353
Алматы
ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
НЕГІЗДЕРІ
Спорттағы жоғары жетістіктердегі
және салауатты өмір салтындағы, дене тәрбиесі
жүйесіндегі шығыс жекпе-жегінің орны мен қызметі.
1.1 Дене тәрбиесі сабағында, әртүрлі спорт түрлерінің жаттығуларына арнап шығыс
жекпе-жегінің әдістемелерін қолдану. Шығыс жекпе-жегін оқытудың әдістемелік негіздері.
1.2 Шығыс жекпе-жегіндегі жіктеу, жүйелеу, техника қауіпсіздігі мен терминологиясы
1.3 Шығыс жекпе-жегінің
мақсаты мен міндеттері, негізгі түсініктері мен олардың
анықтамалары, техника қауіпсіздігі. «Жіктеу», «жүйелеу», «терминология» терминдері
түсініктемелерінің қажеттігі.
Спортшыларды жас топтарына, салмақ дәрежелеріне, спорттық көрсеткіштеріне қарай
топтастыру. Шығыс жекпе-жегі бойынша техника негізін жіктеу. Қазіргі кездегі
пайдаланылатын негізгі шығыс жекпе-жегінің терминологиясы. Шығыс жекпе-жегіндегі
жіктеу мен мен терминологияның өзгешеліктері.
2 МОДУЛЬ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Кіріспе.
Шығыс жекпе-жегінің нысаны, пәні, түсініктері, мақсаты,
міндеттері
2.1 Шығыс жекпе-жегінің даму тарихы
.
Шығыс жекпе-жегінің Азиядағы даму тарихы
(Окинава, Жапония, Қытай, Индия, Вьетнам және т.б.) және әлемдегі, ҚР-дағы даму тарихы.
ҚР спортшылары әлемдік татамилерде, мәселелері мен дамуы.
Шығыс жекпе-жегі оқу пәні ретінде: студенттердің оқу-жаттығу тәжірибесінде
қолданылатын түрлері, әдістері мен тәсілдері. Шығыс жекпе-жегінің әлемдік және ҚР-дың
білім беру жүйесіндегі рөлі мен орны. Шығыс жекпе-жегі бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстары, жетістіктері, олардың спортшыларды даярлау әдістеріне әсері.
Қазақстан, ежелгі Қытайда, Индияда және т.б. аумақтарда шығыс жекпе-жегі өнерінің
туындауы. ҚР-дағы шығыс жекпе-жегінің тарихы. ҚР-шығыс жекпе-жегі бойынша спорттық
нәтижелерінің замануи деңгейі.
2.2 Шығыс жекпе-жегінің қазіргі кезеңдегі
өзекті мәселелері
ҚР-дағы шығыс жекпе-жегінің дамуы туралы мәліметтер. Қазіргі және бұрынғы
мәліметтерге салыстырмалы сараптама жүргізу. Шығыс жекпе-жегін дамыту мәселелері
бойынша ғылыми-зерттеулерге шолу жасау. Әдістері мен тәсілдеріндегі, жаттығу
әдістеріндегі, құралдар мен жабдықтардағы жаңалықтар.
Қазақстан спортшыларының
354
халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне талдау жасау. ҚР мен басқа елдерде шығыс жекпе-
жегін ары қарай дамыту бойынша кезекте тұрған міндеттер.
Қазіргі кезеңде шығыс жекпе-жегінің стилдері бойынша сайыстарды бағалау
балдарының өзекті мәселелері.
ҚР мен шетелдердегі шығыс жекпе-жегінің даму жай-күйі. Қазақстан құрама
командасының халықаралық жарыстардағы нәтижелерінің жылдық қорытындылары. Шығыс
жекпе-жегінің әдістері мен тәсілдеріндегі, жаттығу әдістеріндегі,
құралдар мен
жабдықтардағы жаңалықтар. Қазақстан құрама командасының халықаралық жарыстардағы
нәтижелерінің жылдық қорытындылары.
Шығыс жекпе-жегіндегі спортшылардың жас ерекшеліктері, салмақ және жас
санаттарына қарай бөлінуі. Жастардың,
қыздардың, ерлер мен әйелдердің сүйек-бұлшық ет
жүйесінің ерекшеліктері. Шығыс жекпе-жегінің ағзаларға әсері, оқыту барысындағы
психологиялық ерекшеліктерді ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: