Қысқыаяқкиімтаңдау. Қызықтырукезеңі.Қыста далада көктайғақ болған кезде көптеген адамдар құлап көп жарақат алады. Сондықтан, аяқ киімді сатып алғанда, табанның сипаттамаларын және осы аяқ киімді киетін ауа-райы жағдайларын ескеру маңызды. Егер аяқ киімді дұрыс таңдасақ, онда құлап жарақат алатын адамдар саны да азаяды.
Құрметті оқушылар, зерттеуші ретінде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
Аяқ киімнің табаны сырғанамау үшін қандай болу керек?
Аяқ киім таңдағанда қандай көрсеткіштерге назар аударуымыз қажет?
Қандай табан сырғанауды азайтады? Неге?
Бұл кезеңде мұғалім оқушылар алдына өмірмен байланысты болатын мәселені қойып отыр. Бұл мәселені шешу үшін оқушылар «Үйкеліс күші» тақырыбымен оқулық, мұғалім, қосымша ақпарат көздері көмегімен танысады. Тақырыппен танысқан соң мәселені шешуге байланысты зерттеу кезеңіне көшеді.
Зерттеу кезеңі.Көктайғақта аяқ киімнің табанының сапасы қандай болу керек екендігін зерттеу. Үйкеліс күшінің арттыру жолдарын анықтау. Көктайғақта қиетін аяқ киім табанның сапасын және үйкеліс коэффициентін анықтау. Бұл кезеңде оқушылар мұғалім дайындаған сұрақтар мен тапсырмалар көмегімен зерттеу жұмысын орындайды.
A кезеңі. Ғылыми сұрақтар қою. Үйкеліс күші туралы мәліметті оқыңыз.
Үйкеліс неліктен пайда болады?
Ә кезеңі. Эксперимент жасау. Зерттеу объектісі: табандары әр түрлі қысқы аяқ киімдер.
Қажетті құрал-жабдықтар: табандары әртүрлі қысқы аяқ киім, қар, мұз, бетон беттер, динамометр, жіп.
Эксперимент жоспары:
Аяқ киімге әрекет ететін ауырлық күшін анықтаңыз.
Аяқ киімді жазықтыққа қойып динамометр көмегімен бірқалыпты сырғанатып, динамометр көрсеткішін жазыңыз.
Жазықтықты өзгертіп п.2 бірнеше рет қайталаңыз.
Басқа аяқ киімдермен п.1-3 орындаңыз.
Б кезеңі.Дәлелдемелерді басқару кезеңі. Барлық көрсеткіштерді кестеге енгізіңіз.
Әр аяқ киім үшін үйкеліс коэффцициентін анықтаңыз.