24
Тұщы су гидробионаттарының кейбірі су бетінде кәдімгі құрылықтағыдай
сырғанапта жүреді. Мәселен, тоқтау сулар мен көлшік бетіне көңіл аударсаңыз «жүзгіш»
насекомдардың біраз өкілін көреміз. Олар – кәдімгі су қандалалары мен су қоңыздарының
өкілдері.
Құрылық - әуе тіршілік ортасы
Құрылық - әуе организмдер үшін күрделі өзгерістер үздіксіз жүріп жататын,
табиғаты сан-қилы орта. Мұнда атмосфераның газдың құрамы, ылғал, тығыздық, қысым
т.б. факторлар жиынтығы литосфера қабығымен қат-қабат байланысып жатады.
Жануарлар мен өсімдіктер құрылық-әуе кеңістігінде тіршілік етуге бейімделіп оны
толықтыра түседі. Тіршілік ортасына тән көптеген қасиеттерді байқауға болады. Мәселен,
жарықтың мол түсуі, температура ауытқуының күшті байқалуы, ауа-райының маусым мен
тәулік бойынша өзгеруі т.б. Аталған факторлардың күрделілігіне байланысты
организмдер
дүниесі
эволюциялық
даму
жолында
анатомия-морфологиялық,
физиологиялық, эталогиялық т.б. бейімделулерге мәжбүр болуы. Оттегімен демалу үшін
тыныс алу мүшелері жетіле түсті (устица, өкпе, трахея), тірек қаңқасы, қолайсыз
жағдайлардан сақтану әдістері (орын
ауыстыру, ін қазу) ұшуға бейімді жануарлар мен
құстардың жаңа түрлері пайда болды. Құрылық - әуе факторларының ішінде – ауа,
жауын-шашын, топырақ ылғалы, эко және микроклимат және географиялық белдеулер
организмдер үшін үлкен роль атқарады. Құрылық - әуе тіршілік ортасына бейімделген
организмдер. Мысалы: Ақ ләйлек, қоқизаз, бұйра бірқазан, махаон.
Топырақ – тіршілік ортасы Жер бетінде топырақ түзілу процесі – ұзаққа созылған
биогеохимиялық айналымның жемісі. Топырақтың түзілуімен байланысты жер шарының
ұсқыны да өзгереді. Яғни, жер бетін жасыл өсімдіктер әлемі басады. Одан соң топырақтың
микро және макро фаунасы қалыптасқан. Өсімдіктер мен жануарлар және өлі табиғат
арасындағы трофикалық қарым-қатынастар топырақ түзелу
процесін, оның физикалық,
химиялық және механикалық құрылымын жақсарта түсті. Мәселен, топырақтың жоғарғы
горизонтында өсімдіктерге қажетті – азаот, калий, кальций, фосфор және т.б. химиялық
элементтер жинақталады. Ал, топырақ ылғалы өн бойына оттегі, еріген тұздар, минералды
заттарды сіңіріп немесе қышқылдық ортаны қалыптастырады.
Топырақтың құнарлы қабатын түзудегі микроорганизмдер, өсімдік пен жануарлар
өкілдерінің ролін ерекше атаған жөн. Микроорганизмдер – көзге көрінбейтін ұсақ
болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Олар әртүрлі өсімдік пен жануарлардың
қалдықтарымен қоректене отырып топырақты оттегімен
және органикалық заттармен
байытады. Олардың ішінде топырақта көп кездесетіні микрофлора өкілдері –
саңырауқұлақтар, актиномицеттер мен бактериялар. Ал топрыақ микрофаунасы өкілдері
– амеба, талшықтар мен кіпікшелі қарапайымдар жыртқыш немесе паразит ретінде зат
және энергия алмасуда жүзеге асырады. Топырақ тіршілік ортасына бейімделген
организмдер: Қарапайым жәндіктер, ұсақ кенелер мен насекомдар, жауын құрты, ұлу,
шырыш, қоңыз, қырқаяқ.
Аутэкология жеке организмдер арасындағы қарым қатынастарды табиғи ортасымен
байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Кез келген тірі организм өзін айнала
қоршаған табиғи ортамен тығыз байланысты ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су,
минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әртүрлі құбылыстар.
Табиғи ортаның
компоненттері (ірі немесе ұсақ бөліктері) тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі
мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы
тиіс. Мәселен, көл бақасы үшін ылғалы мол көл жағасы оның қалыпты өрбіп-көбеюіне
қолайлы орта. Ал, қуаңшылықты дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз өмір
сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақта организм үшін табиғаттың барлық
элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте
қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін.
Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына