Қорытынды
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған мәселелерді көрсетіп, талдап өткен мақсаттар жүзеге асқан кезде біз қатарынан оқ бойы озық тұратын, кеңінен әрі терең, саналы ойлана алатын, өзге елдермен бәсекеге түсе алатын әрі бәсекеге қабілетті, елін сүйетін, оның болашағына қызметі ете алатын, адал ұрпақ қалыптастыра аламыз. Олай болса STEAM технологиясын физиканы оқытуда кеңінен қолдану арқылы оқушылардың пәндік, интеллектуалдық және шығармашылық құзіреттіліктерін арттыруға сонымен қатар пәндік білім сапасын жоғары сатыға көтеруге, қолданбалы ғылымды мектеп табалдырығында сапалы дамытуға мүмкіндік аламыз. Оқыту үдерісінде оқушылардың пәнді сапалы меңгеріп, сыни ойлау қабілеттерін арттыруда, технология саласында өзіндік авторлық жобалары мен туындыларын жүзеге асыруда аталмыш технологияның маңызы өте зор.
Заман уақыт сайын өзгеріп дамып келеді. Сол замана көшінен біздің еліміз де қалмау керек. STEAM – ғылымын қолдана отырып жас ұрпақты заманауи білім әдісіне үйрету және болашақта игерер мамандықтар арасын қосатын көпір десек те болады. Оның тұжырымдамасы бойынша білім алушы бүгінгі жас ұрпақ технологиялық тұрғадан алғанда дамыған әлемге дайындалады. Болашақтың мамандарына бәсекеге қабілеттілік, соның ішінде жан-жақты дайындық және жаратылыстану-техникалық сала ғылымдары, инженерия, замануи техникалар мен технологиялар, физика, математика, информатиканың әр түрлі бағыттарының үздік әрі сыннан өткен іріктелген бағыттары қажет. Ғылым және зерттеу саласы бағытын дамыту мақсатында ұсынылып отырған аталмыш оқыту әдісі осы салада негізінен нақты әрі терең нәтижелер алуға мүмкіндіктер беріп, мұғалімнің өз ой санасын өзгертуіне осы арқылы өзін өзгертуіне, заманауи оқыту әдісін игеру арқылы жас ұрпақты ғылым мен инновацияның жетістіктерін игеруге тәрбиелеуге, осы салада тамаша жетістіктерге жетуге әкеледі. Сол себепті әлемдік өркениет жетістігінен қалмай, еліміздің білім саласында замануи оқыту техникалары мен әдістемелерін игеру арқылы болашақ ұрпақты осы бағытта дайындау қазіргі заман ұстаздарының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Ж.Аймауытовтың Ұстаздың жұмыстанатын ісі – үздіксіз қимылда болатын, үнемі қозғалатын, өсіу болатын, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды деген сөзімен аяқтап, ұстаздарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өзара ынтымақтаса отырып, бірігу арқылы еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қажымай, талмай, жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасауға шақырамын және жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін жақсы нәтижелермен көріңіздер деп аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |