Жоғары педагогикалық білім


Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет108/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

 
Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің 
іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, 
кәсіби қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі 
туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық 


118 
технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар 
атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып 
отыр.
 
Курстың мақсаты – 
студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, 
өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі 
кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға 
үйрету.
«Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты мамандыққа кіріспе емес, қазақ тілін кәсіби деңгейде 
жетік меңгеру талаптарын негізге алады. Бұл пәнді аяқтаған тіл үйренуші: 
- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына 
қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек; 
- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі; 
- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, 
терминологияны үнемі дамытып отыруы; 
- мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы; 
- кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі; 
- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем 
жеткізе білуі керек және т.б.
 
Курстың міндеттері:
-
студенттерді өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға 
үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио, 
теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру. 
- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін 
араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру; 
- әртүрлі стилде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен 
ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру; 
- өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге 
дағдыландыру; 
- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз 
мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру; 
- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды 
ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту; 
- қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды оқып, 
түсіну қабілетін қалыптастыру; 
- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету; 
- белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге 
керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру; 
- өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама 
жазуға машықтандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет