26
температураның төмендеуі өсімдік клеткасындағы қант т.б. органикалық заттарды
көбейте түсіп суыққа төзімділігін арттырады.
Жануарлар дүниесінде климаттың қолайсыз жағдайларына
бейімделу жолдары
өсімдіктерге қарағанда көп салалы болып келеді.Оның негізгі белгілері – жануарлардың
қысқа дайындығының қор жинау, түсінің өзгеруі, қоңдануы, мінез-құлқының өзгеруінен
көруге болады. Соның бірі – жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі. Ұйқының – қысқы және
жазғы түрлері болады.Жазғы ұйқы жоғарғы температураға тәуелді.
Жануарлардың ұйқыға кету кезеңі мен сол уақыт аралығында организмдер
денесінде түрлі физиологиялық, биохимиялық өзгерістер болады.
Қысқы ұйқыға кету
сүтқоектілер, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер және омыртқасыз т.б.
организмдер өкілдеріне тән құбылыс. Кейбіреулер қысқы ұйқы кезеңін әлсін-әлсін оянып,
тіпті активті өткізеді.Мәселен, кәдімгі біздің қоңыр аю қысқы екзеңінде дүниеге әкеледі.
Көптеген организмдер үшін көбеюдің бейімделуге қатысты қайталанудыңмаусымға
тәуелділігі байқалады.Жалпы көбеюге әсер ететін қозғаушы фактор сол ортаның жарық
режимі болып келеді.Ал,кейбір қосмекенділер,Бауырмен жорғалаушылар үшін қозғаушы
күш ылғал немесе температура болуы мүмкін.
Организмдердің тыныштық кезеңі (диапауза) әсіресе насекомдарда,өрмекші және
шаян тәрізділерде жиі білінеді.Олардың біздің жерімізде қыстық және жаздық тыныштық
кезеңін даму фазаларының әртүрлі сатысында өткізуге бейімделген.Мәселен, түт жібек
көбелктерінің қыстай жұмыртқалары, кәдімгі қарағай көбелегінің гусеницасы, ал қалақай
мен капуста көбелегінің ересектері қыстап шығады.
Жануарлар дүниесінің көптеген түрлері – ауа райының қолайсыз жағдайынан орын
ауыстыруға (миграция), ұзақ сапарлар шегуге (жыл құстары) бейімделеді.Бұл
бейімделулер көбіне – фотопериодизм құбылысына тәуелді.Орын ауыстыру ұзақ немесе
қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Олардың тәуліктік , маусымдық және жылдық түрлерін
ажыратуға болады.Ең ұзақ сапар шегетіндер құстар мен жарқанаттар. Мысалы, біздің
республикамыздың жеріне сонау тундра, қиыр шығыс аймақтарынан құстар келсе, ал
біздің құстарөз кезегінде Дерорта теңізі,Африка, Австрия, Үнді жағалауларына сапар
шегеді.Құстардың кейбіреулері осы кезеңде 400-13000 шақырымға дейін ұшатыны
анықталған.Анықтаудың бірден бір жолы – құстарға көктемде немесе күзде сақина салу.
Сол арқылы жыл құстарының қыста немесе жазда қай жерлерге баратынын дәл анықтап
отырады. Оны бүкіл дүниежүзілік орнитология ұйымы жүзеге асырады.
Организмдердің бейімделу процесіндегі ерекше құбылыстың бірі - анабиоз. Анабиоз
организмдердің бейімделу деңгеиінің ең төменгі сатысы.
Бұл кезде организмдерде
тіршілік нышанының барлық белгілері тоқталып өлім шекарасында тұрады. Оларға
негізінен өсімдік тұқымы, спора, бір клеткалы организм, колевратка, дөңгелек құрттар,
буын аяқьылардың көптеген өкілдері жатады. Мәселен, аталған организмдер анобиоз
кезінде ең төменгі -180
0
С тан төмен немесе +270
0
С жоғарғы температураны да көтеретіні
туралы ғылыми деректер бар. Организмдердің аталған
қасиеттері олардың даму
эволюциясындағы ең жоғарғы бейімделу деңгеиін көрсететін фактор екені сөссіз.
Достарыңызбен бөлісу: