Жоғары педагогикалық білім


МОДУЛЬ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫСТАР ӨТКІЗУ



Pdf көрінісі
бет340/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый
03422017
5 МОДУЛЬ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫСТАР ӨТКІЗУ 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Шығыс жекпе-жегінің жарыс ережелері, төрешілердің міндеттері мен жарысқа 
қатысушыларға қойылатын талаптар. 
5.1 Шығыс жекпе-жегіндегі құрал-жабдықтар. Мақсаты мен міндеттері, негізгі 
түсініктері мен олардың анықтамалары, техника қауіпсіздігі. «Жіктеу», «жүйелеу», 
«терминология» деген түсініктер анықтамаларының қажеттігі. 
Спортшыларды жас топтарына, салмақ дәрежелеріне, спорттық көрсеткіштеріне қарай 
топтастыру. Шығыс жекпе-жегі бойынша техника негізін жіктеу. Қазіргі кездегі 
пайдаланылатын негізгі шығыс жекпе-жегінің терминологиясы. Шығыс жекпе-жегіндегі 
жіктеу мен мен терминологияның өзгешеліктері. 
5.2 Қазақстанда және шетелде шығыс жекпе-жегінің даму болашағы. 
5.3 Шығыс жекпе-жегінің секцияларында іріктеу мен бақылауды жоспарлау, ОЖЖ мен 
жаттығу жұмыстарын есептеу. Сабақтарды жоспарлау түрлері (оқу жоспары, бағдарлама, 
жұмыс жоспары, сабақ конспектілері, сабақ кестесі, сабаққа қатысуын, спорттық 
нәтижелерін тіркеу журналы, спорттық шаралар күнтізбесі, оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ). 
Шығыс жекпе-жегінің секцияларындағы жұмыс мазмұны. Шығыс жекпе-жегі бойынша
спортшыларды тұлға ретінде тәрбиелеудегі жаттықтырушының рөлі. 
5.4 АК, БЖК, БЖСМ, СШЖМ жұмысында шығыс жекпе-жегі секциялары үшін 
құжатнамалар жасау: жылдық жоспар, жұмыс жоспары, сағаттық кесте, сабақтар конспектісі, 
жұмыс есептеу журналы, ЖДД мен АДД нормаларын тапсыру кестесі және жарыстарға 
қатысу. 
Шығыс жекпе-жегі бойынша жарыстың түрлері мен сипаты, төрешілер алқасының 
жарыстардағы қызметі, жеңімпаздарды анықтау. Шығыс жекпе-жегіндегі ерлер мен әйелдер 
жарыстарының ережелері. Сайысу түрлері: жасқа, салмаққа, біліктілікке қарай және 
қатысушылардың шеберлік дәрежесіне қарай жарысқа жіберу. Салмақ өлшеу тәртібі. Жеребе 
тастау мен жұп құрастыру. Тапсырыс беру, дәрігерлік бақылау картасы, қатысушының киімі. 
Жарыс қағидаттарын, қатысушылардың, секунданттардың және команда өкілдерінің 
құқықтары мен міндеттерін құрастыру. 
Сайысқа дейінгі және кейінгі дәстүрлі амандасу мен қоштасу. Шығыс жекпе-жегі 
бойынша сайыстарды жанама төрешілердің, аға төрешілердің, бас төрешілердің бағалауы. 
Шығыс жекпе-жегіндегі жарыс ережелерінің ерекшеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет