Пайдалану бөлімін директордың пайдалану ісі жөніндегі орынбасары басқарады. Ол жолаушы тасымалын жүзеге асыру технологиясын жобалауға, жоспарлауға және тасымалдау үрдісінің бекітілген кесте бойынша орындалуын қадағалауға, тиімді жүріс кестесін құрастыруға, жоспарды орындауға, жүргізушілердің жұмыс кестесі мен ережесін құрастырып, оның орындалуына бақылау жасауға жауап береді.
Пайдалану бөлімінің жұмысын екі бағыттқа бөліп топтастыруға болады:
1.Автокөлік құрамаларының ең тиімді жұмыс жоспарын жасау, яғни тиімді қозғалыс кестесін және жол маршрутын құрастыру, жүргізушілер мен кондукторлардың жұмысын оңтайлы етіп ұйымдастыру, қозғалыс ережелері мен нұсқаулықтарын құрастыру.
2. Құрастырылған тасымалдау жоспарының орындалуын қадағалау, шығын мен пайданы есептеп бақылау, тіркеу және жол желісіндегі қозғалысты диспетчерлік орталық басқарма арқылы бақылау. Бұл бөлімді ревизорлық-бақылау бөлімі деп атайды. Бұл бөлім автокөлікті дұрыс пайдалануды, бекітілген тәртіп пен жұмыс көлемінің орындалуын, жанармай шығынын және тасымалдаудан түскен ақшаны, жолақысы мен жолашыларды тасымалдау ақысын қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |