ЖОҒары мектеп психологиясы



бет7/12
Дата22.08.2017
өлшемі2,9 Mb.
#24385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары:

  1. Математиктердің кәсіби іс-әрекетінің бағыттары қандай?

  2. Осы мамандықтағы студенттерге тән математикалық ерекшеліктерді мінездеп, атап беріңіз.

  3. Математикалық қабілеттерді дамыту үшін қандай КҚҚ қажет?

  4. Психологиялық зерттеулердің диагностикалау әдістемелерін таңдап беріңіз.

5. Тест түріндегі тапсырмалар

1. Математик-мамандар дайындауды (2,3,4) бағыттарға бөліп қарастырады

а) теориялық іздестіру;

б) қолданбалы математика;

в) есептерді шығару;

г) модельдерді құрастыру.

2. Математиктерді дайындаудың (1,2,3) бағыттары қарастырады

а) жаңа ғылыми математикалық теорияларды іздестіру, осы күнгі түсініктерді, санаттар мен ғылыми мәселелерді дамытуды ұйымдастыру, сондай-ақ әлі дәлелденбеген теоремалар мен болжамдарды дәлелдеу;

б) математикалық құралдар көмегімен ғылымның басқа салаларында өзара әрекеттескен мәселелерді шешу, математикалық модельдеу арқылы адекватты нұсқа құрастыру;

в) тек математикалық әдістерді жақсы меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар мақсаты мен міндеттерін анықтауға қажетті пәннің басты түсініктерін, санаттары мен мәселелерін толық білуі қажет.

3. Математикалық қатынастарға, типтік мінездемелерге, ой-пікірлер мен дәлелдемелереге, есептерді шығару әдістері мен оларға деген көзқарас ұстанымдарына деген жинақталған ес ____________________ деп аталады.

4. Математикаға қабілеті бар адамдарды математикалық дәлелдеу үшін қажетті элементтердің орналасу тәртібін дұрыс қоя білу шеберлігімен ерекшеленеді деп кім тұжырымдаған?

а) Н. Колмогоров;

б) П. Торренс;

в) А.Климов;

г) Л.Пуанкаре;

д) Аристотель.

5. Математикалық ерекшелікке: оқу-математикалық қызметтің талаптарына сай келетін жеке-психологиялық ерекшелікті (ең алдымен ерекше ақыл-ой іс-әрекеті) ретінде қабылдайтын ғалым:

а) Н.Колмагоров;

б) В.Л.Крутецкий;

в) Ж.Адамар;

г) Л.Пуанкаре;

д) Аристотель.

6. Математикалық дарындылық жүйесінде, міндетті болмайтын, бірақ оның баршылығы мен керісінше болмауы мидың математикалық ойлау құрылымын айқындайтын компоненттерін белгілеуге болады (2,3,4,5).

а) ойлау үдерістерінің жылдамдығы;

б) есептей алу қабілеттілігі;

в) цифрларға, сандар мен формулаларды есте сақтау;

г) кеңістікті елестетуге қатысты қабілеттілік;

д) абстрактылы математикалық қатынастар мен тәуелділіктерді көзбен елестету қабілеттілігі.

7. Болашақ бейімділік белгілерін түсінудің қайшылығын және қабілеттіліктер дамуының бастауы − ішкі және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуінде екендігін дәлелдеген:

а) Б.М. Теплов;

б) И.Н.Павлов;

в) З.Фрейд;

г) Э.Эриксон;

д) С.Л .Рубинштейн

8. (геометриктерге, аналитиктерге, суретшілерге, ойшылдарға) тән

а) ақпаратты абстракті-логикалық өңдей білу;

б) болмысты ашық, бейнелі және тұтас қабылдау;

в) қандай да болмасын математикалық есептерді аналитикалық түрмен шығару;

г) есептердің бейнелі құрамдас бөліктерін бөліп қарастыруға ұмтылу



8 «Химия» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері

Химия ғылыми дамушы ғылым болып табылады. Қазіргі кездік химиялық зерттеулер тек қана теориялық материалдарды табу үшін ғана емес, сондай-ақ қазіргі кездік химиялық заттардың өндірілуіне бағытталған және толықтай қоғам қызығушылықтарына қызмет етеді.

Жалпылай алғанда химия ғылымының құрылымы мына топтармен анықталады:

1. Ғылымның мазмұны толығымен зат жөніндегі химиялық түсініктер жүйесі, химиялық реакция мен химиялық технологиялардың байланысқан ара қатынасынан тұрады. Бұл жүйелердің мазмұны ақырындап, кезегімен бірін-бірі ауыстырушы химиялық теориялардың деңгейінде ашылады.

2. Химиялық пәндердің мазмұны терең мағынада химиялық заңдар мен заңнамаларға тиісті. Олардың қабылдануы «қозғалысқа әкеледі» түсінітері жүйедегі соңғыларды біріктіріп, олардың әсерін қамтамасыз етеді.

3. Химияның негізгі пәні болып өзгермелі зат болып табылады. Химиялық көріністердің белгілері танушы сезім мүшелерімен қабылданады. Бірақ- та олардың көрінуінің себептері микроәлемге жататын бөлшектер деңгейінде болатын процестер болып табылады. Сондықтан да заттық мазмұн микроәлемнің құбылыстарына макроәлемнің құбылыстарының тану қозғалысын болжайды немесе керісінше. Мазмұнның көптеген құрылымды маңыздылары, оқыту ұйымдары және қолданылатын құралдар оның объектілерінің(иондар, атомдар, молекулалар) шартты микроәлемге және сезім мүшелерінің қабылдамауы. Осыладың ішінде маңыздылар қатарына кіретіндер: химиялық тіл мен химиялық графика.

4. Хииялық тіл символика, терминология, номенклатура- олардың құрылу ережесі, құрылуы, зерттелуі- химиялық ғылымның жарқын ерекшелігін көрсетеді. Химиялық мәтіндердің түсінілуі мен оқытылуы химиялық тілмен қалтқысыз байланысқан.

5. Химияны оқытудағы құралдар жүйесі абстрактілі жалпақ символико-графиктік модельдерді құрайтын натуралды объектілерден тұратын кеңейтілген комплекс біріктіреді. Ең қажеттісі маңызды заттық интеллектуалды-графикалық білімдердің құрылуы.

6. Химиялық тәжірибе тану объектісі мен таным әдістерінің рөлін атқарады; материалдармен және заттармен жұмыста студенттердің практикалық білімдерінің дамуының негізгісі болып табылады, парцетивті жеке аймақтың дамуына(көзбен өлшеу, түсті сезу, жылуды сезу), көзбен есте сақтау, бағыттылыққа әсер етеді.

7. Қолданбалы химиялық білім аймағы өмір мен ғылымның байланысын шыңдап, жеке адамның өмірінде және толықтай қоғамда ғылыми білімнің рөлін сомдайды.

Химия тәжірибелі ғылым болып табылады, сондықтан да химиямен айналысатын адам көбінесе өз уақытын зертханада заттармен жұмысында өткізеді.

Бұны көп еңбекті, күшті, уақытты қажет ететін мамандық деп айтуға артық болмас. Кейде жаңа қосылыстың синтезі жүріп жатқанда жұмыс күні жиырма-отыз сағаттарға созылады. Бұл дегеніңіз физикалық және эмоционалдық күш. Мұндайға физикалық дайын адам түгіл кез келген сау адам да төзе алмайды.

Бұл мамандықтың денсаулыққа пайдасыз, көп тер төгісті өажет ететіндігіне қарамастан, мамандар өз істеріне ықыласпен қарап, оған өздерінің бар бос уақыттары мен күштерін салады. Расында да жартылай химик болмайды ғой. Нағыз химик- жүз пайыздық мамандыққа ену, ал мамандық- бұл өмір кейпі.

Маман-химиктің іс-әрекеті-бұл, ереже сияқты жабық бокстардағы(арнайы қолғабы бар инертті газбен толтырылған герметикалық камера) химиялық ыдыстармен, вакуумдық жүйелермен, инерттік атмосферадағы сезімтал заттармен(инертті атмосфераны құру үшін мынадай :аргон және азот газдарын қолданады) жұмыс. Химиялық қондырғыларды былай қойғанда химиктер кең көлемде физикалық құралдарды қолданады, яғни осы прибор заттық құрылуына (ядерлі-магниттік резонансты, спектроскопияларды және рентгендік анализ құрылымын қолдануда) қазіргі кездік зерттеу жасай алады.

Химиялық факультеттерде мамандарды металлургилық, мұнайхимялық, дәрі өндірісінде, аналитикалық зертханаларда, экологиялық, кедендік, санитарлы-эпидемиялогиялық қызмет көрсететін хмиялық мекемелерде; ғылыми-зерттеу ұйымдарында(институттарда, зертханаларда) химиялық, экологиялық, металлургиялық, дәрі шығару түріндегі инженерлер, бөлімдер және зертханалар бастығы болу үшін; жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, лицейлерде, гимназияларда жұмыс істеуге дайындайды. Осы маманның түлектері келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:

- ұйымдық-технологиялық;

- ғылыми-зерттеулік;

- өндірістік-басқарушылық;

- білім беру;

- химиялық, криминалдық және экологиялық сараптама.

Олар көптеген халық шаруашылықтарында, өндірістік зертханаларда, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде, сонымен қатар арнайы мекемелерде химик-сарапшы болып жұмысқа тұруына үлкен мүмкіншілікке ие.

Білім бағдарламаларын жақсы бойына сіңірген түлектер өз білімдерін өзінің ВУЗ-нда және шет елдерде жалғастыра алады.

Химия факультетінің кәсіби бағытталған жеке студенттеріне көңіл бөлу.

Мамандықты дұрыс таңдаудың критерийі болып адамның қабілеттері мамандықтың қызметкерге ұсынатын талаптарына сай болуы керек.

Кәсіи асты маңызды сапалары (КМС)деп субъект іс-әрекетіндегі жекелік сапасының іс-әрекеттің эффективтілігіне және оны түсінуге әсер ететінді айтамыз. КМС-ке қабілеттілікті де кіреді, бірақ олар барлық КМС көлемін бүлдіреді.

Кез келген кәсіби іс әрекет түрлеріне арналған кәсіби маңызды тәжірибелік ретінде танылған жеке сапалар қатарын атауға болады. Кәсіби өзіндік танудың аңызды компоненті болып табылатын бәрінен бұрын жауапкершілік, өзіндік бақылау, кәсіби баға беру және брнеше спецификалық эмоционалды тұрақтылық, дабыл қағу, тәуекелге қатынасы.

Нейродинамиканың ерекшеліктері мен кейбір темпераментінің құрамы(жекешілікте, экстра-интроверсия) сонымен қатар басқа да кәсіби іс әрекеттерде маңызды болып табылады. Негізінен осы психологиялық феномендер жекелк құрамына кірмейді, тек қана жекеліктегі психиканың төмен деңгейінде, индивидтік- мақсаттылықта құрам ретінде екі себепке байланысты қалады. Біріншіден, кейбір авторлар жеке тұлғалықты кеңірек қарастырады және осы құрамдарды соның құрылымастына жатқызады. Екіншіден, нейродинамиканың ерекшеліктері КМС толық қатарындағы жекешілік- эмоционалды тұрақтылық, дабылдылық, тәуекелге бас ұрушылыққа қатысты негізгі база болып табылады.

Өзіндік бағалау көбінесе КМС-тің толықтай қатарының қалыптасуын анықтайды. Тәуекелге бел буушылық әр кез сайын адекватсыз өзіндік бағалауға әкеледі. Бірақ жауапты шешімдерді қабылдайтын жұмыс, көбінесе «тәуекелге бару қатынасымен» реттеледі. А.А. Кондрацкийдің тәжірибелік зерттеулерінде сәтті кәсіби оқытумен тәеукелеге қатысты қатынастармен байланыс көрсетілген. Жоғарғы бағалар кәсіби маманның іс әрекеттінің аффектілік жоспардың қажеттіліктеріне сүйенуге әкеледі; мәселенің талаптарының және өзіндік мүмкіншіліктердің бааланбауы да мүмкін. Төмен бағалар шешім қабылдаудағы қорқыныш, баяушылық және әлжуаздықпен байланысты болып келеді. Екі жағдайда да іс әрекеттегі мүмкін болжамның бұзылғаны. Нәтиже – жалпы эффективтіліктің төмендеуі.

Эмоционалды тұрақтылық эмоционалдық факторларының әсерімен іс әрекеттің, сонымен қатар көптеген өзіндік бағалау ерекшеліктерінің оптималды көрсеткіштерін сақтау қабілеті секілді. Ол дабыл таппаушылықпен, яғни биологиялық шартты берілген құраммен тығыз байланысқан. Кейде осы екі сапа темпераменттік құрамы ретінде, жекелік мінездеме, іс әрекеттің барлық түрлеріндегі кәсіби маңызды сапа ретінде қарастырылады. Көптеген іс әрекет түрлерінде маңызды болып эмоционалды уайымдарға эмоционалды- интегралдық қабілеттілік болып табылады. Бұл салаға нақты талаптарды қажет ететін кәсіптер, яғни жоғары эмоционалдылықты және біруақыттық эоциналды тұрақтылықты талап ететін, мысалға, мұғалімнің, кәсіби музыканттың, актердің іс әрекеті.

Алдымен қоғаммен ,адамдармен жұмыспен байланысты мамандық немесе іс әрекеттің топтық түрлері үшін экстра-интроверсия құрамын кәсіби маңызды деп санаған. Бірақ бұл сапа жекелік жұмыс үшін де мағынаға ие болуы мүмкін. Берілген деректер бойынша интроверсия бас миының қатпарлары жоғары деңгейде белсенді болады, сондықтан да интроверттер ішкі мақсаттылықтан қашуға болатын іс әрекетті қалайды. Ал экстроверттер эмоционалды –мотивациалы, қосымша қозғалысқа мүмкіндік беретін іс әрекетке тырысады. Интроверттердің қиын жұмықа төзбелі екені белгілі, нақтылы, жауапты жұмыстарды жақсы атқарады. Осы кезде жұмыстың қызған шағында олар іс әрекеттің сәтті болуына әсер ететін дабылды әсерлерге өп мойынсынады. Экстроверттер де интроверттер секілді ауыр жұмыстарды да атқара алады. Өзіндік жеке құрамдар арасында көбінесе КМС-тің универсалды спасы ретінде жауапкершілік еске түседі. Жауапкершілік жеке тұлғаның бағыттылығын мінедейтін, кәсіби іс әрекеттің нәтижелеріне және процеске, жұмыс міндеттемелеріне және өздерінің кәсіби сапаларына қатысты әсер ететін құрамдардың бірі ретінде қарастырылады.

Жекелік сапалардың көбі анықталған кәсіби іс әрекеттерге ғана маңызды болып табылады. Жекелік ерекшеліктері КМС-да практикалық кәсіби іс әрекеттердің кез келген түрі ретінде бола алады.

Химик-мамандарының жекелік сапалары

Климовтың психолого-кәсіби мінездемесінде химик мамандығы «Адам-Табиғат» жүйесіне жатса, Д.Голландтың типологиясына сүйенсек интеллектуалды типке жатады. Бұл мамандық осы саламен айналысқан адамдарға спецификалық талаптарды ұсынады.

Жұмыс ауырлығын былай қойғанда, зертханадағы іс әрекет зиянды, агресситі ортамен байланысқа әкеп, ал бұл дегеніңіз химикке әлсіз иммунды, зәр шығару және тыныс алу жүйелеріне ие болуға болмайды.

Осы ғылымды сүйетін, оны қызықтайтын адам ғана нағыз химик маманы бола алады. Сонымен қоса химик маманы өзінің кәсіби еңбегінде басқа сапа құндылықтарына ие болуы керек. Бұл біріншіден, сабырлық және таңдаған мақсатты соңына дейін жеткізу. Тәжірибелік химия саласындағы жұмыс-бұл шығармашфлфқ процесс және осында сәттіліктер мен сәттсіздіктер сияқты кезеңдері бар болғандықтан аталған қасиеттер өте қажет. Негізінен зерттеу мүмкін болатын қосылыстар мен лоны алудың тәсілдерінен басталады. Сосын бұл затты алуды бастайды. Егер алуға болатын болса, оның құрамын зерттеп, ал алынбайтын болса, неге алынбағанын және синезді қайта басқа жағдайда қайталануын қарастырады. Кейде күтілетін нәтиже шықпағанда барлық еңбек зия кетеді, бәрін басынан бастауға тура келеді, міне осы сәттерді де жеңе білу керек. Ал жаң қосылысты іздеу көптеген уақытты алуы мүмкін.

Кездейсоқ жолыққан адамға нағыз дәрігер дұрыс диагноз қоя біледі, негізінен нағыз химиктің ұқыптылығы да әр ісінен көрінуі ғажап емес. Бұл қасиет кәсіби зерттелген болуы тиіс, себебі химик өте қымбат заттармен және нақты дозировкалармен жұмыс істейді.

Химик өзінің жұмысында ненің маңызды екенін түсініп, ұсақ түйектерге қарамай, заттың нағыз мәнін түсіне білу керек. Егер зертханада әр нәрсенің шашылып жатуы сақтандыру құралдары әсер етпесе, бұл дегеніңіз химик маманының ортасында мағына ие емес. Ал сақтандыру шаралары дұрыс сақталынып отыруы керек.

Кейде химик маманының қатты ойдан найзағай тудыратын тәжірибелік қатынастарға, бір істен басқа іске көңілінің ауып кетуі болып тұрады. Дұрыс шешім қабылдай алу қабілетінің болуы да маңызды. Бұл негізінен химик маманының белгісіз қосылыстарымен жұмыс жасағанда керек және ол қысқа уақыт мерзімінде қандай затпен жұмыс істеп отырғанын анықтауы керек.

Осындай жауапты затпен жұмыста әр түрлі ғылым салаларындағы терең теориялық білім өте қажет. Бірақ та нақты теориялық білімдерді білу сәтілік негізі деуге де болмайды. Білімді тәжірибеде қолдана білу керек, ал бұл тәжірибемен бірге келеді.

Бірақ айтылғандар тәжірибенің теориялық танымды алмастыра алады дегенде емес, онсыз химия туралы, зерттеліп жатқан пән туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру мүмкін емес. Теориялық таным келешек химик-тәжірибеші оын жетілдіріп қана қоймай оны қалыптастырады. Химиктер теориялық түсінікті ойлауға ие, сондықтан да олар есепті шешу қарсаңында абстрактілі түсініктерге сүйеніп, берілген сызба-таңбалық моделдерді шеше алады. Бұл қабілет теориялық ойлаудың маңзды түсінікті мінездемесіне жатады. Оның қалыптасуы химияны оқытуда үлкен мағынаға ие. Химикердің ойлауымен бірге теориялық кейіптік ойлау элементтері де кіреді, сондықтан да тәжірибе жүргізу барысында химиялық қарым қатынастың(түстің өзгеруі, спецификалық иістер, көздің бөлінуі) өте ашық, спецификалық құбылыстарын бақылауға тура келеді.

Әрине химик маманы жан-жақты болу керек. Сондықтан да химия факультетінде мынадай әзіл бар: «Химия-мемлекет есебінен өзіндік қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілі». Сондықтан да химик мамандары- жаңа затты пайда болуы өте қызықтыратын үлкен балалар.

Егер болашақ өмірі химиямен байланыстырғысы келетін мамандар хиия мамандығының жаңа қосылыстарды түзудегі терең моральдік қанағаттанушылық сезімі ғана емес екенін түсіне білген жөн. Сондай ақ бұл жайсыз тәжірибеден кейінгі сәтсіздік жаман әсері. Осындай қиыншылықтары мен қуанышына қарамастан бұл мамандық адам өміріне өз таңбасын қалдырары сөзсіз. Оның әсерімен адамда кәсіби сапаға қажетсіз кейіннен ұмтылып кететін, орнына спецификалық перцитивті қабілеттер келетін өзіндік жеке қасиеттер пайда болады. Химия ғылымы осы салада жұмыс істейтін адамдардың кәсіби қабілеттерін арттырып, жекелей дамуға өз септігін тигізеді.

Химия факультеті студенттерінің жекелей кәсіби бағыттылығының зерттелуі.



  1. Әдістер және зерттеуге кіріспе.

Студенттердің жекелік қасиеттерін зерттеу үшін «химия бакалавры» мамандығындағы I, II курс студенттері, жалпы саны 9 адам. Сонымен қос I курста 6 студент, II – 3 студент зерттелінді.

Студенттердің кәсіби іс әрекеттің жекелік қасиеттермен сай келуін анықтау барысында мынадай психологиялық әдістемелер қолданылды:



  • Д.Голландтың жекелік түрін анықтайтын тесті;

  • А.Н.Лукошкинаның экстраверттік-интроверттік шкаласы;

  • Бағыттылықты анықтау тесті;

  • «Ерік күшінің даму сатысы» тесті.

1 Д.Голландтың жекелік түрін анықтайтын тесті

Нәтижесінде 6 тип анықталған Кәсіби жекелік түр мен жеке тұлғаның әлеуметтік бағыттылығын зерттеуде Джон Голландтың әдістемесі қолданылады: шылшыл тип немесе «ерлік типі», интеллектуалды тип, әлеуметтік тип, конвенциалды тип, предприимчивый және әртістік тип.

«Химия» мамандығы Д.Голландтың классификациясы бойынша интеллектуалды түрге жатады. Бұл түрге аналитикалық ақыл, тәуелсіздік және талқылаудың шыншылдығы тән. Теориялық құндылықтарға ие. Негізгі құндылықтар бар: ғылым. Бұлар көбінесе жан жақты, критик, интеллектуалды, әдістемелі, нақты адамдар. Қоршаған орта мен табиғаттың теориялық зерттеу феномендерімен, жүйелік бақылаулармен байланысты. Интеллекттің құрылымына сай: дамыған вербальді және вербальді емес қабілеттер.

Тест 42 сұрақтан тұрады. Сұратылып жатқан керекті бағыттылық кілт бойынша анықталады.

Берілген зерттеудіңт нәтижелері келесілер. Ең тараған түр- интеллектуалды, ары қарай әлеуметтік, және әр студентке конвенциалды және қолданыс түр.

Тестің нәтижесі бойынша көптеген студенттердің кәсіби бағыттылығы таңдаған мамандықтарына сай келді. Бірақ келешек мамандығының талаптарына сай келмейтін әлеуметтік бағыттылықтың негізгі қасиеттері сай келмейтін студенттер де болды.



2 А.Н.Лукошкинаның экстраверттік-интроверттік шкаласы

Негізінен зерттеу іс әрекеті жалғыздықта жұмыс істеуді дұрыс көреді, ал химиялық тәжірибе он сағатқа немесе он күнге ұласуы мүмкін, ендеше химик-зерттеуші өз саласында интерверт секілді болуы керек. Сонымен берілген әдістеме зерттелуші саланың студенттерінің экстравертті-интраверттілігін білуге көмектеседі. Әдістеме оң және сол жақтан әр түрлі адамдарды суреттейтін кестелерден құраған. Өзіңнің қылығыңа сәйкес келетін диапозондағы қолдану деңгейін анықтау қажет: «өте ұқсайды», «негізнен ұқсайды», «анаған да мынаған да ұқсайды». Содан кейін +2, +1,0, -1, -2 балдар ойынша солдан оңға кванификациясымен экстраверттілік пен интраверттілік деңгейі есептелінеді. Эктраинтраверттілік деңгейі мына формула бойынша анықталады: К – эктраинтраверттілік коэфициенті, Э – жақсы мағыналардың сомасы, И – емес мағыналардың сомасы.

Нәтижелер келесі шкалалар бойынша анықталады:

Егер К +1-ден +0,5 аралығында жатса онда ол экстравертке жатады, егер К 1-ден 0,5 аралығында жатса, онда ол интраверт. Егер К мағынасы -0,5-тен +0,5 аралығында болса болжап айтқанда тең деңгейде экстраверт те интраверт те бола алады.



3 Бағыттылықты анықтауға арналған тест. Бағыттылық - бұл химик-зерттеушінің кәсіби іс әрекетіндегі ең керекті, маңызды қасиеті. Бағыттылықты анықтау тесті 14 сұрақтан құрылған, ал жауаптары арайы кестеде көрсетілген.

Зерттеуші топты тестілеу нәтижесі бойынша жалпы алғанда химик мамандығы студенттерінің бағыттылығы жоғарғы деңгейді қамтыған.



4 «Ерік күшінің даму деңгейі ».

Ерік күші, тұрақтылық, сабырлық, қойыған мақсатқа тырысушылық- бұлар нағыз маман-химикті танытатын ең негізгі параметрлер.

«Ерік күшінің даму деңгейі » тесті 15 сұрақтан құрылған, дұрыс жауапты таңдау керек: «иә», «жоқ», «білмеймін, ешқашан». Тест арнайы кестемен құрылғандықтан, әр жауапқа нақтылы балдар саны сай келеді.

Психологиялық зерттеу нәтижесіне сүйеніп мынадай шешімге келуге болады: көптеген студенттер өз бағыттылығына сай мамандықты таңдап алды, олардың жеке тұлғалық сапалары «Химия» мамандығының психологиялық талаптарына сай келеді. Кейбір студенттерге химия пәнінің талаптары сай болмағандықтан, оларға химия пәні қызықсыз болып, қиынға түседі.



Бақылау сұрақтары

1. Химияның спецификалық ерекшеліктерін ғылым ретінде көрсету.

2. Химиктердің қандай кәсіби дайындық бағыттары көптеп таралған, атаңыз.

3. Болашақ химиктердің КМС және психикалық процестерін мінездеңіз.

4. Химик студенттерінің психикалық зерттеу әдістері.

5. Тест түріндегі тапсырмалар.


1. Химия негізгі пәні болып табылады__________________-

2. Химия_________________________- ғылым болып табылады

3. «Химия» мамандығының түлектері мына кәсіби іс әрекет түрлерін атқара алады:

а) ұйымдасқан технологиялық;

б) ғылыми зерттеулік;

в) қолданбалы

г) білімдік

д) химиялық, криминаистикалық және экологиялық сараптама.

4. Климов бойынша химик мамандығы мына жүйеге кіреді:

а) адам адам;

б) адам жүйе

в) адам табиғат

г) человек-знаковая система;

д) человек-техника.

5. Д.Голланд химик мамандығын мынаған жатқызады:

а) интеллектуалды тип

б) техникалық тип

в) раелистік тип

г) қолданушы тип

6. Д.Голландтың тесті ... тұрады

а) 16

б) 22


в) 32

г) 42


д) 52

7. Химик-зерттеуші болуы тиіс _________________________



9 «Юриспруденция» мамандығы студенттерінің психологиялық ерекшеліктері.

Заңгерлік қызметтің әртүрлі жақтарының күрделенуінен өмірдің негізгі мақсаты ретінде бұндай жұмысты таңдап алған адамның жеке тұлғасына талаптар өседі.

Адамның құқық қорғау жүйесінде кәсіби қайраткерлікке дайындылық мотивациялық, эмоциялық, жігерлік, танымдық компоненттерді қаатиды.

Осылай мотивтер адамның тергеуші, қорғаушы, нотариус және прокурор болуға талпынысын және қылмысты ашудағы, қылмыстық істерді жанжақты және толық тергеудегі қылмыстың болу себебі зерттелудегі міндеттерін жақсы орындауға қажеттілігін көрсетеді. Бұл сферада болашақ маманның кәсіби жетістіктерге жетуге, өзін мамкан ретінде жақсы жағынан көрсетуге талпынысы байқалады.

Адамның болашақта кәсіпкерлік жұмыс сферасында оның алдында кездесетін мінднттерді түсіну, бұл жұмыстың әр жағының және психологиялық ерекшеліктерін тану, кәсіптік ситуацияны түсіну, бұл болашақта өзі ситуацияны шешіп жатқан маман ретінде көре алу ерекшелігі танымдық аспектілеріне жатады.

Дайындықтың эмоциялық жақтары жас маманның қылмыспен күрес сферасында нәтиже үшін жауапкершілікті сезіну жатады. Сонымен қатар, өз күшіне сенімділік және кәсіби мақсатқа жетудегі процес кезінде пайда болатын көптеген объектілік және субъектілік қиыншылықтарды жеңе алуды жатқызуға болады.

Ақырында, жігерлік компоненттер кәсіби міндеттерді орындаудағы жеке тұлғаның көз қарасын жұмыскерді жеке және кәсіби талаптарының арасындағы гармонияны және кәсіби ориентацияны, кәсіби теру деген бағыттарды сипаттайды. Бұл екі бағыт бір мәселені шешеді, бірақ әр түрлі жақтардан. Кәсіби ориентация «адамнан» келеді және «мамандықтың қайсысы бұл адамға лайық» деген сұраққа жауап береді, кәсіби теру «мамандықтың талабынан келеді» және оның міндеті бұл мамандыққа ең лайықты адамды таңдау. Кәсіби теру әлде қайда қүрделірек және өзінің жүзеге асырылуына үлкен дайындық жұмысты талап етеді. Бұнда болашақ маманның практикалық жұмыста жетістіктерді қамтамасыз ететін білім жүйесіне жатқызылатын жеке қасиеттері сияқты психологиялық факторлар өте маңызды.

Кәсіби ориентация – бұл мамандықтың ерекшеліктерін білу, сонымен қатар кәсібиқажет және қарсы көрсетілген жақтары.

Мектеп оқушыларының кәсіби ориентациясы бойынша дұрыс жасалған жұмыс болашақта жоспардың өзінің болашақ мамандығына деген қызығушылықпен және бастауға әкеледі, оның қоғамдық маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, заңгерлік факультетке түсетін абитуриенттер арасында теруді маңыздырақ жүргізу керек. Бірақта қазіргі уақытта бұндай теру жүргізілмейді және құқықтық мамандыққа (басқа мамандыққа сияқты) қабылдау БҰТ-ның нәтижесі бойынша жүргізіледі. Сондықтан студенттер арасында мамандықты таңдаудағы мотивациясын білу үшін әр түрлі бақылай жүргізу өте маңызды.

Студенттер әңгіме кезінде қолданылатын негізгі кәсіби мотивациясының түрлері:

1. Кәсіби мотивацияның адекватты түрі. Бұл жағдайда факультетке түсу мотивтері тұлғаның маңызды, шынайы, қоғамдық мінез-құлқымен толық байланысты.

Бұл студенттердің топтарында «іске» деген мотивация байқалады, яғни қылмыспен күреске, азаматтардың қызығушылығын қорғауға бағытталған.

Бұндай бағыт жоғары интелектпен, жалпы мәдениеттілікпен, құқықтық эрудициямен, болашақ мамандық туралы қажетті мәліметтермен, өзінде қажетті жақтардыталпыныспен байланысты.

Бұнда адамның іс-әрекетері жоғарғы жауапкершілікпен, қоғамдық жұмыстағы, көшбасшылыққа деген талпыныспен, мақсаттылықпен ерекшелінеді.

Бұл типке жататын адамдар детективтік әдістерді құқықтық көзқараспен талдай алушылықпен ерекшеленеді.

Бұндай түрдің мотивациясы студенттің жылдам адаптациясына және жақсы оқуына әсерін тигізеді.

2. Кәсіби мотивацияның ситуативті түрі. Мамандықты талдауға маңызды әсерді студенттің сыртқы жағдайды сипаттайтын факторлрды тигізеді. Яғни, материалдық жағдайдың, тұратын орнының, мамандықтың тартымдылығы әсер етеді.

Кейбір жағдайда бұндай мамандыққа түсуде студент формальды анкетелық мәлімдемелерімен түсе алады, ал қызығушылық маңызы емес деп есептейді.

Ситуативтік мотивацияға мамандыққа деген қызығушылықсыз қоғамда жақсы орын алуға деген талпыныс жатады.

Сонымен қатар, мотивацияның кең таралған ситуативті түріне мамандықты таныстырушының біреуінің әсерінен таңдау жатады. Адамға деген қарым-қатынасын болашақ мамандығына деген қарым-қатынасқа көшіру, бұл таңдауға деген қызығушылықтың жоқтығын көрсетеді.

Тағы бір әдіс, ол ситуативті, бірақ та өте күшті әдіс болып табылады. Бұл жерде басты рөл ата-ананың немесе жақын туыстарының әсері орын алады, олар ұзақ уақыт бойы студентке оның міндетті түрде заңгер болуы керек екендігін айтады.

Мотивацияның ситуатмвтік түрі өте ыңғайлы емес, себебі ол өз мамандығына деген көңілінің қалуына әкеледі, бұл жерде өз міндетіне деген қатынас формальды болып табылады.

3. Кәсіби мотвацияның конформистік түрі. Бұл жағдайда мамандық таңдау референттік топтың (яғни, субъективті маңызы жоғары) әсерінен болады, оның нормалары адам үшін мінез-құлық басты регуляторы. Бұндай таңдау студенттерден өзінің жеке тұлғалық қасиеттеріне, бағытына, күшіне көңіл аудармай жүзеге асырылады. Мотивтердің бұл түріне көбінесе ІІМ-нің органына жұмысқа түскен адам немесе заңгерлік мамандықтан студенттер кездеседі.

Комформистік типке сонымен қатар өз құрдастарынан бұл мамандықты таңдаған (мысалы, сыныптастар) қалып қоймау талпынысы және қоршаған ортаның әсері, яғни еш нәрсеге қарамастан жоғары білім алу жатады.

4. Мотивацияның компресаторлық түрі. Мотивацияның бұндай түрі көбінесе заңгерлік жолда таңдап алған тұлғаларда кездеседі.

Оқу барысында мотивацияның компрсаторлық түрі қалыптасатын студенттерде тұлғаның дамуының екі нұсқасы байқалады.

Бірінші жағдайда, оқу немесе мамандық бойынша жұмыс күтіп тұрған нәтижеге әкелмейді, керісінше эмоциялық жағдайдың нашарлануына студенттер мен жұмыстағы әріптестермен нашар адаптацияға әкеледі.

Ал кейбір жағдайда әлсіз жақтардың гиперкомпенсациясы пайда болады, нәтижесінде шамадан тыс тенденция, көшбасшылыққа деген талпыныс, эмоциялық жағдай, қатыгездікті көрсету қалыптасады. Бұндай психологиялық сапаның үлестірілігінің нәтижесі кәсіби қателіктер мен заң бұзушылық болуы мүмкін.

Компенсаторлық түрде жетістіктерге жету талпынысы қатты дамыған, егер де ол үшін объективтік жақтары болмаса да, яғни жоғарғы интнллект адамдармен қарым-қатынасқа түсе алу сапасы және т.б.

Сондықтан, компенсаторлық түр жағымсыз болып келеді.

5. Мотивацияның криминалдық түрі. Мотивацияның бұл түрі студенттер арасында сирек кездеседі, бірақ міндетті түрде табуды қажет етеді. Ол әлеуметтік қарсы бағытты сипаттайды. Бұл тұлғалар заңгерлік білімді өз мақсаттары үшін қолдануға талпынады. Оларға адамгершіліктің жоқтығы, принциптердің жоқтығы лайық.

Мотивацияның криминалдық түрі кезінде студент ЖОО-да оқып жүргенде қоғамдық нормаларды, мінез-құлықты бұзу, заңды бұзу байқалады.

Заңгерлік ЖОО-на түсу кезіндегі жоғарыда көрсетілген мотивтердің әртүрлі түрлері кездеседі. Себебі адамның мінез-құлқы негізінде бірнеше мотив болады.

Әлеуметтік қызмет саласында болашақ заңгерден шындыққа және шығармашылық әділдікке, гуманизмге, адалдыққа талпыныс талап етіледі.

Іздеу кезінде ең алдымен байқаушылыққа, шыдамдылыққа және кәсіби маңызды объектілерге көңіл бөлу қажет.

Коммуникативті қызмет облысында қарым-қатынасқа, эмоциялы шыдамдылыққа, тұрақтылыққа, өзінің ойын дұрыс жеткізушілікке пікірін өзгертпеуіне мән берген жөн.

Куәландарлық қызмет ауагыгда жетілдірілген жазбаша суретінде ақпаратты жалпылау қабілеті, ауызша мәтінді жазбашаға аудару дағдысына бейнеленген композицияға жазбаша сурет бере білуді атап өткен жөн.

Ұйымдастырушылық қызметте ұйымшылдық өз мақсатына жетушілікке, тұрақтылыққа мән беріледі. Осы сфераға ұйымдастырушының қабілетінің және тәжірибенің болуы да қатысты.

Конструктивті және реконструктивті қызметте ақпаратты талдау қабілетіне, болжамының қалыптасуы міндетіне, шығармашылық, танып білу қабілетіне мән беру керек.

Соңғы жылдарда Ресейде психологиялық қызмет ұйымдастырылған, оның міндетінің бірі – кәсіби ұйымдастырушылық бағытқа көмек көрсету, кәсіби кеңес беру, түлектерді кәсіби таңдау болып табылады. Біздің мемлекетімізде осындай қызметтер жоқ. Кәсіпшілік және оны тану кезінде берілген кәсіби мінездеме алдымен келешек мамандардың дайындығына және олардың дұрыс таңдауына қажет.

Тәжірибе кезінде студентте танылған қабілет пен өнерге жол ашу, оқыту және тәрбие кезінде жүйенің сапалығына өнер мен дағдылықты өте қиын жағдайда жұмысты жүзеге асырушылықты дамыту қажет. Қабілет дегеніміз – бұл жақсы білім алуға және қызметтің негізгі түрлерінің дамуына жағдай жасайтын тұлғалардың тұрақты қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер өзінің құрамына мыналарды жатқызады:



  • адамның қандай да бір қызметпен айналысуға потенциалды жағдай жасау;

  • адамның өзіне ыңғайлы қызметпен айналыса алуы.

Тұлға өзінің мүмкіндіктерін тек қана қызмет арқылы дамытады және жүзеге асырады. Бірақ шынайы қызмет лайықты қасиеттерден әлде қайда кең.

Рухани потенциалдың қалыптасуы және тұлғаның қабілеті ең алдымен оның күнделікті іс-әрекетін, өмірінің құрамын, бос уақытын жүргізгеннен тәуелді. Тұлғаның әлеуметтік қоршаған ортаға әсері бұл тұлғаның әлеуметтік беделіне, қоғамдағы орнына тәуелді. Бірақ, оған деген қарым-қатынасында күшсіз емес. Оның әлеуметтік ортаға әсері индивидтің әртүрлі жақтарына, сонымен қатар қажеттіліктеріне және қызығушылықтарына тәуелді.

Бұл жағдайда жалпы және арнайы қабілет жайлы сұрақ та қызығушылық тудырады.

Студенттерге байланысты негізгі қызметті сферасы оқу болып табылады. Жалпы дәне арнайы қабілеттерді қарсы қоймау керек, себебі процес кезінде жалпы қабілет қалыптасады.

Арнайы қабілет – бұл кәсіби қызмет процесіне кіретін дифференцияландырылған қабілеттер ғана емес, сонымен табиғи және структуралық қабілеттер жатады. Сондықтан жалпы қабілеттердің табиғаты мен құрамын білу маңызды.

Қабілетті тұлғаның ерекшелігінің «ансамблі» ретінде түсінетін болсақ, әрине оның күрделі жекелігі жайлы сұрақ туады. Қабілеттің компоненттері туралы сұрақ – қабілет теориясының қиын сұрақтарының бірі.

Егер қабілетті тануда психологиялық жекелік жоспарынан көшетін болсақ, онда тергеуші , қорғаушы, сот төрайымы, прокурор, нотариус сияқты қызметтің негізгі жақтарына көшкен жөн. Себібі бұл қабілет оларды дамиды және қалыптасады.

Ешбір психологиялық тәжірибеге заңгердің қызметінде кездесетін процеске теңестірілмейді, бұл - өмір. Бірақ жатығулар арқылы адамның алдына міндетті қоюға болады заңгердің әр түрлі психологиялық сапаға тәжірибелік қызмет негізінде көрсетілген . негізгі талаптарын сипаттайды. Осылай ІІМ-ң жүйесі бойынша арнайы оқу орындарында өзінің құрамына сандық, вербалды, графикалық ақпаратты кіргізетін тәжірибелеу қолданылады.

Міндеттерді орындау оның әртүрлі жақтарына көңіл аударуды төмендетеді, яғни көлемі,шыдамдылығы, концентрациясы және т.б.

Нәтижені талдау кезінде бұл міндеттерді орындау кезіндегі өзін-өзі ұстау дәрежесіне көңіл аударған жөн. Кейбір кезде адам тез ойнайды, іздеуде мықты, бірақ жинақсыз, асығыс, ең алғаш келген идеяға ұстанады, оның тәжірибелік бағасына көңіл бөлмейді. Тұлғаның бұндай қасиеттерін орнату тікелей тергеу жұмысындағы қызметтің әсері мен байланысты екенін дәлелдеу маңызды емес.

Ұсынылған тапсырма өзімен белгілі нұсқаның моделін, әртүрлі нұсқаларды салыстыру, ассоциацияны, талдау мен синтезді көрсетеді.

Тапсырмалардың көбі тергеуші практикалық қызметте кездесетін жеке ситуацияға өте ұқсас. Мысалы, топтық төбелес кезінде айыптаушылардың қайсысы қай жерде болғанын анықтау керек. Сонымен қатар, бұл адам туралы және басқалары туралы бар мәліметтерді ескерген жөн.

Бұл міндеттерді шешу адамдардан жігерлік қасиеттер комплексінің пайда болуын қажет етеді. Яғни мақсатқа жетудегі қаталдық, бикемділік. Көп тапсырманың барысында адам санасы арқылы жетістіктерге жеткен.

Осы тапсырмалар мен тергеулік жұмыстағы жетістік арасындағы байланыс маңызды. Бірақта бір текст және жаттығу арқылы заңгерді дайындау проблемасын шешуге болады деп ойлау әлде қайда жеңлдеу.

Талаптардың жанжақтылығына көңіл аударған жөн, олар заңгерге алатын орнына тергеліп жатқан негізгі котегориялармен, қызмет ететін шекарамен байланысты тәжірибелік жұмысты береді.

Жеке түрлердің дамуы кадрлық және өндірістік сұрақтарды дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар студент кезінде болашаұ жас маманға индивидуалды жолқамтамасыз етеді. Ол шығармашылық жеке өзіне сай келетін орынды алу керек.

Заңгерлік қызметте жүзеге асатын мықты және әлсіз жақтарының шығармашылық потенциалын келесі әдістеме бойынша анықтауға болады.

- тәуелсіз мінездемелердің жиыны: жұмыс бойынша әріптес, ЖОО-ң ұстаздары, топ бойынша әріптестер;

- оқу барысындағы, қоғамдықжұмыстағы бақылау кезіндегі студент қалай оқитынын ғана ескермей, біріншіден, ол жақсы нәтижені қандай жеке қасиетімен меңгерді (мысалы, интеллектуалдық жоғарғы деңгей, кәсіби тәжірибе арқылы және т.б.);

- басқа жолмен алынған мәліметтермен салыстыратын тестік тексеру;

- кәсіби дағды даму деңгейін тексеру және тәжірибелік сабақтар мен психологиялық зертханалардағы білімі.

Арнайы жасалған әдістеме бойынша сот психологиясының белгілі тақырыптары бойынша сабақ жүргізілуде. Мысалы, «Сұралушыны танудың психологиялық әдісі», «Кәналанушымен психологиялық байланыс орнатудың әдістері мен жолдары» және т.б. студенттерде тану белсенділігінің арнайы кәсіби маңызды психологиялық санасының дамуына көмектесу.

Студенттің тану қабілетінің дамуында арнайы орынды қиын білім беру мен қатар ақпараттан білім алады. Ол оқу үдісін эффективтілігін жоғарылатады, оқушылардың өздік жұмыстарының өсуіне және олардың танымдық қасиеттерін дұрыс пайдалануға үлес қосады.

Техникалық құралдарды қолданылатын ақпараттық білім берудің көмегімен ойлау процестерін дамытады және тездетеді, ал ол білім берудің сапасын жоғарылатады, танымдық белсенді ойлаудың қалыптасуына үлес қосады. Ол оқушылардыңтек қана интеллектуалдық сапасын ған дамытпайды, сонымен қатар, өзін-өзі оқытуды дамытуға үлкен үлес қосады. Яғни, адамның шығармашылық белсенділігінің дамуына көмектесетін оқушының жаңа білімді өз бетінше алу қабілеті және оларды тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қолдану.Білім беруді ақпараттандыру процесінде оқушыларда тәртіптілік, зейінділік, ұқыптылық сияқты қасиеттер дамиды.

Мысалы, тергеу жұмысынң ерекшелігі бөлудің шектеулі мерзіміне байланысты уақытты үнемдеу екенін біле отырып, ақпараттың техникалық құралдармен студенттерге тергеушіге қажет маңызды сапасын дамытатын, жұмыстың күрделі жолын жасауға болады. Яғни керекті функциялық іс-әрекеттерді жылдам, белсенді орындау.

Осыдан басқа, арнайы техникалық құралдарды қолданып, студенттерде тез және нақты жұмыс істеу, кез-келген ортада тез үйренуге, мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетін дамытуға болады. Бұл жақсы қызметте маңызды рол атқаратын сапалар.

ЖОО-ң жағдайында болашақ заңгерлердің мінезін тәрбиелеу кезінде, міездің қалыптасуының жалпы психологиялық ерекшелігіне сүйенген жөн.

Заңгерлік ЖОО-ң кейбір түлектері тергеу жұмыстарын дайын емес және кезекті кәсіби маңызды білімді меңгенрмеген, бұны жас маманның жұмыс тәжірибесі көрсетеді.ъ

Құқық қорғаушының қызметінде қиын мәселе дұрыс қарым-қатынастарды, тергеуге қатысты қызметін біріктіру, кезкелген жағдайлардың себептерін аша білу және дұрыс шешім қабылдай алу болып табылады. Бұл жас маманнан мықты, қатал және сабырлы мінезді талап етеді.

Психологиялық процестің жүруіне ішкі жағдайлар әсерінің күші біріншіден, тұлғаның адамгершілік күйіне, мінезіне, өзін-өзі басқара алу қабілетіне тәуелді. Бұл қасиеттерді болашақ тергеушілерде университеттің қабырғаларында тәрбиелеген жөн.

Психологиялық сабырсыздық, өз күшіне сенімсіздіктің болмауы шыдамдылық және өзін-өзі ұстай білуді. ЖОО-да оқып жүрген кезде болашақ заңгерлерде жиі кездестіруге болады. Сондықтан оқу-тәрбиелік жұмыс жүйесінде студенттерде шыдамдылықты, тергеушілік тапсырмаларды орындау кезінде байсалдылықты тәрбиеге үлкен көңіл бөлген жөн.

Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі жеке тұлғаның қоршаған ортаға, адамдарға, өзіне, қызметіне деген қарым-қатынастың жалпы құрамына кіреді жіне адамдарды адамгершілік іс-әрекет жасауға итермелейтін мотивтің бірі болып табылады.

Білімге, еңбекке жіне қоғамдық қызметке деген талпыныс адамды өзінің қабілетін дамытуға, міндеті үшін белсенді іс-әрекеттерге итермелейлі.

Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып өзіндік сана болып табылады.Өзіндік сана – бұл өзін білу және өзіне деген өарым-қатынас. Өзін біліден және өзіне деген қарым-қатынасты білуден тұүлғаның өзі үсті жұмыс белсенділігінің мазмұны және бағыттылығы анықталады.Өзіндік сана басқа адамдарды тану үрдісінде, сонымен қатар өзін тану кезінде қалыптасады.

Рухани деген ұғымда толығырақ тоқталған жөн, себебі бұл құқық қорғау жүйесінде жұмыс істейтін адам үшін маңызды сапа. Психологиялық сөздіктерде рухани деген сөздің түбірінде тұлғаның екі қажеттіліктері сипатталады:

Идеалды қажеттілік – тану және әлеуметтік қажеттілік – өмір сүру, «басқалар үшін» іс-әрекет жасау. Адамның бұл қабілеті оның қоршаған адамдарға деген жақсы қарым-қатынасын сипаттайды, яғни көңіл бөлу, күту, көмекке келуге дайындалу, қуаныш пен қайғаны бөлу сияқты. Сонымен қатар, бұл жұмысқа байланысты, яғни жұмыс қызықты орындалады.

Тағы айта кететін рухани ұғымына тануға деген қажеттілік жатады, яғни әлемді, өзін, өмірінің мағынасын тану. Бұл жерде бірінші орынға объектілік маңыздылығы және адамның рухани қызметінің пайдалылығы жатады. Құқық қорғау жүйесінің жұмыскерлері өзінің кәсіби қызметіне байланасты әрқашан қоғам өмірінің негативті жақтарын кездесуге мәжбүр болғандықтан, оларда «рухани» деген қасиеттерінің бағаны маңызды.

Сапалы бағыттың жүйесі тұлғаның нақтыдыққа деген қарым-қатынасының ішкі күйіін көрсетеді және оның бағытын сипаттайды. Әлеуметтік психологиялық бағыттылық былай қарастырылады:

а) идеологиялық, саяси, моральды, эстетикалық

б) маңыздылығы бойынша индивидтердің түрлерінің дифференцациясы.

Олар мақсаттарда, идеологиларды, қызығушылықтарда көрінеді және адамнан әлеуметтік тәжібибені алғанда қалыптасады.

Болашақ тергеушінің, прокурордың, сот төрайымының, қорғаушынығ тұлғалық дамуында маңызды фактор болып құқық қорғау қызметіне деген қалыпты қызығушылық болып табылады. Студенттің тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды жағдайы жақсы көрсетілген кәсіби қызығушылық болып табылады. Себелбі, студент өзінің бойында мақсатқа бағытталған жағдай керек: өзінің міндетіне дұрыс қорғауға өз істерін, мінез ерекшеліктерін талдауға және бағалауға көмектесетін тұлға дамуының деңгейі. Бұл деңгейді тұлға жасөспірімдік жастан меңгереді, бірақ ол жастық кезде анық байқалады.

Жақсы өзін-өзі тәрбиелеудің жағдайы белсенді қызмет болып табылады. Ештене істемейтін адам, өзін-өзі тәрбиелеуде қажеттіліктерді сезбейді. Бұл түсінікті, себебі адам тек қана қызмет кезінде қиындықтарды кездестіреді және егер ол жақсы оқып, жұмыс істегісі келсе жойылуға тиіс өзінің кемішіліктерін көреді.Оқушы өзінде дамытқысы келетін тұлғаның қасиеттері тек қана жүйелік оқуда және қоғамдық жұста қалыптасады.

Ақырындағ таңдалған мамандық тұлғаға қойған талаптарды және ол маманнан қандай сапаны талап ететінін білген жөн. Бұнда студенттің бұл кәсіби талаптар жөнінде объективті, шынай мәлімет болуы өте маңызды.

Жас маманмен жіберілген қателіктерді талдауда, шаруашылық жұмыс бойынша тергеуді жоспарлай білмеу, қиын тергеу жағдайынан шыға алмауы және қылмысты шешу процесі кезінде іздеу тобын басқаруы өзіне көңілді бұрады.Олардың көбі конфликтік жағдайда қарым-қатынас, психологиялық комплект жасай алмайды, дискусияда қатыса алмайды және оны басқара алмайды.

Тұлға қызмет жасау кезінде қалыптасады, ол қоршаған ортаны тану арқылы жүзеге асады.

Тану үрдісі өзіне келесіні қосады:

1) сенсорлы (латынша - сену) тану үрдістері заттар мен құбылыстың жеке қасиеттерін көрсетеді;

2) перцептивті (латынша - қабылдау) тану үрдістері заттар мен құбылыстарды толықұ күйінде көрсетеді. Бұл зат құбылысының психологиялық күйі қабылдау деп аталады;

3) мнемикалық (грекше – ес) үрдістері естің образдарын тудырады. Естің образдарын жаңа образдарға аударады – бұл үрдіс елестету;

4) интеллектуалды (латынша – сана), басқаша айтқанда ойлау үрдістері құбылыстары арасындағы байланысты көрсетеді.

Іскерлік ойындар – бұл қазіргі уақытта студенттердің тану белсенділігін жоғарылататын болашық тергеушіге қажет дағдының, білімнің жүйесін дамытатын әмбебап әдіс.

Тергеу жағдайын талдау, маңыздыны қосымшадан бөлуді білу, оқушыны іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас жасауды үйрену, сонымен қатар тұлға аралық қатынастар жүйесінде өз орнын білу маңызды.

Тергеу ситуациясына және өз өзіне қарым-қамынас серіктесінің көзімен қарау, тергеушінің психологиялық мәдениетінің маңызды элементі болып табылады.

Басқа біреудің болжамын түсіну және сол арқылы басқа адамның іс-әрекетінің себептерін түсіну - өзара түсінушіліктің қажетті шарты.

Бірлескен ойын іс-әрекеті рольдік өзара көмектестік сипатта болады, олар рольаралық әрекеттестікке тән заң нормаларына, криминалистика ғылымының ұсыныстарына, психологиялық және педагогикалық заңдылықтарына сәйкес жүзеге асады. Шешілуі керекті тергеудегі оқиғаны реттейтін ойын ережелеріне қатысушылардың бәрінің оны орындауы, олардың нормаға бағынуы – іскерлік ойынның іс-әрекетінің толық жүзеге асуының қажетті шарты. Қатысушылардың іскерлік ойынға берілу деңгейі қанша жоғары болса, олардың өз рольдерін игеру деңгейлері де, ойынның басқа мүшелерімен әрекеттестіктері, олардың қойылған мәселені шешуге бағытталған бірлескен іс-әрекеттері де жоғары болады.

Іскерлік тергеушілік ойынның дидактикалық аспектісі студенттердің күрделі тергеушілік оқиғаларды, оқу үдерісінде алған білімін қолданып, кәсібилік қасиеттеріне, дағдыларына және икемдіктеріне сүйене отырып, талдау қабілеттерінің дамуының жоғары нәтижелілігімен көрінеді.

Ойынды келесі жоспар бойынша жүргізген дұрыс болады. Шағын оқу топтары (12-14 студент) екіге бөлінеді, 6-7 адам ойынға тікелей қатысады, олардың арасында, дайындық кезеңінде игерілетін, рольдер бөлінеді. Студенттердің екінші бөлігі ойынға белсенді бақылаушылар ретінде қатысады, және ойын аяқталған соң, олар бірінші болып ойынды талқылауды бастайды; әрбір ойыншының тактикасы мен стратегиясының дұрыстығы, ойынның мақсатқа жету жетістіктері, әрбір ойыншының өз рольдерін меңгерулері, ойынға қатысушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру және қабылданған шешімдердің дұрыстығы туралы пікірлерін айтады.

Ең басты зейін тергеушінің роліне және рольді дұрыс орындаушы өз мәселелерін қаншалықты шеше алғандығына аударылады. Содан кейін, ойынға тікелей қатысушылардың әрқайсысы өз ойынын сыни талдайды, ойнағандар өз рольдерін орындауларының жетістігін талқыға салады. Әрбір ойыншының және бүкіл топтың жіберген қателіктерін, жетіспеушіліктерін және жетістіктерін көрсете отырып, пікірталасты оқытушы аяқтайды.

Іскерлік ойындардың мынадай типтері дайындалған:

- ресми кездесулерде немесе ашық және көзге көрінбейтін қарсы іс-әрекеттік, шиеленіс жағдайларында дағдылар мен икемділікті дамытатын;

- ақпараттың тапшылығы жағдайында күрделі тергеушілік оқиғаларды және ол туралы шешім қабылдауды модельдейтін;

- қылмысты ашу жұмыстарында адамдарды басқаруың дағдылары мен икемділіктерін дамытатын;

- ойын-дискуссиялар (мысалы, дискуссия: қазіргі кездегі тергеуші қандай қасиеттер, дағдылар мен икемділіктерді игеруі керек, ойынға қатысушыларға қандай қасиеттер жетіспейді және олардың орнын қалай толтыруға болады).

Осындай іскерлік ойындар ресми мақұлданған және практикалық қызметте жүзеге асатын жеке тұлғалық қасиеттердің, дағдылар мен икемдіктердің дамуының және жаттығулардың жоғары нәтижелілігін көрсетті.

Сонымен қатар, жеке тұлғалық өсу спонтанды, адамның ішкі жанында жүретін, санада қалыптасқан тәжірибе ретінде және тіршілік мәселелерінің жаңа шешу жолдарын табумен көрінетін өзгеріс ретінде қарастырылады. Оларда өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жігерлендіру қажеттілігінің негізі қаланған. Басқаша айтсақ, А.Маслоу бойынша, өзара шиеленіске түсуі мүмкін болатын өзінің жеке қажеттіліктерін, талаптарын, ынталарын түсінуге адамның өзі келуі керек, және нақты жағдайды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін іздейді.

«Өзіндік сана-сезімін кеңейту» - бұл үдеріске С.Перле осындай атау берді және былай бейнеледі: шындығында бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуі, яғни өзінің қылықтарында ортаға сүйенуден өзіне сүйенуге қабілеттілігін қалыптастыру, және, оның салдары ретінде адам ішкі үйлесімділікке немесе өзі мен орта арасында тепе-теңдікке жете алады.

Заңгерлерді кәсібилік дайындаудың сапасын қылмысты ашу, тексеру және оның алдын алу әрекеттерінің нәтижелілігінің жоғары сатысы анықтайды, сондықтан, мамандар дайындау жүйесін ұйымдастыру ең маңызды мәселенің бірі болып табылады және тұрақты жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Бұл үдерісте заңгерлік жоғары оқу орындарының ролі аса маңызды және жауапкершілікті, себебі ол таңдау кезінде танылылған қажетті қасиеттерді болашақ тергеуші, прокурор, адвокат, сот тұлғасында сапалық, дағдылар мен іскерлік жүйесінде, оны практикалық жұмыстың өте күрделі жағдайларында жүзеге асыра алатындай етіп оқыту және тәрбиелеу тұрғысында дамытады.

Құқықтанушының кәсіби маңызды қасиеттері мен жеке тұлғалық қасиеттері. Маманның қалыптасуында, жоғары оқу орнының белсенді әсерімен қатар, өзіндік сана-сезім және өзін-өзі диагностикалау фактісінің де үлкен маңызы бар, яғни адам өзі таңдаған мамандық профессиограммасының құрылымын қалай елестетеді және қалайша өзінде қажетті қасиеттердің барын дұрыс диагностикалай алады. Өзін-өзі диагностикалау практикалық іс-әрекет үдерісінде және оны тезірек жетістіктермен игеру барысында өзін-өзі әрі қарай жетілдіруде үлкен роль атқарады. Соңғы жылдары психологиялық көмек жүйесінде компьютерлік психодиагностиканы пайдалануға қызығушылық арта түсуде. Автоматтандырылған психологиялық жүйелердің алғашқы варианттары 60-шы жылдары жасалған болатын. Бірақ, ЭЕМ-ді (ЭВМ) қолданудың күрделілігіне және оның қымбат бағасына байланысты көпшілікке таралмады. 80-ші жылдардың ортасында компьютерлік жүйелер біздің елімізде тестілеу практикасында кеңінен енгізіле бастады.

Жоғарыда көрсетілгендей заңгерлік іс-әрекет профессиограммасы іс-әрекеттің келесі түрлерінен тұрады: әлеуметтік; конструктивті және реконструктивті; ұйымдастырушылық; қанағаттанушылық, коммуникативті, іздеушілік.

Әлеуметтік қызмет саласында болашақ заңгерден шындықтан әділдікке деген талпыныс, гуманизм, адалдық талап етеді.

Іздеушілік саласында бақылаушылыққа, шыдамдылыққа және кәсіби маңызды объктілерге деген зейіннің концентрациясына көңіл бөлген жөн.

Коммуникативті қызмет саласында эмоционолдық шыдамдылықққы, өз ойын анық айтуға, өз көзқарасын қорғауға көп көңіл бөлгенжөн.

Қанағаттану қызмет саласында дамыған тіл байлығымен қатар ақпаратты тез жалпылау қасиетін, ауызша сөзді жазбашаға аудару қабілетін, корген композицияға жазбаша сипат бере алу қасиетін атаған жөн.

Ұйымдастырушылық қызмет саласында ұйымдастырушылық, мақсатқа бағыттылық, тұрақтылық белгіленеді. Бұл сфераға ұйымдастырушылық қапбілеті және ұйымдастырушылық жұмыста тәжірибесі жатады.

Конструктивті және реконструктивті қызметте алынған ақпаратты талдай алу қабілетіне, болжам жасай алу, міндеттерді орындаудағы шығармашылық шешімдерге көңіл бөлген жөн.

Бақылау сұрақтары.

1) Қазіргі жағдайда заңгерлерді дайындаудағы спецификалық ерекшеліктерді көрсетіңіз.

2) Болашақ заңгердің кәсіби мотивтерінің түрлеріне мінездеме беріңіз.

3) Психикалық үрдіс диагностикасының әдістерін таңдаңыз.

4) Заңгерлердің кәсіби дайындылығына және кәсіби қызметіне темперамент түрінің әсерінің тәуелділігін сипаттаңыз.

5) Тест түріндегі тапсырмалар.

1) Кәсіби қызмет сферасындағы болашақ заңгердің алдында тұратын болашақ тапсырмаларқандай аспектілергі жатады.

2) Болашақ заңгердің кәсіби қызметке дайындылығы, қылмыспен күресу сферасындағы нәтиже үшін болашақ жас маманның жеке жауапкершілік сезімі жатады.

3) Болашақ заңгерлер кәсіби мотивацияның негізгі түріне жатады:

а) адекватты;

б) ситуативті;

в) конформистік;

г) компресаторлық;

д) интеллектуалдық.

4) Болашақ маманның дұрыс сөйлеу формулировкасымен әлеуметтік қарсы бағыттылық қай кәсіби мотивацияға жатады:

а) адекватты;

б) ситуативті;

в) конформистік;

г) компресаторлық;

д) криминалды.

5) мамандық меңгеру арқылы өзінің әлсіз жақтарын жеңе алу үшін заңгерлік мамандық таңдалады. Ол күшті, шешімділік сияқты сапаларды көрсетуді талап етеді. Бұл сапалар кәсіби мотивацияның мына түріне жатады:

а) адекватты;

б) ситуативті;

в) конформистік;

г) компресаторлық;

д) криминалды.

6) Болашақ заңгерді дайындауда іскерлік оынның негізгі түрлеріне жатады:

а) ашық және жабық іс-әрекетте дағдыларды дамыты және қарым-қатынас жасай алу, конфликтті жою;

б) күрделі тергеу ситуациясы бойынша ақпараттың аздығы жағдайында шешім қабылдау;

в) дағдаларды дамыту және қылмысты шешудегі жұмысты адаммен басқара алу;

г) дамытатын мамематикалық қасиеттер.

7) Заңгерлік қызметтің кәсіби құралы келесі қызметтің түрлерінен тұрады:

а) әлеуметтік;

б) конструктивті және реконструктивті;

в) ұйымдастырушылық, қанағатты;

г) есептеу және санау;

д) коммуникативті және іздеуші.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет