ЖОҒары мектеп психологиясы



бет5/12
Дата22.08.2017
өлшемі2,9 Mb.
#24385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары

1. Мамандықтар жіктеуін сипаттаңыз.

2. Интроверттер және экстраверттер - жеке тұлғаның типі ретінде (рационалдар-иррационалдар).

3. Еңбек әрекетінің түріне байланысты кәсібилік деформация қалай көрінеді?

4. Тестік формадағы тапсырмалар
1. Д. Патерсон жіктеу ұсынды

1) 1943 жыл

2) 1953 жыл

3) 1963 жыл

4) 1973 жыл

5) 1983 жыл

бірнеше қабілеттің негізінде

1) 5


2) 6

3) 7


4) 8

5) 9


Жауабы: 2, 5

2. Мамандықтар типін белгілері бойынша класқа бөледі

1) гностикалық

2) қайта өзгертетін

3) ізденушілер

4) техникалық

5) гуманитарлық

3. 1974


1984

1994


жылы психолог

1) X.Фрейденберг;

2) З.Фрейд;

3) Э.Эриксон;

4) А.Адлер;

5) М.Кляйн

«Эмоционалды өртену синдромы» терминін енгізді

Жауабы: 1, 1.

4. Басқару үдерісінің қатаң орталандырылуымен, жетекшілікті жеке өзі жүргізуімен, көбінесе қаулы, ұсыныс, нұсқауларды қолдануымен көрінетін деформация ________________ деп аталады.

Жауабы: өктемшілдік


5. Тұлғаның мінез-құлқын эмоционалды бояумен көрсетуге, ұнауға, әрқашан көрінуге, өзін көрсетуге тырысатын қасиеті __________ деформация деп аталады.

Жауабы: қыр көрсетушілік

6. Клиенттермен тығыз қарым-қатынаста болатын мамандардың әлсіреу, жүдеу және шаршау жағдайы

1) кәсіптік деформация;

2) стресс;

3) психоз;

4) эмоционалды өртену синдромы;

5) шаршау.

Жауабы: 4.

7. Қол астындағы адамдардың сезімін, құқықтарын және мүдделерін ескеруге құлқының жоқтығы, «жазалау» әдістеріне бейімділігі, сөзге келмей бағынушылықты талап етуі

1) кәсібилік доматизм;

2) доминанттық;

3) кәсібилік индифференттік;

4) консерватизм;

5) кәсібилік агрессия.

Жауабы: 5.

8. Үлкен құқық берілгенде, өктемшілдік функцияларды орындау: талап ету, жаза қолдану, бағалау, бақылау қандай көрсеткіш?

1) кәсібилік доматизм;

2) доминанттық;

3) кәсібилік индифференттік;

4) консерватизм;

5) кәсібилік агрессия.

Жауабы: 2.

6 «Экономика» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері

Жоғары білім адамның психикасына, оның тұлға ретінде дамуына үлкен әсерін тигізеді. ЖОО-да тиімді оқу үшін студенттің өте жоғары интеллектуалды дамуы, сондай-ақ, оның қабылдауы, түсінігі, есі, ойлауы, зейіні, эрудициясы, таным қызығушылығы мен дүниетанымы, белгілі бір логикалық операцияларды меңгеруі және т.б. қажет.

Бұл деңгейдің төмендеуін оқу іс-әрекеті кезіндегі уәжділік немесе жұмыс істеу қабілетінің, шыдамдылығының, мұқияттылығы мен ұқыптылығының жоғарылауы толықтырып отыруы мүмкін. ЖОО-да гуманитарлық пәндерді тиімді меңгеру үшін адам ақыл-ойдың ең үлгілі вербалды типіне ие болуы керек. Гуманитарлықтар таным қызығушылығының тереңдігімен, мағлуматты және білімдігімен, тілді толық білуімен мінезделіп, сөздік қоры мол болып, сол қорды дұрыс қолдана білуі тиіс, нақты және абстракты түсініктерді анық түрде ара қатынасын белгілей алуы тиіс, сондай-ақ жоғары дамыған абстракты ойлау қабілеті болуы тиіс.

Экономист қызметі әрқашан толық жетілуді қажет ететін тиісті дағдылар жиынтығын қамтиды:

-когнитивті дағдылар (интеллектуалды деңгей, талдау, синтездеу және қорытып жинақтау дағдылары);

-кәсіби дағдылар (өндірістің нақты ерекшелігін білу, жоспарлау дағдылары);

-қолданбалы дағдылар (ұйымдастыру техникасымен және кәсіби құжаттармен жұмыс жасау);

-қарым-қатынас дағдылары (мәлімет жинау, іскерлік қарым-қатынас дағдылары, көшбасшы дағдылары);



-өзін-өзі дамыту дағдылары (өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі талдау жасау, тұлғалық даму перспективасы, күйзелісті жағдайларды жеңіп шығу дағдылары);

Когнитивті дағдылар. Когнитивті дағдылар арнайы білімнің болуын, кең ауқымды эрудицияны және логикалық ойлауды қажет етеді. Интеллектуалды талаптар, сонымен қатар мәселелерді тез ұғынуды да қарастырады. Когнитивті дағдылар құбылыстың мәнін айқындап, мәселені терең қарастыруға мүмкіндік туғызады.

Кәсіби дағдылар. Кәсiби дағдылар нақты өндiрiстiң ерекшелiктерiн, кәсiпорынның ерекшелiктерiн жақсы білуді өзіне жинақтайды. Экономисттің кәсіптілігі ұйымның әртүрлi жұмыс салаларында бағдар жасай алуымен анықталады.

Қолданбалы дағдылар. Қолданбалы дағдылар қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруға және уақытты минималды үнемдеуге мүмкіндік туғызатын нақты мағынаға ие. Қолданбалы дағдылар ақпаратты тиiмдi iздестiруге, мәлiметтердi жүйелеуге, құжаттамамен кәсiби түрде жұмыс iстеуге көп септігін тигізеді. Қолданбалы дағдылар компьютер сауаттылығымен, сонымен қатар ақпараттық ізденісті іске асырумен және іс жүргізуді ұйымдастырумен айналысады.

Қарым-қатынас дағдылары. Қарым қатынас дағдылары қарым-қатынастылықты, байланыстарды орнату тапқырлығын өз алдына біріктіреді. Қарым қатынас дағдыларына қатысты, сондай-ақ белгілі бір темперамент, қысымға деген тұрақтылық және экстраверттілік сияқты психосоматикалық сапалармен байланысты орнату орынды.

Өзін-өзі дамыту дағдылары. Өзіндік даму, кәсiби кемшiлiктердi жеңу және құндылықтарды дамыту – ол әрбiр экономисттің алдында тұрған тиiмдi міндет. Өзінің бiлiктiлiгін жоғарылатуы – күрделі сенiмдi салым, өз келешегіне қауіпсіздендірілген ықпал жасау мүмкіндігі. Кәсібилік - бұл экономикалық құлдырауларға да, табиғи жойқын апатқа да бағынышсыз жүк.

Лауазымдық міндеттер. Экономист өндірістің рентабельдік нәтижелілігі мен тиімділігін жоғарлатуына, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен қазіргі кезде шығарылатын өнімнің сапасына, материалды, еңбек және қаржы қорларын үнемді қолдану кезінде соңғы нәтижеге жетуге бағытталған кәсіпорынның экономикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға байланысты жұмысты орындайды. Өнімді өткізу көлемін жоғарылату мен пайданы ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарлар), шаруашылық-қаржылық жобаларды құрастыруға қажетті бастапқы мәліметтерді дайындайды. Өнiмнің жаңа түрiн игеруге, озық техника мен технологияға, өндіріс пен қаржылық шығындарға және шығарылатын өнімнің жүзеге асырылуына қажетті материалдық, еңбектік және қаржылық шығындар бойынша есептеулерді орындайды. Кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүзеге асырады, өндіріс қорын анықтайды, үнемдеу тәртібін қамтамасыз ету, өндірістің рентабелін жоғарылату, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеті мен еңбектің өнімділігі, өндіріске және өнімді жүзеге асыруға тиісті шығынды төмендетуге, ысырап пен өнімсіз шығындарды жоюға, сондай-ақ өнімнің қосымша шығарылымы мүмкіндігін айқындауға байланысты іс-шараларды өңдейді. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың, жаңа техника мен технологияларды ендірудің, рацоналды-талданған ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін анықтайды.

Өңделген өндірістік-шаруашылық жоспарлардың қарастырылуына, қорларды үнемдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде, шаруашылық қарамағындағы есептеудің еңгізілуі мен толық жетілдіру кезінде, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру әдістерінің жүзеге асырылуында, сонымен қатар құжаттарды жоспарлау және есептеу кезінде қатысады. Келісімшартқа отыруға қажетті құжаттарды безендіреді, келісім шарттың міндеттерін орындау уақытын қадағалайды.

Кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жоспарланған міндеттерін орындау тәртібін, шаруашылық ішіндегі қорларын қолдану жөніндегі бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпорынның дамуын болжау мен маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруға қатысады.

Есептеу жұмыстарын жүзеге асырудың дұрыстылығын бақылау мен уақыт тәртібі белгіленбеумен байланысты жұмысты орындайды. Келісімшарт жасауларды есептеу және кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің өндірістік қызметі қорытындыларының экономикалық көрсеткіштерін есептеуді қамтамасыз етеді. Белгіленген уақыт көлемінде периодикалық есепті дайындайды. Экономикалық ақпараттық деректер негізінің сақталуы мен іске асырылуы мен қалыптасуы жөнінде жұмыс орындайды, деректерді өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпараттарға өзгерістер еңгізеді. Есептеу құралдарының көмегімен есептелетін міндеттердің немесе оның жеке кезеңдерінің экономикалық қарастырылуында қатысады, дәлелденген экономикалық ақпаратты өңдеу жүйесін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдер мен қолданбалы бағдарламалар пакетін қолдану ықтималдығын анықтайды.



Білуі тиіс: заңды және нормативті құқықтық актілерді; жоспарлау бойынша әдістемелік материалдарды; өндіріс іс-әрекетінің талдануы мен есептелуін; жоспарланған жұмыстың ұйымдастырылуын; кәсіпорынның шыруашылық-қаржылық және өндірістік іс-әрекетінің перспективті және жылдық жоспарының құрастырылу тәртібін; бизнес-жоспарлардың өңделу тәртібін; жоспарлау-есептеу құжаттарын; материалдық, еңбектік және қаржылық шығындар нормативін әзірлеу; экономикалық талдау және кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметтік көрсеткіштерін есептеу әдістерін; жаңа техника мен технологиялардың ендірілуінің экономикалық тиімділігінің анықтау әдістерін; екбекті ұйымдастырудың, рационалды ұсыныстар мен өнертабыстардың: есептеу жұмыстарын жүзеге асырылу құралдары мен әдістері, келісімшартқа отыруға қажетті мәліметтерді безендіру ережелерін, қолма-қол және статистикалық есептеуді ұйымдастыру, есептеуді құрастырудың тәртібі мен уақыты, нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің рационалды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі; экономиканы, өндірістің, еңбек пен басқарудың ұйымдастырылуын; шаруашылықпен айналысудың нарықтық әдістерін; кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің талдануы мен технико-экономикалық есептеудің жүзеге асырылуы үшін есептеу құралдарын қолдану мүмкіндіктерін; оны пайдаланудың ережелерін; еңбек жөніндегі заңнамаларды; еңбекті қорғау нормаларын мен ережелерін.

Экономист өзінің біліктілігіне сәйкес міндеттерді шешуі тиіс:



  • қазақстандық және әлемдік экономиканың құрылымы және тенденциясы жөнінде білуі тиіс;

  • қазіргі жағдайдағы экономикалық үрдістердің әр түрлілігін, олардың қоғамда болып жатқан басқа үрдістермен байланысын түсініпуі тиіс;

білуі керек:

  • экономика әрекетінің заңдылықтары мен теориялық негіздерін, сонымен қатар ауыспалы үрдістерді;

  • экономикалық және басқару шешімдерінің қабылдануы мен жүзеге асырылуын;

  • ұлттық экономика теориясы мен заманауи мектептерді, мемлекеттік экономикалық саясаттың негіздерін;

  • мемлекеттік ұлттық экономикалық реттеу жүйесін;

  • қаржы салымы, қаржы, несие-ақшалық, инвестициялық, қаржылық, бюджетті-салықтық, монополияға қарсы, сыртқы экономика саясатын жүзеге асыру формасы мен мазмұнын;

  • стратегиялық жоспарлаудың басты міндеттері мен мақсаттары; функциясы, ұлттық экономиканың стратегиялық баламасы, макроэкономикалық стратегиялардың түрлері, шетел мемлекеттердің ұлттық және бірлескен стратегиясының түрлерін;

  • ұлттық шаруашылықты модельдеудің және жоспарлаудың ұстанымдары, маңызды баллансты, статистикалық және оңтайландырылған модельдердің құрамы мен мазмұны, ұлттық экономиканы жоспарлаудың эконометриялық жүйесі жөнінде мәліметтерді білу;

білуі тиіс:

  • нақты жағдайды талдау кезінде экономикалық мінездеменің мәселесін айқындау, оларды шешу әдістерін ұсыну және күткен нәтижелерді бағалау;

  • ақпаратты жинақтау және жүйелеу, кәсіби қызметтің сұрақтары бойынша шолу жасау және анықтамаларды жүйелеу, мәтіндерді рецензиялау, өзгерту және жүйелеу;

  • кәсіби қызмет саласында ақпаратты экономикалық талдаудың басты және арнаулы әдістерді қолдану;

  • тиімді шаруашылық шешімдердің нұсқаларын құрастыру және дәделдеу;

  • экономикалық міндетер мен мақсаттарды анықтау кезінде пайдаланушы негізінде компьютерлік техниканы қолдану;

  • әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды талдауды жүзеге асыру, жеке дара шаруашылық субъектілер мен олардың бөлімшелердің тиімді стратегияларын дұрыс айқындау;

  • өндірістің баллансын өңдеу және өнімдердің ең басты түрлерін қолдану;

игеруі тиіс:

  • арнаулы экономикалық терминология мен, тым болмасағанда, бір шетел тілде мамандығының лексикасын;

  • жаңаша ғылымилық технологияларды пайдалануымен қатар, жаңа білімдерді өздік игеру дағдыларын;

  • алдыңғы қызметтің саласындағы стандартты жағдайларды талдау кезінде кәсіби дәлелдемелік дағдыларын;

  • табиғатты рационалды қолдану мен әлеуеттік қорды тиімді қолданудың, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың болжамдарын құрастырудың басты әдістерін;

  • дербес компьютерлерде экспертті, статистикалық және салааралық ақпараттарды өңдеу пакеттерімен қоса, бағдарламалардың жан-жақты және арнаулы пакеттерін қолдану дағдыларын.

«Экономист» профессиограммасы адамға кәсібімен қойылатын 54 талаптарды құрайды. Оның негізінде маманның тамаша (теориялық) моделін құрауға болады. Ал шын мәнінде, осы сапалар тиісті деңгейде дамыған экономистті табу қиынға ұшырайды. Мамандарды талдау нәтижелері бойынша ең маңызды КҚҚ – (кәсіби қажетті қасиеттер), олардың деңгейлерін «өте қажетті» категориясы бойынша бағалау барысында келесі қасиеттер айқындалды:

1) Тиімді келісімдерге отыру шеберлігі;

2) сенімділік;

3) табыс табу ықыласы;

4) денсаулық;

5) тапқырлық пен зеректік;

6) белсенділік;

7) кәсіби құзырлық;

8) бетпе-бет және телефон желісі арқылы қатынаса алу ептілігі;

9) өз-өзін ұстай білу, тапқырлық пен пысықтық, кәсіби айла таба білу;

10) болжамның дәлдігі және есті тәуекел;

11) міндеттілік;

12) уақытымен орындай ала білушілік;

13) адалдық, парасаттылық;

14) жолдасын (әріптесін) алмастыра ала білу қабілеті.

Осы қасиеттердің барлығы олардың маңыздылығына қарай ең бастысынан бастап кеміп отыратындай етіп орналасқан. Кәсіби қажетті қасиеттер үш топты құрайды:

Қасиеттердің бірінші тобы – маманның тиімді іс-әрекетінің «алғышарттары»:

1) жұмыс істеу мен табыс табу ықыласы;

2) денсаулық (физикалық және психикалық);

3) әріптесін оның науқастануы немесе болмаған кезінде алмастыра ала білу қабілеті.

КҚҚ бұл тобы, сонымен қатар екі тармаққа бөлініп қарастырылады:

1) Кәсіби білімі мен іскерлігін мінездейтін басты КҚҚ;

2) кәсіби құзырлық;

3) тапқырлық, кәсіби айла таба білу;

4) болжамның дәлдігі және есті тәуекел.

Маманның психикалық және тұлғалық ерекшеліктері.

Басты КҚҚ екінші тобына қатысты барлық қасиеттер «тиімді келісімдерге отыру шеберлігі» сияқты күрделі де интегралды қасиеттер болып бірігуі мүмкін. Дәл осы қасиет экономист қызметінің тиімділігі мен жетістігінің басты мақсаты және қорытынды нәтижесі болады.

КҚҚ үшінші тобы маманды өз кәсіпорынының өкілі ретінде мінездейтін, сонымен қатар барлық жағдайда бірлестіктің «өзіндік белгіс» және абыройы бола тұра, шартты түрде «сенімділік» деп келесі қасиеттермен белгіленген:

1) Міндеттілік;

2) дер кезінде орындау;

3) адалдық, парасаттылық.

Басты КҚҚ өзара байланыстылылығы мен өзара тәуелділігін жақсы қабылдау мен көрнекілікті қамтамасыз ету мақсатында, «экономист» мамандығы профессиограммасының қысқаша нұсқасын айқындайтын құрылымдық сұлба әзірленді (2 сұлба).

2 сұлба – «экономист» мамандығы бойынша ең қолайлы да маңызды қасиеттер



Алғышарттар

Біліктілік

Имидж

Табыс табу ықыласы

Тиімді келісімдерге отыра білу шеберлігі.

Сенімділік.

Міндеттілік.



Денсаулық.

Әріптесін алмастыра алу қабілеті



Кәсіби құзырлық. Тапқырлық, пысықтық кәсіби айла таба білу. Болжамның дәлдігі және есті тәуекел. Тез жауап қайтару.

Жігерілік. Араласу қабілеттілігі. Өз-өзін ұстай алу ептілігі.



Орындылық.

Адалдық.


Парасаттылық.

2 сұлбаны қарастыру кезінде солдан оңға қарай, мысалға «тиімді келісімдерге отыра білу шеберлігі» атты біліктілік қасиеті көбіне «жұмыс істеу мен табыс табу» және «денсаулық жағдайы» сияқты алғышартты қасиетке байланыстылығын көре аламыз.

2 сұлбаның үстінен астына қарай мәнділігін қарасақ, мәнділігіне, маңыздылығына, қорытып жинақталуына және күрделілігіне байланысты нақты қасиеттің КҚҚ лауазымдық қатар бағыныштылықты көре аламыз.

Сондай-ақ, «имидж» қасиеті (сенімділік, орындылық, адалдық, парасаттылық) біліктілік қасиеттерін бекітуге септігін тигізеді. Ал «тиімді келісімдерге отыра білу шеберлігі» атты біліктілік қасиеті маманның материалдық жағдайын жақсартып, оның еңбекке қызығушылығын нығайтады.

Экономиста-бухгалтер қызметінің тиімділігі түсінік пен келесі бағыттарды орындаудан құралады:

1) Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалына әсер ететін мамандардың қасиеттері;

2) адамның психоэнергетикалық мүмкіншіліктері мен уәжділігін айқындайтын қасиеттері;

3) маманның басты кәсіби біліктілігі мен іскерлігі;

4) психологиялық және тұлғалық ерекшеліктері;

5) коммуникативті дағдылар;

6) эмоционалды-жігерлік қасиеттер.

Маманның сапасы "түр сипаты" мен бірлестік абыройын айқындайтын қасиеттер.

Төменде осы бағыттар бойынша таралатын КҚҚ туралы сөз қозғалған. Барлық қасиеттер маңыздылық критериі бойынша срапталған, яғни елеулігі бойынша кеміп отыратындай орналасқан.

3 сұлбада "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша қасиеттер топтары бойынша КҚҚ орналасқан.

3 сұлба – "экономист -бухгалтер" мамандығы бойынша КҚҚ топтары бөліп қарастырылған.

КҚҚ бағыты

КҚҚ мазмұны

1

2

Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын қамтамасыз ету

Ынтымақтастық

Жанжалсыздық



Адамның психоэнергетикалық мүмкіншіліктері мен уәжділігін қамтамасыз ету (алғышарттық қасиет)

Іс-әрекетке ниеттену

Жұмыс істеу ықыласы (еңбексүйгіштік)

Табыс табу ықыласы

Денсаулық (соматикалық и психикалық) Ауыса білушілік (жұмыстан демалысқа және керісінше, бір жұмыстан басқа жұмысқа)



Кәсіби құзырлық

Нарықты білуі. Тапқырлық, кәсіби айла табу. Жоспарлау іскерлігі. "Өнімсіз" тауарды іске асыру. Құпияны сақтай алу ептілігі.

Тұлғаның қасиеттері

Тез әсер ету, Жігерілік,

Интуиция, Икемділік, Шапшаңдық, Жұмылдандырылған.

Тапқырлық, зеректік. Уақыт пен ақпарат дефициті кезінде жұмыс істей алу ептілігі. Жақсы шоғырланушылық және есті ауыстыру. Бастысын оқшаулай алуы. Естің маңыздылылығы.


Өзіне қарата алу

Таза және адам сүйсіндіретін түр-сипат. Қарым-қатынас кезіндегі сыпайылылық пен өнегелік.

Пейілділік, кемшілік пен басқалардың әлсіздігіне деген шыдамдылық.

Әзілшілдік сезімі.

Қарым-қатынас кезіндегі сақтық пен сезгіштік.

Басқа жынысты адамның мінез-құлқына әсер ету ептілігі.


Өзін-өзі иелене алуы

Өз-өзіне сенімді болу. Эмоционалды төзімділік. Көңі-күйдің қобалжуына еріксіз көнбеу ептілігі.

Өжеттілік, батылдық



Маманның сенімділігі

Міндеттілік, дер кезінде орындаушылық, адалдық, парасаттылық, жауапкершілік, ұқыптылық

Мысалы, бухгалтер орындаушылық, мұқияттылық, зейінділік, ықыластылық және қазымыр сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс. Алайда, өкінішке орай, осы қасиеттерге ие болған адамдар күйзеліске жиі ұшырайды.

Сонымен күйзеліске тұрақты адам мен күйзеліске тұрақсыз адамдар қалай ерекшеленеді?

Біріншіден, күйзеліске тұрақты адам күйзелісті шешім қабылдауға деген ынта ретінде қабылдайды. Бәрімізге белгілі болғандай, күйзелісті жағдайлардың ең бастапқы кезінде ағзада адреналин түзіле бастайды. Кейбір адамдар осыдан рақаттылық сезінеді. Оларға әр уақытта ішкі тонусын бірқалыпты ұстау үшін қауіп-қатер сезімі қажет. Сондықтан, өмірде қандай да болмасын қиындықтар туған кезде, тез арада шешетін кездейсоқ мәселелерді шешу кезінде адам өзін-өзі өте сенімді сезінеді. Сондықтан күйзелістер адамға айтарлықтай зиян келтіре қоймайды. Ал екіншіден, күйзеліске төзімді адамдар – олар белгілі бір қиын жағдайға ұшырап, оны өз басынан өткізгеннен кейін, сол жағдайларды тез ұмытып кетеді. Ұмытпау, қиналуды ұмыту. Бұл адамдар қандай да болмасын қауіп-қатер туған кезде, басқа іспен тез арада айналысып кете алады.

Әрбір басбухгалтерді өзінің қол астындағы адамдарында қандай қасиеттер көргіңіз келеді деп сұрасаңыз, жауабы – зейінділік, қазымырлық, жұмыс істеу қабілеттілігі мен дәлділік болады. Нәтижеге қадалған ақылы жетпейтін (иррационалды) қарапайым бухгалтерлер қажет пе? Жоқ. Себебі олар дәлдірек, жүйелірек және ұқыпты бола алмайды. Себебі олар үшін күнделікті ескішілдікке негізделген жұмысты орындау, күннен күнге дейін бір құжаттарды толыру қиынға ұшырайды. Себебі олар қажеті деңгейге дейін жауапкершіл бола алмайды және т.б.

Бухгалтерлерге әсер ететін күйзелістер мөлшері орасан зор. Олар әрқашан өзгеріп отыратын заңнамалар, есеп тапсырар алдында бір жұма бұрын пайда болатын есеп-қисаптардың жаңа түрлері, жәнеде салықтық тексерулер, сондай-ақ бухесептеу автоматизациясы жүйесінің жаңа түрлері, соған қоса басқа бөлімшелердің қызметкерлері мен басшылық арасындағы жанжалдар және т.б. Егер де күйзелістен қашып құтылу оңайға тимесе, оны шешудің жолдарын таба білу қажет. Көбірек демалып, жұмыстан алаздап, көңіліңді алдандырып, спортпен шұғылданып (бірнеше спорт жаттықтырулар жасау), моншаға барып (немесе тым дегенде хош иісті ванна қабылдау) көңіл аудару қажет. Күйзелісті жоятын тренингтерге баруға болады. Нәтижесінде, ең бастысы – біздің өміріміз тек қызметімізден ғана тұрмайтындығын естен шығармауымыз қажет.

Сөзіміз дәлелсіз болмау үшін, ПМУ Колледжіндегі «Экономика, бухгалтерлік есеп пен аудит» мамандығында оқитын жаңашыл студенттердің тұлғалық мінездемелерін айқындау үшін белгілі бір зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. 42 адам тестілеуден өтті. Олардың арасында экономикамен басты мамандығы ретінде айналысатын үш топ айқындалды. Ұсынылған тест бойынша әдістеме таңдап алынды. Осыған орай экономисттерде абстракті-символдық ойлау түрі жақсы дамыған. Соңғы нәтижесін шығару кезінде 17 адамда, яғни шамамен тестілеуден өткендердің 40% -да ойлаудың осы түрі немесе тіпті дамымаған, немесе әлсіз дамыған болып шықты, 21 адамда, яғни тестілеуден өткендердің 50%-да абстрактылы-символдық ойлау типі сөздік-логикалық ойлауға қарағанда орташа деңгейде дамыған, осы тестілеудің түрін өткізу кезінде, айта өтетін жайт, ойлаудың дәл осы түрі экономист мамандығы үшін өте тиімді екендігін анықтадық, себебі сандарды жай көзбен елестетіп қана қоймай, оларды логикалық түрде ақиқатпен теңдестіру қажет, алайда ең төмен деңгей көрсеткен студенттердің басым көпшілігінде абстрактылы-символдық ойлауының даму деңгейі, сонымен қатар сөздік-логикалық ойлауы да ең төмен деңгейде екендігі айқындалды.

Енді тестілеуден өткендердің 10 %, яғни 4 адам ойлаудың осы түрінің, яғни сөздік-логикалық ойлауының даму деңгейі жоғары деңгейде дамыған екендігі айқындалды, алайда ең қызықтысы – тек төрт студентте ғана өзінің болашақ мамандығы жөнінде қандай да болмасын ой қозғайтындығы, яғни экономика сөзін экономика ғылымына ретінде абстракциялық ойлап; ал қалған үшеуі ғылымда терең танымдарын көрсете білген жоқ.

Сонымен қатар, тестілеу кезінде жыныстық тәуелділігі ешқандай роль атқармайтындығын айта кеткен жөн.

- ең жоғары нәтиже көрсеткен 50% қыз балаға тепе-тең 50% ұл бала. «Орташалықтар» тобындағы басты ұйытқысы ең салмақты студенттердің арасында, яғни дәл осы көрсеткіштің байқатқаны, әр қилы дамыған адамдар қандай да болмасын ғылымдардан келген түрлі ақпараттарды жақсы қабылдап, меңгере алады.

«Ойлау типі» әдістемесі (Г.В.Резанкинаның модификациядағы ойлау типін айқындау әдістемесі)

Шкалалар: ойлау типтері – пәндік-әрекетті, абстракті-символдық, сөздік-логикалық, көрнекілік-образды, креативтілік (шығармашылық)

Басты сөздер: вербалды, ересектерге, ойлау, тест, оқушыларға

Тестілейміз: Психикалық үрдістер Жасы : ______

Тест түрі: Вербалды

Байқалулар: _________

Тесттің мақсаты ________

Жауап беріушінің ойлау типін айқындау диагностикасы. Тестке арналған нұсқау.

Әрбір адамның бойында ойлау типінің белгілі бір түрі басым болады. Бұл сауалнама сіздерге өз ойлау типіңізді айқындауға көмегін тигізеді. Егер де сіз келесі пікірмен келіссеңіз, парағыңызға плюс қоясыз, ал келіспесеңіз –минус таңбасын қойыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет