«Жаңашыл мұғалім-2020» республикалық байқауын өткізу туралы ереже Мақсаттары



Дата21.01.2020
өлшемі21,37 Kb.
#56255
Байланысты:
«Жаңашыл мұғалім 2020» республикалық

«Жаңашыл мұғалім-2020»

республикалық байқауын өткізу туралы ереже
Мақсаттары

  • Мұғалімдердің әлеуметтік және кәсіби беделін қалыптастыру

  • Педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету және марапаттау

  • Оқыту барысында заманауи (цифрлық) технологияларды қолданатын педагогикалық іс-тәжірибе жинақтау формаларын жетілдіру


Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі
Байқау екі кезеңнен тұрады:
1-кезеңнің жұмыстарын қабылдау: 11.12.2019 – 21.02.2020

2-кезеңнің жұмыстарын қабылдау: 02.03.2020 – 17.04.2020
Байқау шарттары

Қатысушылар міндетті түрде bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz, bilimkids.kz. білім беру ресурстарына жазылулары шарт.

● Байқау жұмыстары байқау талаптарына сай болуы шарт. Жұмыстың құрылымы мен безендірілуін талаптарға сүйене отырып авторлар өздері қабылдайды.

● Байқаудың бірінші кезеңінен өтпей қалған қатысушылар екінші кезеңге жіберілмейді.

● Қатысушылар байқауға жұмыс жолдау арқылы BMG компаниясына қатысушылардың суретін, олардың байқауға қатысатын жұмысын, атап айтқанда, электронды-мәтіндік және видео материалдарды BilimLand.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында толық немесе қысқаша жариялауға рұқсат береді.
Байқауды ұйымдастыру

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.


Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болады:

«Сабақтағы АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«АКТ-ны қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға (КТ) дайындықта қолдану» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге.

«Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге.
Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

Байқауға кімдер қатыса алады?

1. Қазақстан азаматтары немесе ҚР территориясында жұмыс істейтін оқытушылар (тәрбиешілер, педагогика бойынша түрлі сала мамандары);

2. Мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру мекемелерінің (орта мектеп, гимназия, лицей, колледж, сәбилер балабақшасы, балабақша орталықтары, шағын орталықтар) оқытушылары;

3. Білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілері, тәлімгерлер, тәрбиешілер.

Қатысушылардың білім беру саласындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы керек және әр қатысушы жұмыс орнынан берілген анықтаманың электронды нұсқасын ұсынуы тиіс (байқауға анықтамасыз жіберілмейді).
*Байқауға тек ҚР аймағындағы оқытушылар ғана қатыса алады.


Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

● сынып сабақтарының сабақ жоспарын, сыныптан тыс іс-шаралардың жоспарын, ұйымдастырылға оқу қызметінің технологиялық карталарын, мерекелік іс-шаралардың сценарийлерін құрастыруда әдістемелік сауаттылықтың болуы;

● сабақ жоспарларының міндетті түрде жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына және МЖМБС-ға сай болуы;

● сынып сабақтарының жоспарларын құрастырғанда www.bilimland.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz, www.twig-bilim.kz, bilimkids.kz білім беру ресурстарының мультимедиялық материалдары (видеофильмдер, анимациялық презентациялар, мультимедиялық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сызбалар, жұмыс парақтары және т.б.) міндетті түрде пайланылуы тиіс;

● тәжірибеде қолданылуына мән берілуі;

жұмыстың сапалы безендірілуі;

● авторлық идеяның бірегейлігі;

● авторлық құқықтың сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе жартылай көшіріп алу «плагиат» болып саналады, бұндай қатысушылар байқаудан шеттетіледі);

● байқауда жеке адамның жұмысы бағаланатындықтан, сабақ жоспары БІР авторға ғана тиесілі болуы керек;

● әрбір қатысушы тек бір тілде және БІР АТАЛЫМ БОЙЫНША қатысып, БІР ғана жұмыс жібере алады.




  • осы талаптарға сай келмейтін жұмыс байқауға жіберілмейді.


Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері

  1. Өзектілігі. Берілген сабақта цифрлық ресурсты қолданудың тиімділігі. Оларды пайдаланудың өзектілігі мен бірегейлігі. Белгілі бір ресурсты таңдаудың дәйектілігі (бұл сабақта неліктен дәл осы ресурс пайдаланылып, қосымша сабақтардың, оқу құралдары мен үлгілерінің осындай үйлесімділігі таңдалды; осы ресурстың қолданылуы қалай жүзеге асты).

  2. Ұстаздың әдістемелік құзіреттілігі. Сабақтың түрінің, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің алға қойылған мақсаттар мен білім алушының жасына сай келуі, оқу құралдарын пайдаланудың нәтижелігі. Оқу үдерсіндегі сабақ үлгілерінің, әдістерінің, заманауи тәсілдердің әртүрлілігі, олардың жаңашылдығы мен бірегейлігі. Репродуктивті және проблемалық оқыту әдістерін үйлестіру, білімін тәжірибе жүзінде қолдану.

  3. Нәтижелілігі (байқаудың екінші кезеңі үшін). Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ынталандыру, олардың белсенділігі мен әрекетсіздігі, білім алушылардың рефлексивті қызметі, оқу материалын түсінуі.

  4. Көрнекілігі (байқаудың екінші кезеңі үшін). Видеотүсірілімнің сапасы мен безендірілуі, өзін-өзі таныстыруы, сөйлеуі, сабақ беру стилі, оқытушылар мен оқушылардың бірге жұмыс істеу жағдайы. Сызба, кесте, диаграмма мен көрнекіліктерді пайдалану.



* bilimland.kz ресурсына офлайн режімде қосылған мектеп мұғалімдері +7 (727) 344 95 95, +7 (707) 944 95 95 нөмірлеріне хабарласып, сұраныс жасау арқылы жеке аккаунт аштыра алады.

*Байқау ұйымдастырушыларының тарапынан қосымша сыйлықтар қарастырылған.

Байқау ұйымдастырушылары әр аталым бойынша 2 жеңімпазға дейін таңдау құқығына ие.

Байқауға жіберілген материалдарға рецензия жазылмайды, қатысушыларға сараптамалық қорытынды берілмейді.

Байқау ұйымдастырушылары табыстайтын Алғысхаттар тек байқаудың екінші кезеңіне өткен және байқау талаптарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға беріледі.



Байқау жұмыстарын бағалау:

1-кезең: 21.02.20 – 02.03.20

2-кезең: 17.04.20 – 25.05.20


Байқау қорытындысы www.bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында 2020 жылдың 25 мамырында жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі 2020 жылдың 25 мамырында өткізіледі.



АТАЛЫМДАР
«Сабақтағы АКТ» аталымы
1-кезең: АКТ-ның негізгі құралы ретінде сабақтың түрі мен мақсатына қарай bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолдана отырып жазылған Word форматындағы толық сабақ жоспары. Аталымның міндетті шарты: пәндер немесе ресурстарды біріктіру (кем дегенде 2). Мысалы, Математика (bilimland.kz) + Физика (bilimland.kz); iTest + twig-bilim; iMektep + Видеоролик (bilimland.kz), Видеотоптама (bilimland.kz) + Аудиохрестоматия (bilimland.kz) және т.б.
Шарты: міндетті түрде материалдардың бірнеше түрін қолдану (мәтін, видео, жаттығу, симулятор және т.б.).

2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім алдымен өзі жайлы қысқаша мәлімет береді және мұғалімнің қоғамдағы орны туралы айтады (көп дегенде 2 минут), ары қарай bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz, bilimkids.kz ресурстарын қолдана отырып өткізген сабағынан үзінді көрсетуі тиіс.
Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видеосабақ 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса (әзірлеме мен видео әртүрлі сабақ пен жұмыстың жопары болса), екінші кезеңнің жұмысын жүктеген кезде видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымы
1-кезең: bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz, bilimkids.kz ресурстарын пайдаланып өткізген сынып сағаты немесе сыныптан тыс шараның оқыту мен тәрбие жұмысын біріктірген Word форматындағы толық сабақ жоспары жолдануы тиіс.
Шарты: байқауға жіберілген сынып сағаты немесе сыныптан тыс іс-шараларда педагогтің оқыту мен тәрбиелеуді біріктіргені толық көрінуі тиіс.

2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі жайлы қысқаша мәлімет береді, мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәрбиешінің, тәлімгердің қазіргі қоғамдағы орны туралы айтады, ары қарай bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолданған сынып сағатының немесе сыныптан тыс шаралардың көрнекті және қызықты сәттерінің қысқаша видеосын көрсетуі тиіс.
Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, екінші кезеңнің сабағын жүктеген кезде видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.
«АКТ-ны қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға (КТ) дайындықта қолдану» аталымы
1-кезең: itest.kz ресурсын қолданып қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық ретінде өткізілген түрлі үлгідегі сабақтың Word форматындағы әртүрлі жұмыс формалары мен түрлері көрсетілген сабақ жоспарын жолдау. bilimland.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қосымша ретінде пайдалануға болады.
Шарты: байқауға қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға (КТ) дайындауда itest.kz ресурсын пайдалана отырып жасалған түрлі жұмыс формалары мен түрлері көрсетілген толық сабақ жоспары ұсынылуы тиіс.
2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі жайлы қысқаша мәлімет береді және қорытынды аттестаттауға (ҰБТ немесе КТ) дайындық кезіндегі мұғалімнің орны туралы айтады, ары қарай itest.kz ресурсын қолданып қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық түрінде өткізген сабақтың үзіндісі болуы керек. Сондай-ақ жұмыста кадрдан тыс дауыс немесе субтитр түріндегі пікірлермен бөлісетін түрлі әдістерді пайдалануға болады.
Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, екінші айналымның сабағын жүктеген кезде видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ» аталымы
1-кезең: Міндетті түрде шағын жинақты мектеп жағдайындағы сыныптарды біріктіріп өткізген Word форматындағы толық сабақ жоспары жолдануы керек. Сабақтың барлық кезеңінде (жаңа сабаққа дайындық, білім алудың өзектілігін арттыру, өткен материалды бекіту, тәжірибелік жұмыс, білімін тексеру) bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстары қолданылуы тиіс.
Шарты: біріктірілген сыныпта өткізілген сабақта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстары сабақтың барлық кезеңінде қолданылуы тиіс.
2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі жайлы қысқаша мәлімет береді және шағын жинақты мектептегі мұғалімнің орны туралы айтады, ары қарай біріктірілген сыныпта bilimland.kz, itest.kz, twig-bilim.kz, imektep.kz ресурстарын қолданып өткізген сабақ үзіндісін жіберуі тиіс.
Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, екінші айналымның сабағын жүктеген кезде видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы
1-кезең: Мемлекеттік немесе жеке мектепке дейінгі мекеме және мектеп алды даярлық сыныптарында (соның ішінде түзету топтары мен сыныбында) сабақтың кез келген кезеңінде (жаңа материалды түсіндіру, білімнің өзектілігін арттыру, материалды бекіту, практикалық жұмыстар, білімін бағалау және т.б.) BilimKids ресурсының материалы қосымша ретінде пайдаланған бірегей сабақ жоспары болуы керек. Білім беру салаларын біріктірген жобаларға артықшылық беріледі. BilimKids ресурсының видео және көрнекі материалдары:


  • BilimKids.kz

  • Bilimland.kz → Мектепке дайындық → Балаларға арналғанқазақ тіліндегі әндер

  • Youtube → Bilim Kids

Бұл аталымда мемлекеттік тілде және де билингвизм компонентін жүзеге асыратын, басқа тілдерде сабақ беретін тәрбиешілер қатыса алады.



2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі жайлы қысқаша мәлімет береді және мектепке дейінгі білім берудегі мұғалімнің орны туралы айтады, сонымен қатар BilimKids ресурсын пайдаланып өткізген сабақтың үзіндісі болуы керек.
Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, екінші кезеңнің сабағын жүктеген кезде видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.
Байқауды өткізу ережелерімен таныстым және ережеде жазылған барлық талаптармен келісемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет