Жоңышқа (лат. Medicago) бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа



бет3/4
Дата11.12.2023
өлшемі47,93 Kb.
#196286
1   2   3   4
Байланысты:
жоңышқа
Айбекова З. Саясаттану, Саясаттану П3, прогрессия, pdf 20211122 075111 0000, calendar, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар аза тілі (о ы, КУРСОВОЙ
Түйежоңышқа
Түйежоңышқа (Melіlotus) – бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық сирек бір жылдық өсімдіктер тегi[1].Қазақстанның барлық аймағында кездеседі, дала шалығынында, кейде сортаң жерлерде, өзен аңғарында, жол жиегінде, бақта өсетін 3 түрі бар. Ең маңыздысы әрі жиі кездесетіні ақ түйежоңышқа (лат. Melіlotus albus) және сары не дәрілік түйежоңышқа (лат. Melіlotus offіcіnalіs). Бұлардың биікт. 30 – 100 см. Кіндік тамыры тарамдалған. Сабағы тік, бұтақталып өседі. Жапырағы күрделі, үш құлақты, ұзын сағақты, бөбешік жапырақшалары тісті болады. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 2 мм-дей, бес тісті. 9 аталығы бір-бірімен түтікше тәрізді болып бірігіп кеткен. Біреуі, көбінесе, бос жатады. Гүлі ұсақ сары не ақ түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Жәндіктермен тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. Жемісі – ұзынша келген, мұртшасы бар бұршаққап, сыртында көлденең қатпарлары, ішінде бір тұқым болады. түйежоңышқа құрғақшылыққа, суыққа төзімді келеді, топырақ талғамайды. Құрамында кумарин бар, белогы көп, витаминдер мен минералды тұздарға бай мал азығы. 100 кг шөбінде 18,5 – 19,5 азық өлшемі, 3,1 – 3,2 кг сіңімді протеин бар, шөбін малдың барлық түрі жейді. Медицинада, темекі, шарап өнеркәсібінде пайдаланылады. Аудандастырылған сорттары: «Медет», «Куузику 1», «Башқұрттық», «Беде пішіндес 9654», т.б.
Дәрі мақсатында түйебұршақтың күздігүні жиналатын өсіп жетілген тұқымының бұршаққыны, бұршақ қабығы пайдаланылады. Бұршақ тұқымында 20 пайызға жуық кристальды глобулин фазеолині, протеаз, холестерин, лецитин, езілетін көмірсутегі, декстрин, лимон қышқылы және басқа да заттар кездеседі. медицинада түйебұршақ препараттарын қантты диабетке пйдаланады. Халық медицинасында түйебұршақ дәнінің қабығын ревматизм мен бүйрек шеменінде несеп шығаратын дәрі ретінде қолданады[2]. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық кешеніндегі жем-азық өңдірісін калыптандыратын факторы ретінде жем-азықтық шөптердіңжоғары өнімді және жоғары сапалы тұқымын айтуға болады. Тұқымжетіспеушілігі мен сұранысты жою үшін карқынды технологияларды еңгізуқажет. Осы мақсатпен Солтүстік – Қазақстандық АШҒЗИ түйежоңышқадақылының жоғары өнімді және жоғары сапалы тұқымын өңдеудін су жәнересурсүнемдегіш технологиясы ойластырылып отыр.
Түйежоңышқаны тұқымға өсіру арнайы ауыспалы егісте жүргізілу
қажет. Ең қолайлы алғы дақыл ретінде өзінен кейін егісті арамшөпсіз
калдыратын бау-бақша және кысқы дәнді дақылдарды айтға болады.
Тұқымға себу дербес түрде болу керек осы жағдайда жарықтын және
топырақтың су режимі тұқымның жоғары өнімділігін камтамасыз етеді.
Себуге арналған топырақты күзде терендігі 20 – 22 см. жыртады.
Біркелкі егіс алу үшін егістікті түзету және себу алдындағы мен себуден
кейінгі топырақты бастыруды орындау міндетті түрде қажет.
Түйежоңышқаны себу кезінде тұқым арамшөптерден тазартылған және
өсіп-өнетін энергияға бай болу қажет.
Түйежоңышқа тұқымы сепкен жылы өспей бірнеше жыл жатып қалу
мүмкін, ол тұқым қабығы катты және қалын болғандықтан ұрыққа су
жетпеушілігімен түсіндіріледі. Осы кедергіні жою мақсатымен арнайы
тұқымды қайрау әдісі қолданылады. Осы әдіс арнайы қайрау машиналарда
орындалады [1-2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет