«Жолға арналған техникаларды пайдалану және жөндеу» кәсіби стандарты


) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі398,72 Kb.
#27090
1   2   3   4

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;


2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1226 «Көлік және байланыс ұйымдарындағы, материалды-техникалық жабдық және өтімдердегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелер (қызмет орны) басшылары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: механизмдер мен көліктерді жөндеу және пайдалану бойынша шебер;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жол-құрылыстық көліктер шығарылымды және техникалық-жарамды күйдегі жолға механизмдерді өндіру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Механизмдер мен көліктерді жөндеу және пайдалану бойынша шебердің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.


3-параграф «Жол көлігі басшысы»

8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;


2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8163 «Су айналымы және аналогтік жабдық қондырғылары аппаратшылары мен операторлары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жол көлігі басшысы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жол машиналарына қызмет көрсетіп жүрген бригадаға басшылық ету, орындалып жүрген жұмыстар сапасына есеп және технологиялық процесстерді сақтауды жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жол көлігі басшысының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.


4-параграф «Компрессорлық қондырғы машинисті»

9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:


1)біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8163 «Су айналымы және аналогтік жабдық қондырғылары аппаратшылары мен операторлары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: компрессорлық қондырғы машинисті;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - стационар компрессорлар мен турбокомпрессорларға қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Компрессорлық қондырғы машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.



  1. КС бірліктерінің тізімі

10. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 - 4-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.





  1. КС бірліктерінің сипаттамасы

11. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 - 6-кестелерінде келтірілген.





  1. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

12. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау мен біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификат беріледі.

13. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификаттар алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
14. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

15. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.


«Жол техникасын пайдалану және жөндеу»

кәсіби стандартына

1-қосымша


Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері


р/с


Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша разряды

1

Вагондарды пайдалану мерзімінің ұзартылуы, Вагон деполарында жоспарлы және ағымдағы жөндеулерді жүргізу

Бас механик

Бас механик (көлікте, байланыста, материалды-техникалық жабдықтау және өткізу)

6

-

2

Жол-құрылыстық қөліктер шығарылымды және техникалық-жарамды күйдегі жолға механизмдерді өндіру

Механизмдер мен көліктерді жөндеу және пайдалану бойынша шебер

Механизмдер мен көліктерді жөндеу және пайдалану бойынша шебер

5

-

3

Жол машиналарына қызмет көрсетіп жүрген бригадаға басшылық ету.Орындалып жүрген жұмыстар сапасына есеп және технологиялық процесстерді сақтау

Жол көлігі басшысы

Жолдық көліктің басшысы

5

-

4

Стационар компрессорлар мен турбокомпрессорларға қызмет көрсету

Компрессорлық қондырғының машинисті

Компрессорлық қондырғының машинисті

2-4

2-6

Ескертпе. БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 1-шығарылым, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009жылғы 30 қарашадағы № 343-ө-м бұйрығымен бекітілген.

«Жол техникасын пайдалану және жөндеу»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бас механиктің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігі ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

6

Жоғары кәсіптік, техникалық білім

2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Механизмдер мен көліктерді жөндеу және пайдалану бойынша шебердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Жол дистанциясы шеберханалары, парк

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы талаплықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Орта кәсіптік техникалық білім

Мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес

Жоғары кәсіптік техникалық білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жол көлігі басшысының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар



Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігінің ұйымдары, жол дистанциясы шеберханалары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі

Жол машинасы машинисті ретінде жұмыс өтілі

3 жылдан кем емес


4-кесте
4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Компрессорлық қондырғының машинисінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігінің ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрацияның жоғары деңгейлері, жұмыс аймағындағы ауаның жоғары тозаңдылығы

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, ұйымдағы білім не оқу)

Жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес

3

Практикалық тәжірибе,негізгі орта білім не жалпы орта білім базасындағы техникалық және кәсіптік білім

2 деңгейде 2жыл


Бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша ұйым базасындағы курстар немесе ұйымдағы оқулар

4

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім, практикалық тәжірибе

3 деңгейде 2жыл

«Жол техникасын пайдалану және жөндеу»

кәсіби стандартына

3-қосымша


КС бірліктерінің тізімі
1-кесте


  1. «Бас механик»

еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыскерлерге нұсқаулық жүргізу

2 Ф

Көлік пен механизмдердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету. Механизмдер мен жол көліктерінің, дрезиналардың сапалы жөндеуін бақылау

3 Ф

Сапалы есеп қисап жүргізу, жұмыс жоспарын әзірлеу, жұмыс жоспарын құрастыру, жөндеу жұмыстарын өндіруге келісім шарттар және тапсырыстарды рәсімдеу, жаңа механизмдерді енгізу, және теміржолдағы жұмыс тәсілдері мен әдістерін енгізуді қамтамасыз ету

2-кесте



  1. «Механизмдер мен көліктерді жөндеу және пайдалану бойынша шебері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі




Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау жұмыстарын жақсартуды ұйымдастыру, жұмыскерлерге нұсқаулық жүргізу

2 Ф

Көліктер мен механизмдердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету

3 Ф

Көлік және механизмдердің жұмысына есеп қисап, жоспарлау, қамтамасыздандыру, өнертабыстық ұсыныстарды енгізу, сұранымдар мен актілерді құру

3-кесте



  1. «Жол көлігі басшысы»

еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Жол машиналарына қызмет көрсететін бригадаға басшылық ету

2 Ф

Істеліп жүрген жұмыстардың сапасын есепке алу, машина мен механизмдердің қауіпсіз жұмасын қамтамасыз ету

3 Ф

Сапалы есеп-қисап жүргізуді қамтамасыз ету

4-кесте



  1. «Компрессорлық қондырғының машинисі»

еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Стационарлық компрессорлерге қызмет көрсету

2 Ф

Компрессорлық станцияның бүкіл жабдықтарының жұмыстарын бақылау

3 Ф

Есеп-қисапты-техникалық құжаттаманы жүргізу

Ескертпе: Ф – функция.
«Жол техникасын пайдалану және жөндеу»

кәсіби стандартына



4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет