Жолдасбеков Болат Жолдасбекұлы Әдістемелік құрал


STEM технологиясы – мазмұны, құрылымы



бет2/9
Дата19.09.2023
өлшемі0,56 Mb.
#181474
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жолдасбеков Б.Физика STEAM

STEM технологиясы – мазмұны, құрылымы

Қазіргі заман ол қарқынды дамып жатқан, күрделі технологиялық және инновациялық қоғам. Бұл ортада ғылыми, саяси өзгерістер мен қатар әлеуметтік қатынастыр да шиеленісіп, күрделі социумдық қатынастар бір-бірімен өзара байланысып, әлсіз топтар дамыған ортаның қарқынына шыдамай жұтылып кетіп жатса, дамыған бәсекеге қабілеттілер топтың алдына шығып өз деңгейі мен қабілеттілігі арқасында өзіндік орындары нық тауып алуда. Бұл деңгейге қалай жетуге болады сонда? Сөз жоқ білім мен ғылымның әлеуетін арттыру, оның тиімділігі мен жетістігін қолдану, одан әрі дамыту, көлемін ұлғайту деп жауап беруге әбден болады.


Сондықтан мәселені бірден білім саласынан соның ішінде мектептерден бастасақ. Мәселен бұрын оқушылар белгілі сабақта мысалы оқу, жазу, жаттығуларды мұғалімнің тапсырмасын орындап тастап қана отырса, қазір бұл аздық етеді. Қазіргі таңда мәселен, тапсырманы орындап тастау мен қатар оны талдау, осы бағытта өзіндік жұмыс жүргізу, осы бойынша өз тұжырымын құрастыру, зерттеу, бақылау содан соң нәтижені алу мен көпшілік назарына қорғау арқылы ұсыну сияқты процестерді орындау жастады. Сонымен қатар қазіргі білім саласына сандық және ақпараттық, бағдарламалық көптеген оқу құралдары мен техникалық құрылығылар, жабдықтар келуде. Мысалы робот техникасы, модульдік зерттеу құрылғылары, зерттеу құралдары жинағы сияқты көптеген модульдер қазір қолданылуда. Осы арқылы оқушылар бағдарламалау, 3Д үлгілеу, түрлі техникалық қондырғылар арқылы жобалау, зерттеу құралдары жинақтары арқылы түрлі зерттеулер жүргізу, роботтар техникасы жинағы арқылы робот және оның құрамдас қондырғларын құрастыру сияқты түрлі заманауи бағыттағы зерттеу, жобалау, үлгілеу, бағдарламалау сияқты күрделі әрі кешенді жұмыстар жүргізумен айналысуда. Осы аталған технологиялық жарақтану мен жұмыстануды қазіргі таңда кешенді білім беру технологиясы жүйесі біріктіреді. Ол технология – STEM технологиясы. STEM технологиясы ол ағылшын тілінен аударғана С-ғылым, Т-технология, Е-инженерия, М-математика деген іргелі ғылым салаларының басын бір арнаға тоғыстырып тамаша нәтиже мен өнім алуға негізделген замамануи оқыту технологиясының бірі әрі бірегейі. Мақсат – оқушының белгілі бір пән немесе пәндер топтамасы бойынша теориялық білімі болып қана қоймауын, оны ары қарай дамыта түсіп іс-әрекет жүзінде іске асыруға мүмкіндік беру. Қазіргі заманда білу ғана жеткіліксіз, білгенді іске асыру және одан жоғары нәтиже мен өнім алу бұл осы технологияның көксеген басты талабы. Осы технология бойынша оқушылар тек біліп және жасап қана қоймай, ойлануы, санасын дамытуы, еске сақтауы мен шығармашылық деңгейлерінің сапасын арттыруы басты назарда ұсталады. Өйткенін осы құндылықтар арқылы оқушыда тұлғалық іс-әрекеттік жан-жақты құзіреттілік қалыптасады, дамиды.
STEM технологиясы ол білім беру мен оқытудағы әдістердің біріктірілген жүйесі. Осы арқылы түрлі ғылыми ойлар мен тұжырымдар практикалық тұрғыда сынақтан, тексеруден өтіп, шынайы өмір саласында зерттеледі. Осы негізде мектеп, қоғам және әлем атты кеңістіктік байланыс жүйесі іске асып осы технология аясында сыннан өткен түрлі жобалар мен әдістер, іс-әрекеттердің жүйелері іске асып халық игілігіне жаратылады.
STEM атауын алғаш рет 1990 жылы АҚШ бактериолог ғалымы Р.Колвелл ұсынған болатын, алайда осы ұғым атауы тек 2000 жылдардан кейін ғана кеңінен қолданыла бастады. Осы арқылы түрі зерттеу жүргізіліп, талдаулар жасалып, түрлі бағытта қолданып көрулер нәтижесінде STEM-нің STEAM және STREAM деп аталатын түрлері қалыптасты. Ал STEM-нің өзі кейінірек маңыздылығы зор екендігі айқындалды. Ал қазіргі таңда ол әлемдік трендтердің біріне айналды. Бұған себеп ғылым мен бірге техникалық дамудың жоғары деңгейде орын алуы болып отыр. Осы техникалық дамудың жоғары қарқыны нәтижесінде қазір мамандықтардың жаңа түрлері өмірге келуде, Сол себепті STEM мамандықтарына деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары және бұл көрсеткіш ұдайы өсіп келеді. Атап айтар болсақ, Еуропа елдері бойынша 2000 жылдар мен 2018 жылдар аралығында STEM саласымен жұмысқа орналасқан мамандар саны 20 пайызға өскен. Сонымен бірге сарапшылардың пікірі бойынша Еуроодақ елдерінде STEM саласының мамандарына 2025 жылға қарай сұраныс 8 пайызға ал басқа саланың мамандарын бар болғаны 3-4 пайызға ғана өседі деп болжам жасалынып отыр.
Әсіресе Финляндия мемлекеті бұл бағыт бойынша көш бастап тұр, бұл мемлекетте 2015 жылы Еуорпалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше ретінде кіретін 16 елдің арасында STEM бағыты бойынша мамандық таңдаған студенттер едәуір көп екендігі байқалды: мысалы халықтың 20-39 жас аралығы бойынша 100 мың адамына шаққандағы көрсеткіші 109 түлек. Яғни өте жоғары. Аталған көрсеткіш Канада мен Швейцария деңгейінен екі есе артық көрсеткіш болып шықты. Осы Финляндия мемлекетінде аталған бағыт бойынша даму мен зерттеу институты осыдан он үш жыл бұрын құрылған болатын. Мысалы, ЛУМА ұлттық білім беру орталығы мектеп, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, өнеркәсіп пен бизнестің іс-әрекеттерін өзара үйелстіруші қызметін атқарады. Сонымен бірге осы орталық оқушыларға арналған түрлі іс-шараларды, ғылым және білім бағытындағы түрлі шараларды дайындайды. Мұғалімдерге арналған біліктілік курстары мен конференциялар, семинарлар даярлайды. Осы орталық мұнымен қоса STEM технологиясы бағытындағы түрлі әдістемелік материалдар құрастырып әзірлейтін ресурстық орталық қызметін атқарады.
АҚШ – дүние жүзіндегі экономикасы аса ірі державалы мемлекет, аталып отырған бұл мемлекет те қазіргі таңда STEM технологиясына зор көңіл бөліп, маңыздылығын мойындап отыр, АҚШ-та осы салаға жыл сайын үлкен инвестициялар салынуда. Осының нәтижесі елдің маңызды деген мамандықтарын бітіруші түлектердің көпшілігі осы STEM технологиясымен байланысты мамандықтарға бет бұрған. Осы технологияның аса маңыздылығын АҚШ-та 2013 жылы STEM-ді дамыту туралы қабылданған стратегиялық документ те айқындап береді. Осы жоспардың аясында 2025 жылға қарай STEM технологиясы бойынша жүз мың мұғалімді даярлау басты мақсат етіп алыныпты. Сонымен бірге елде жыл сайын STEM технологиясы бойынша білім алушылардың үлесін 50 пайызға дейін арттыру көзделген. Ал университтер мен колледждерде STEM мамандықтары бойынша білім алатын түлектер санын 1 миллион адамға жеткізуді жоспарлайды екен.
Бұдан басқа әлемнің өзге мемлекеттерінде де мысалы Малайзия мемлекетінде 2013-2025 жылдарға арналған білім беру ісін дамыту жоспарында нақ осы STEM білім беру технологиясын дамыту жоспары кірістірілген.
Австралия мемлекеті де көштен қалмады, 2015 жылы қабылданған STEM білім беруді дамытудың 2016-2026 жылдарға арналған Ұлттық стратегиялық жоспарында STEM-нің мүмкіндіктері мен жетістіктерін кеңінен насихаттау, осы технологияға оқушыларды тарту мен қызықтыру, баулу, қабілеттерін арттыру, мектептерде STEM білім беруді кеңінен енгізу және дамыту, осы бағытта жоғары оқу орындарымен, өндіріс орындарымен және бизнес орталықтарымен тығыз байланыс орнату, мықты серіктестік қатынастар ұйымдастыру, мықты деректер қорын құруды қолға алу.
STEM-ге зор бет бұрыс Еуропа елдерінде де кеңінен көрініс табуда. Мәселен бұл құрлықта 10-нан астам елде STEM-ді дамытудың ұлттық стратегиялық бағдарламасы қабылданып қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.
Елімізде де STEM білім беруді дамыту біртіндеп қолға алынып келеді. Алғаш 2017 жылдан бастап бастап енгізілген бұл технологияның қазіргі таңда өзектілігі жоғары, басқасы басқа, бірақ осы дәл біздің еліміз үшін аса қажет.
STEM оқыту технологиясы бірнеше ғылым саласын қамтып және олардың басын біріктіре отырып, кешенді түрде білім беретін оқыту технологиясы. Оқушыларды бәсекеге қабілетті жан-жақты дайындауда тиімділіг аса зор. Бірнеше ғылымдар деген сөзімізге тоқталып, таңдалған оқыту технологиясы туралы ашып айтамыз.
STEM- оқыту технологиясы алдымен ғылым деген бағытты біріктіреді. Ғылым бұл адамзаттың ақыл ойын кешенді түрде белгілі бір мақсатқа жұмылдырып, нақты нәтижеге, мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын осы жолда оның нақты бағдарламасы болатын, уақыты жоспарланған және қажетті ресурстармен қамтылуы аса қажетті күрделі әрі кешенді сала немесе бағыт. Ғылым негізі идеядан басталады, нақты ой тұжырымдалады. Ал идея дегеніміз ол ой мен қиялдың нақты жоспарланған, тұжырымды нәтижесі. Ойлану мен қиялданудың бірігуі ол аса құнды идеялық шешімге әкеледі. Ол адам санасында жаңғырып, жаңартылуы да мүмкін. Ол ойлау мен қиялдаудың жоғары деңгейінде бір-бірін өзара толықтырып бірнеше нұсқалы идеялардың қалыптасуына әкеледі. Бұл өте күрделі бихевиористік құбылыс. Осындай идеялардың пайда болуын біз шығармашылық иедялар деп те атаймыз. Өйткені адамның психологиялық сана-сезімінің даму ерекшеліктеріне сай адамда қабілет деген ерекше қасиет бар. Міне осы қасиеттер адамдарды шығармашыл идеялар адамы немесе нақты орындаушы адам деген топтарға бөлуімізге жетелейді. Шығармашылық идеялардың дамуының түпкі өнімі ол шығармашылық жобалар. Шығармашылық жобалар ол түрлі бағыттар бойынша қалыптасқан идеялар негізінде эстетикалық немесе жарытылыс-техникалық, не болмаса гуманитарлық бағытта құрастырылған іс-әрекеттер нәтижесі немесе өнімі. Осныңы негізінде Ғылымның тармақтары дамиды. Ал оның негізінде ғылым дамиды. Ғылым дегеніміз ол танымдық бағыт. Осы арқылы тұлғаның қоршаған орта және ондағы барлық құбылыстар мен әрекеттер, заңдылықтар мен процестер туралық ақпаратпен қанығып қана қоймай оны бақылауы, зерттеуі мен тәжірибе жасауы арқылы дүниетанымдық кешенді көзқарасы қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда адам дүниені, затты, әлемді таниды. Міне осы ғылым болып есептеледі. Мұның мағынасы әлі де зерттелу үстінде. Ғылым ол кез-келген қоғамдағы дамудың негізі бола алады. Ғылымды дамыту арқылы түрлі аса құнды идеялар мен жобалар дамып, кез-келген дүние немесе зат және барлық әлемнің мағынасын, құрылысын, іс-әрекетін, заңдылығын, ерекшелігін тануға, білуге, құнды ақпаратты алуға, түсінуге, игеруге, зерделеуге, бақылауға, анықтауға, зерттеуге және нақты қорытынды мен тұжырымдама жасауға қол жеткіземіз. Міне осыдан соң барып сол зерттеп білген әлемді ары қарай игеретін құралдар, технологиялар немесе іс-әрекеттер жиыны қалыптасады. Оны келесі бағыт – технология бағыты қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет