Мектеп жасына дейінгі балалардың іт дағдыларын steam оқыту тәсілі арқылы дамыту өтебай Н. Р



бет1/2
Дата20.02.2023
өлшемі23,23 Kb.
#169434
  1   2
Байланысты:
Өтебай Н.Р., Булшекбаева А.И.
54834f7f-b5cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeТерТех-МБ-1, 1513875817-2, 5 лекция , Педагогика Силлабус ХБ 4 топ, Дене дәріс тезистері (1), Лекция (5) 2, Хабарландыру

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ІТ ДАҒДЫЛАРЫН STEAM ОҚЫТУ ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Өтебай Н.Р.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
nur_rzagalievna@mail.ru
Ғылыми жетекшісі: Булшекбаева А.И.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
bulshekbaeva@mail.ru

Аннотация: Бұл мақалада STEAM жүйесі туралы, анықтамасы, осы жүйенің артықшылықтары жайлы жазылған. Сонымен қатар мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың IT дағдыларын STEAM оқыту тәсілі арқылы дамытудың артықшылықтары мен тиімді тұстары сараланып талданған және құрастырудың түрлері мен формалары робототехника мен Лего конструкторлары туралы ақпарат берілген, балалардың құрастыру біліктері мен дағдыларын дамыту жағдайлары ашып көрсетілген.
Кілт сөздер: STEAM оқыту тәсілі, IT дағдылар, мектепке дейінгі білім, білім беру, робототехника, ғылыми-техникалық білім, технологиялық шығармашылық.
Abstract: the article discusses the STEAM system, about, help, about, and the advantages of THIS system. We also analyzed the advantages and effective aspects of developing IT skills of children of senior preschool age by teaching STEAM and provided information about the types and forms of construction of robotics and LEGO constructors, disclosed the conditions for the development of children's constructive skills.
Keywords: STEAM training method, IT skills, preschool education, education, robotics, scientific and technical education, technological creativity.

Елімізде білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын қазіргі заман талабына сай жаңарту және оны әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру мақсатында жұмыстар жасалуда. Осы мақсатқа орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-әуқатын өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек» деп атап өткен. Соның ішінде білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тағы да 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап беріп, оқытудың заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану керектігін баса айтты. Сол себепті, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін STEAM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет. Әлемде бүгінгі нарық заңы бойынша жақсы маманға жақсы төлем жасайтын жұмыс берушілер санының жоғары екендігін ескерсек, нақты ғылымдарға деген бүлдіршіндер, оқушылар мен студенттердің қызығушылығын арттыра білу қажеттілігі тәрбиешілерден, ұстаздардан, жоғарғы оқу орнының оқытушыларынан үлкен жауапкершілікті, жоғары біліктілікті талап етуде. Жастарды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу үрдісі жоғары технологиялы өндірісі дамыған мемлекеттерде приоритетті іске айналған. Технологиялық прогресті алға мақсат еткен мемлекеттерде ғылыми-инженерлік мамандарға сұраныс күн санап артуда, ал инновациялық экономиканың өсуі де ІТ-компаниялардың «маман тапшылығын» сезінуіне алып келуде. Экономикадағы бұл үрдіс көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттердің STEAM-білім беру жүйесіне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр. Күні бүгін болашағы ерен, экономикасы күннен-күнге дамып, спорт, өнер, ғылым саласында әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарынан үзеңгі қағыстырып, алға ұмтылған мемлекетіміздегі жастарды жан-жақты білімді, шығармашыл, іздене білетін, нанотехнологияларды да, өнер әлемін де меңгерген тұлға ретінде дайындау ісінде STEAM – оқытудың өзекті екендігіне көз жеткізуге болады.
STEAM білім беру дегеніміз не? Бір сөзбен жеткізе алсақ, дәстүрлі оқытылатын ғылымдарға заман ағымымен келген және келе беретін жаңалықтарды кіріктіріп оқыту.
S – science,
T – technology,
E – engineering,
A – art,
M – mathematics
STEAM білім берудің кілттік мақсаты – балалардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету. Сондықтан да, америка мектептерінде «Ел экономикасына АҚШ өнертапқыштарының үлесі» пәнін оқытады. Күтілетін нәтиже – балалардың фукционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік. STEAM білім берудің үздік педагогтері мақсат тек қана құзыретті жұмыс күшін тәрбиелеу ғана емес, балалардың «қатты» және «жұмсақ» дағдыларын қалыптастыру қажеттігін де көреді. Егер «қатты» (конгнитивті) дағдыларын пәнаралық байланыстарды жүзеге асырумен байланыстырса, ал «жұмсақ» дағдылар – командада жұмыс жасау қабілеті, өнертапқыштық шешімдер қабылдау, өзіне сенімділік және т.б.
Әлемнің көптеген білім беру жүйесінде тәжірибесінің көрсеткіштері бойынша, робототехника тек қана қосымша оқыту мазмұнында ғана емес, сонымен қатар балабақшалар, орта білім беру мен кәсіби білім беруде орын алып, балалардың интеллектуалды дамуы үшін ең қуатты құрал ретінде қарастырылады. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа – бұның бәрі енді дүниежүзінің қазіргі балаларын қызықтырады. Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандықтар пайда болып жатыр, STEM мамандарға, ертеңгі күннің мамандықтарына сұраныс жаппай өсіп жатыр. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек. Ғылым, математика, технологиялар, инженерия және өнер сияқты басты академиялық салаларды оқытудың біріктірілген тәсілі STEAM (science, technology, engineering, mathematics and art) зор сұранысқа ие болып отыр. Өйткені оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеліп, қолдануға мүмкіндік алады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Лего-құрастыру мен білім берудегі робототехника мектепке дейінгі ұйымда техникалық тұрғыдан сауатты тұлғаны дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Құрастыру» ұйымдастырылған оқу қызметін білім беру процесінің міндетті компоненті ретінде айқындайды және тәрбиелеу, білім беру мен дамытудың маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын енгізу жағдайында STEAM оқыту тәсілі білім беру салаларын («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет») кіріктіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру тиісті заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру жағдайында, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануда, сонымен қатар өтпелі тақырыптарға сәйкес білім беру салаларын кіріктіруде қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі ересек жаста бейнелік-сызбалық ойлау қалыптасатынын ескеретін болсақ, 5-6 жастағы бала суреттер, фотосуреттер және сызбалар бойынша құрылыстар мен қолдан бұйымдар жасай алуы мүмкін. Олар балалардың құрылыстарды салуға деген қызығушылықтарын ояту үшін қажет. Балалар қолда бар жиынтықтарды пайдалана білу керек, бөлшектердің неге арналғанын білу және оларды дұрыс атау (ұзын, қысқа, кең, тар, төртбұрышты, үшбұрышты пластина, үлкен (кіші) текше, кесек, цилиндр). Құрылыс материалының жиынтықтары мен конструкторлар балаларға бірден берілмейді, олармен жұмыс істеуді игеруіне қарай біртіндеп беріледі. Балалар педагогтың басшылығымен конструктормен танысқаннан кейін оны дербес әрекетте өздері пайдалануы үшін «Шығармашылық» бұрышына орналастыруға болады. Құрастыруда қолданылатын материалдардың әртүрлі болуы ескеріліп, оларды сақтайтын орын ойластырылуы тиіс. Материалдардың түріне байланысты оларды қораптарға бөліп салу ыңғайлы, сондай-ақ олар балаларға қол жетімді болуы керек. Материалды топтастыру процесін балалармен бірге жүзеге асыру орынды. Бұл оның тұрған орнын есте сақтауға, балаларды жинақылыққа, ұқыптылыққа баулуға және әртүрлі материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Осылайша, мектепке дейінгі ересек жас балаларында робототехниканы іске асыру барысында:
- құрастыру мен бағдарлама жасаудың негізгі дағдыларын қалыптастыруды;
- қолдың ұсақ моторикасын дамытуды;
- өз өнімдерін әзірлеуге ынталандыруды;
- танымдық процестерді дамытуды;
- жеке тұлғалық қасиеттер: еңбек сүйгіштікке талпыну, қоршаған ортаға қамқорлықты, ұқыптылықты, шыдамдылықты, жинақтылықты және т.б. тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
Құрастыру және робототехника – балалар мен ата-аналардың назарын аударатын ғылым мен техниканың ең озық бағыттарының бірі. Ең кішкентай «робототехниктер» үшін үлкен бөлшектермен құрастырудың ерекше түрін пайдалану көптеген балабақшалар мен дамыту орталықтарында кең қолданыс табуда. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үшін LEGO Education, Huna, Makeblock т.б. конструкторлары қолдануға тиімді әрі қолайлы. Аталған конструкторлар ең танымал және әмбебап болып саналады, көбінесе ол мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылады. Бұл құрастырулар қарапайым LEGO модельдерін компьютерде қолданбалар арқылы жинауға мүмкіндік береді. 158 элемент жиынтығында, оның ішінде қозғалтқыш, қозғалыс және орнығу датчиктері, сондай-ақ LEGO USB Hub (коммутатор) бар. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен оқу құралдарын біріктіре отырып, 12 тақырыптық тапсырмаларды орындауға болады («Би құстары», «Маймылдар-барабаншылар», «Аш аллигатор», «Жыртқыш құс», «Ырылдаған арыстан» т.б.).
Қорытындылай келе, балаларды құрастыруға үйрету барысында дербестік, белсенділік, шығармашылық, көркемдік талғам, сондай-ақ мақсатқа жетудегі ұқыптылық, табандылық және т.б. дамиды. Балалар жұмысты жоспарлауға, өз әрекеттерін бақылауға, қателерді өз бетінше түзетуге үйренеді. Осылайша, білім беру процесіне STEAM оқыту тәсілін пайдалана отырып заманауи білім беру технологияларын енгізу болашақ IT мамандар мен инженерлер ұрпағын балабақшадан тәрбиелеуге, ғылыми-техникалық шығармашылық саласында қабілеті бар балаларды анықтауға және олардың одан әрі дамуына жағдай жасауға ықпал етеді. Science is fun! Ғылым мереке болуы керек, ол балалар үшін қызықты әрі қуанышқа толы болуы шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет