Жолдасбеков Болат Жолдасбекұлы Әдістемелік құрал


В кезеңі.Түсініктеме жасаңыз



бет7/9
Дата19.09.2023
өлшемі0,56 Mb.
#181474
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жолдасбеков Б.Физика STEAM

В кезеңі.Түсініктеме жасаңыз.
Әр аяқ киімнің белгілі жазықтықтардағы үйкеліс коэффициенттерін салыстырыңыз.
Зерттеу кезеңі бірнеше кезеңдерге бөлінген. Бұл кезеңдер оқушылардың жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. А кезеңде эксперимент жасауға қажетті оқушылардың білімдері жеткілікті екендігі анықталады. Ә кезеңде оқушылар мұғалімнің нұсқаулығы бойынша зерттеу жұмысын орындайды. Б кезеңде оқушылар өлшенген және есептелген мәліметтерді кестеге толтырып бір жүйеге келтіреді. Кесте құрылымын оқушыларға өзіндік түрде құрастыруға ұсыныс беріледі. В кезеңде оқушылар тәуелді және тәуелсіз анймалыларды анықтап, есептелген үйкеліс коэффициенттерін салыстырып зерттеу жұмыстың қорытындысын жасайды.
Түсіндірукезеңі.
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы қойылған мәселенің шешу жолдарын анықтайды.
Үйкеліс күші деген не?
Үйкеліс күші қандай көрсеткіштерден тәуелді?
Үйкеліс коэффициенті деген не?
Үйкеліс коэффициенті қалай анықталады?
Толықтыру кезеңі.
Бұл кезеңде оқушылар қойылған мәселенің шешу жолдарын зерттеуші ретінде ұсынады.
Үйкеліс күшін арттыру қандай жолдары бар?
Аяқ киімнің табанның сапасы қандай болғанда үйкеліс күші артады?
Үйкеліс күшін арттыру үшін жүретін беттін сапасын қалай өзгертуге болар еді?
Бағалаукезеңі.
Оқушылар аяқ киім жасайтын жергілікті «Башмачок» фабрикасының технологына қысқы аяқ киім табанның сапасын қалай арттыруға болатыны туралы ақпарат парағын дайындайды.
Оқушылар сатып алатын адамдарға қысқы аяқ киімді қалай таңдау керек туралы ақпарат парағын жасайды.
Бағалау мұғаліммен алдын ала жасалған рубрикалар бойынша бағаланады.
Бағалау кезеңінде оқушылар зерттеуші рөлін атқара отырып үйкеліс күшінің сипаттамаларын бағалау негізінде ақпарат парақтарын ұсынады.
Қазіргі ақпараттық технологиялар уақытында дайын білімді оқушылар түрлі ақпарат көздерінен өзіндік түрде алады, сондықтан, заманауи мұғалімнің негізгі атқаратын міндеті – дайын білімді жеткізу емес, білімді қалай алуға және алынған білімді күнделікті өмірде, басқа пәндерді оқығанда қалай қолдануға болатын құзыреттіліктерін дамыту. Жаңа технологиялардың дамуынан мектеп тыс қалмау керек, себебі болашақ мамандардың дағдылары, ептіліктері мен құзыреттіліктері мектеп қабырғасында туып қалыптасады. Сондықтан STEAM оқыту арқылы болашақ, қазіргі заман талаптарына сай, бәсекеге дайын және құзыреттіліктері дамыған түлектерді мектеп қабырғасынан шығаруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет