- оқу саласын жүйелі түсінуді, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеруді көрсету;
- ғылыми зерттеулердің күрделі процесін жоспарлау, әзірлеу, енгізу және реттеу;
- кейбіреулері ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық болуы мүмкін білімнің шекараларын ілгерілетуге өзіндік ерекше зерттеулерімен үлес қосу;
- жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және синтездеу;
- өз білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;
- академиялық немесе кәсіби контексте білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосу.
Педагогикалық зерттеу әдістері.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу - педагогикалық жаңа білімдердің қапыптасу процесі, оқыту, гәрбиелеу, дамытудың объективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-эрекет түрі.
Педагогика сапасындагы зерттеулер - білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны мен принциптері, технологиясы жөнінде жаңа мәліметгерді алуға бағытгалған ғылыми ізденіс жэне оның нәтижесі.
Әдіс (грек, metodos — зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы)- таным жолы; гылыми білімді құру тэсілі жэне негіздеу; гылым пәнін анықтауга ықпал етуші тэсіл. Әдіс - күрделі таным тэртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс тэсілдерінің жиынтыгынан тұрады.
Зерттеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тэртібін белгілейтін эр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Педагогикалық зерттеу әдістері — оқытудың, тэрбиелеу мен дамытудың объективті зандылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы, педагогикалық жағдайлар мен процестерді зерттеу жолдары мен тәсілдері. Ғылыми деректерде педагогикалық зерттеу әдістері мына тұрғыда жүйеленген. - Педагогикалық зерттеу әдістері — оқытудың, тэрбиелеу мен дамытудың объективті зандылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы, педагогикалық жағдайлар мен процестерді зерттеу жолдары мен тәсілдері. Ғылыми деректерде педагогикалық зерттеу әдістері мына тұрғыда жүйеленген.
- Ғылыми әдістер эмпирикалық жэне теориялық әдістер болып бөлінеді.
- Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
- 1) бақылау — объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
- 2) суреттеу - объектілер туралы мәліметгі табиғи жэне жасанды тілдің көмегімен бекіту;
- 3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми эдістерге төмендегілер жатқызылады: Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми эдістерге төмендегілер жатқызылады: - 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
- 2) аксиомаландыру - дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дэлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
- 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс — нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатьін гипотезалардың жуйесін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |