Жоғары педагогикалық білім


МОДУЛЬ. ВОЛЕЙБОЛДЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Pdf көрінісі
бет362/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый
03422017
2 МОДУЛЬ. ВОЛЕЙБОЛДЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
3.1 Ойын әрекеттеріне үйрету әдістемесі. Үйрету барысындағы педагогикалық 
қағидаттар мен ережелер. Ойынның техникалық-тактикалық тәсілдеріне үйретудің бірізділігі.
 
Үйрету кезеңдері: техникалық тәсілдермен және тактикалық әрекеттермен жалпылама 
танысу, орындау барысында әрекеттер бірізділігіне үйрету, ойынға жақын жағдайларда 
тәсілдерді жетілдіру, ойын жағдайларындағы амалдарды пысықтау. Жетектеуші және 
имитациялық жағдайларда, оқыту және жетілдіру барысында қателіктерді түзету әдістемесі. 
Оқытудың тұтас және бөлшектенген әдістері. 
Оқыту үдерісіндегі оқытушының тәрбиелік жұмысы. Тәрбие жұмысының әдістері: 
педагогтың жеке басының үлгісі, сабаққа қатысу және оқу үлгерімін есепке алу. 
3.2 Волейболдың техникасы мен тактикасына үйрету негіздері

Техникалық-тактикалық әрекеттердің жіктелуі. Спорт ойыны ретінде волейболдың 


өзіне тән белгілері мен қызметі. Ойын техникасы мен тактикасының жіктелу қағидаттары. 
Волейболдағы техникалық-тактикалық әрекеттердің терминдері және жалпы түсінігі. 
Ойыншылар қызметін әмбебаптандыруға және арнайыландыруға деген қазіргі көзқарастар. 
Ойыншылардың қызметтері: шабуылдаушылар (бірінші және екінші қарқындағы), 
байланыстырушы, қорғаушылар (либеро).
3.3. Волейбол ойыны техникасының құрылымдарын меңгерудегі бірізділік. Тәсілдерді 
орындау техникасының жалпы сипаттамасы. Доп беру, берілген допты қабылдау, доп алып беру
шабуылдау соққысы, құрсаулау, сақтандыру, допты қорғаныста қабылдауды орындау 
техникасы. Шабуылдау және қорғану техникасының өзара байланыстары. Волейбол ойынын 
үйретудегі жетектеуші және арнайы жаттығулар және оларды қолданудың бірізділігі. 
Волейболдағы жеке және топтық техникалық әрекеттерге үйрету ерекшеліктері. Ойын 
техникасына үйрету барысындағы бірыңғай қателіктер және оларды түзеу әдістері.
3.4 Жекелеген тактикалық амалдар: орын таңдау, орын ауыстыру тәсілдері, доппен және 
допсыз әрекеттер. 
Шабуылдау мен қорғанудың түрлі тактикалық үйлесімділіктерін жүргізу барысында 
жиі көрініс табатын топтық тактикалық әрекеттер. Өзара топтық іс-қимылдар ұйымдастыру 
тәсілдері.
3.5 Шабуылдау мен қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттер. Шабуылдау мен 
қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттер немесе ойын жүйесі, олардың түрлері мен 
орындау тәсілдері. Шабуылдау мен қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттердің 
эволюциялық өзгерістері. Ерлер мен әйелдер командалары қолданатын заманауи ойын 
жүйесі. Ойын ережелерін және жекелеген анағұрлым күрделі ойын кезеңдерін талдау.
3.6 Шабуылдау мен қорғаныс барысындағы жеке және топтық әрекеттер. Жеке 
техникалық әрекеттерге үйрету әдістемесі: доп беру, берілген допты қабылдау, доп алып беру, 
шабуылдау соққысы, құрсаулау, сақтандыру, допты қорғаныста қабылдау; олардың түрлері 
мен орындау тәсілдері. Мектептегі үйрету және оқыту әдістемесінің ерекшеліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет