жағдайына байланысты. Сол себептен талап етілетін білім деңгейін, біліктілік пен тәжірибелік дағдыларын игерген МСАК дәрігерлерін дайындау интернатура өту барысындағы негізгі міндеттердің біріне жатады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет